Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
123 материал табылды

Аймақтар • 16 Сәуір, 2025

Қалдық та асар кәдеге...

Қызылорда облысында қоқысты өңдеп, табысқа айналдыру қауырт қолға алынып жатыр. Бұл бағытта қалдықтан құрылыс материалдарын, жиек тастар, канализация қақпақтары, қағаздар, пластикалық, шыны өнімдерін өндіру бастамалары бар.

Тарих • 15 Сәуір, 2025

Ұлт атауын қайтарған шақ

Осыдан тура бір ғасыр бұрын, дәл осы күні Ақмешіт қаласында Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің V съезі бас­талды. 1925 жылдың 15–19 сәуірі аралығында өткен съездің ең үлкен жаңалығы – ұлтымыздың тарихи атауын қайтаруы мен әр дәуір дерегінде Қамысқала, Перовск, Ақмешіт аталып келген қаланың Қызылорда аталуы болды. Тарихи шаһардың бұл атауына да биыл 100 жыл толып отыр.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2025

Кіші Арал кемеріне келсін десек...

Жуырда Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаевқа депутаттық сауал жолдады. Кіші Аралдың ертеңіне алаңдаушылық білдірген халық қалаулысы айдынды қалыпқа келтіруге 5 млрд текше метр су қажеттігін айтады. Онсыз аймақтың экономикалық, экологиялық жағдайы, халқының тыныс-тіршілігі ауырлай бермек.

Форум • 11 Сәуір, 2025

Ассамблея жастарының форумы

Қызылордада «Сыр елі – достық мекені» атты Ассамблея жастары форумы өтті. Қаладағы Достық үйінен басталған форумға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенатының депутаты Нұрия Ниязова, Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев қатысты.

Жәдігер • 10 Сәуір, 2025

Мұражайдағы ғасырлық үстел

Биыл Қызылорда қаласының ел астанасы атанғанына 100 жыл толады. Осыдан ғасыр бұрын ел байтағының Орынбордан Ақмешітке келіп орныққан кезінің куәгерлері саналатын жәдігерлер көп емес. Соның бірі – «Ұлағат» жеке мектебінің музейінен орын тепкен көне үстел.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 02 Сәуір, 2025

Атаулы жылдағы ауқымды шаралар

Биыл Қызылордада Жұмысшы мамандықтары жылына байланысты «Үздік мамандық», «Топ 100 студент», «Еңбек жолы», «Үздік ше­бер», «Парыз», «Үздік жыл жұмыс берушісі» кон­курс­тары, «НаурызФест» жұмысшы ма­мандықтары фестивалі, «Вор­лскилс» чемпионаты, «Өз ісінің шебері» байқаулары өткізіледі.

Өндіріс • 02 Сәуір, 2025

Жаңақорғанда макарон шығады

Жаңақорған ауданында кәсіпкерлік аясы жыл сайын кеңейіп, өз ісін бастағандар қатары көбейіп келеді. Осы өңірге барған сапарларымызда үйінің алдынан шағын кәсіп ашып, кейін оны үлкен іске айналдырған біраз іскердің жұмысына куә болғанбыз.

Экономика • 01 Сәуір, 2025

Қызылорданың экономикалық әлеуеті

Өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ісінде бір­қатар бастама бар. Ұзақ жылдар мұнай өндірісіне иек артып келген өңірдің экономикасын әртараптандырып, инвес­ти­циялық ахуал­ды жақсарту, жаңа өндіріс орындарын ашып, инфра­құ­ры­лым­ды дамыту бағытында кешенді шаралар қолға алынған. Бұл қа­тарда аймаққа шетелдік және отандық инвесторларды тарту ісі алдыңғы орында тұр.

Білім • 29 Наурыз, 2025

Ауылда оқушы неге азайды?

Осыдан екі-үш жыл бұрын облыс орталығындағы жаңа мектептердің біріне барғанбыз. Дәліздегі адам нөпірінен әзер жылжып отырып, басшысының кабинетін таптық. Директордың айтуынша, сол жылы мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардан 17 бірінші сынып құралыпты. Басында бұл жаңалыққа қуанғанбыз, кейіннен оның көбі ауылдан қалаға көшкендердің бала­лары­ екені еске түскенде, көңіл құлазып сала берді. Есесіне ауыл мектебінде оқитындар қатары жыл санап азайып келеді.

Аймақтар • 22 Наурыз, 2025

Тазарған өңір өнегесі

«Таза Қазақстан» акциясы облыста жыл бойы жалғасып жатты. Сенбілік сире­ген қыстың күндері мектептер мен оқу орындарында экологиялық та­ным­дық сабақтар ұйымдастырылды. Мұғалімдер «Экология – бала­лар көзі­мен» атты ашық сабақтар өткізіп, өскелең ұрпақтың қоршаған орта­ны қорғау туралы танымын кеңейтті. Шәкірттер айналаны таза ұстау­мен қатар, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу туралы да керекті мәлі­мет­тер алды.