Аймақтар • 21 Қазан, 2020
Бейнебақылау камерасының көмегі көп болып тұр
Осы жылдың 9 айында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының "102" арнасына 30 мыңнан астам қоңырау түсіп, полиция құзырына жататын 29 мыңнан астам хабарламаға қызмет көрсетілді.
Аймақтар • 21 Қазан, 2020
Гүлшара Әбдіқалықова өнер қайраткерін мерейтойымен құттықтады
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" ордені мен "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Хұсейін Әмір-Темірді қабылдады. Жүздесуде аймақ басшысы Хұсейін Жүсіпұлын мерейлі 80 жасқа толуымен құттықтап, Сыр руханиятының дамуындағы өлшеусіз еңбегін атап өтті.
Аймақтар • 21 Қазан, 2020
Кезекті отырыста көп мәселе айтылды
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына облыстық департамент және басқарма басшылары, сондай-ақ, селекторлық байланыс арқылы аудан әкімдері қатысты. Отырыста 2020-2021 жылдардағы ықтимал су тасқынының алдын алу, облыс аумағындағы эпизоотиялық ахуал мен облыстағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай және алдағы атқарылатын шаралар туралы айтылды.
Ғылым • 21 Қазан, 2020
Күріш қалдығын кәдеге жаратады
Ауыл шаруашылығы облыс экономикасындағы негізгі сала екені белгілі. Өңірдегі кәсіпорындардың көпшілігі егін шаруашылығы, оның ішінде күріш өндірісі айналасында құрылып отыр. Бірақ осы уақытқа дейін күріштің қауызы мен сабаны еш кәдеге аспай келгені тағы рас. Диқандар күзде егіс даласында қалған қалдыққа өрт қойып, одан шыққан қою түтін онсыз да экологиялық ахуалы оңып тұрмаған өңір ауасын ластап жатады. Жергілікті ғалым, химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Ұлттық инженерлік академияның корреспондент-мүшесі Нұрбол Аппазов ұзақ жылғы ізденістен кейін осы мәселенің шешімін тауыпты.
Аймақтар • 20 Қазан, 2020
Қармақшы ауданында Құтқарушылар күніне орай шара өтіп, онда аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев сала қызметкерлерін құттықтап, азаматтық қорғау органдарының бірқатар өкілдеріне марапат табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 19 Қазан, 2020
Қызылордада екі күнде 53 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды
Қызылорда қалалық Полиция басқармасы басшылығының бастамасымен қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың және өзге де құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында 15-31 қазан аралығында "Қауіпсіз қала" іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қазан, 2020
Қазанның 16-17-сі күндері карантиндік талаптарды сақтамаған 25 заң бұзушылық фактісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қазан, 2020
Қызылордада карантинге қарамастан той өткізудің 370 дерегі анықталды
Бүгінгі күні қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған қатаң шараларға қарамастан карантин режимін бұзған азаматтар саны азаяр емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қазан, 2020
Орман саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай аймақтағы бірқатар сала ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады. Аймақ басшысы облыстың экологиялық жағдайын жақсартуда орман шаруашылығының қызметі ерекше екендігін атап өтті.
Аймақтар • 16 Қазан, 2020
Қызылордада соңғы кездері алаяқтық оқиғалары тым жиілеп барады. Оны жасаушылар да, әккілердің құрығына алдымен түсетіндер де көбіне әйел адамдар болып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz