Оқиға • 18 Қыркүйек, 2020
Егісті әртараптандыруға мән берілді
Осы жылы Қазалы ауданының диқандары жалпы көлемі 17 675 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын екті. Көктемгі науқан барысында әртараптандыру бағытындағы дақылдарға ерекше мән беріліп, былтырғымен салыстырғанда биыл жаздық бидай – 140, арпа – 108, тары – 4 және жүгері 200 гектарға артық егілді. Күрішпен салыстырғанда суды мейілінше аз «ішетін» бұл дақылдар диқандарды жаздағы қуаңшылық кезінде көп қиындыққа сала қойған жоқ.
Пікір • 18 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында әр саладағы салмақты мәселелерге маңыз беріліп, негізгі бағыттар айқындалды.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2020
Жауапты маусымға жан-жақты дайындық
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының есебінше, қазір өңірде жылу беру маусымына дайындық жұмыстары тиянақталып қалды. Биыл «Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында 4 млрд теңге қаржы қаралып, жылу қазандықтары жөнделді, ұзындығы 15 шақырым болатын магистраль-ды және кварталішілік жылу желілері қайта жаңғыртылды.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2020
Жолдау аясында үйірме санын көбейту жоспарлануда
Мемлекет басшысы биылғы халыққа Жолдауында өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажеттігін айтып, "Балалар үйірмесі" қызметін қайта қалыпқа келтірудің маңыздылығын қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2020
Оқушылар қант диабеті мектебін ашуды жоспарлайды
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Әбілқайыр Ерғалиев пен Жангерей Зинелов қант диабетімен ауыратын балалар үшін өңірде арнайы мектептер құруды ұсынады. Дарындылардың бұл идеясы Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған Dostyk.kz әлеуметтік жобалар байқауында жоғары бағаланып, бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2020
Қызылордада дәрігерлер аллеясы салынуда
Қазір "Қалалық денсаулық және демалыс саябағы" деп аталатын нысан аумағы абаттандырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 15 Қыркүйек, 2020
Бабалардың ерлігі бағаланса...
Әр дәуірде талай кепті бастан кешкен қазақтың тарихында әлі де ашылмаған, қанша уақыт өтсе де бұлыңғыр тартып, белгісіз қалып келе жатқан оқиғалар көп. Мысалы, Сыр бойында Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары болған алапат аштық туралы соңғы жылдары ғана там-тұмдап айтыла бастады. Малдының да, жарлының да барын тартып алып, күштеп біріктіру саясатына қарсы шыққан Қарақұм көтерілісі де әлі күнге дейін елеусіз қалып келе жатыр. Биыл қиянатқа қарсы бас көтеріп шыққан бабалар ерлігіне тура 90 жыл толады.
Қоғам • 15 Қыркүйек, 2020
Биылғы жазда Сырдария арнасының күрт түсіп кетуі бар тіршілігін дариямен байланыстырған өңір жұртын үлкен бір алаңға салып қойғаны анық. Әрине, өзеннің қыста толып, жазда солып ағатыны көз үйренген құбылыс еді. Бірақ осы жаз бастауын дариядан алып, облыс орталығын суландырып тұрған «Сарқырама» каналы қаңсып жатты. Қала маңындағы саяжай иелері еккен бақша өнімдері де судан қалды.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2020
Өнім көлемі жылдағыдан кем болмайды
Тамыз айының соңғы онкүндігінде Сыр күрішіне орақ түсті. Қазір аймақтағы басты өнімнің 14 929 гектары орылып, жартысынан астамы бастырылды. Орташа өнім гектарына 47,7 центнерден айналуда. Мамандар болжамына сәйкес, биыл жиналатын өнім былтырғы көлемнен кем болмайды.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2020
Қызылордада жылу маусымына дайындық барысы талқыланды
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық жөніндегі облыстық штаб отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz