Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
2491 материал табылды

Форум • 18 Тамыз, 2023

Шымкентте өңірлік Азаматтық форум өтті

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Шымкент қаласында өтіп жатқан «Уақыт сынақтары және өзгерістердегі жастардың рөлі. Елдік және халықаралық жастар саясаты» атты III Азаматтық форумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спорт • 18 Тамыз, 2023

Биыл қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда 586 медаль жеңіп алды

2023 жылдың басынан бері қазақстандық спортшылар ресми халықаралық турнирлерде 586 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Жазғы спорт түрлері басқармасының жетекшісі Мұхамеджан Бекназаров айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 18 Тамыз, 2023

«Қазақстан» шахтасындағы өрт: тағы бір адамның денесі табылды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай «Қазақстан» шахтасындағы төтенше жағдай салдарынан көз жұмған тағы бір жұмысшының денесі табылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 18 Тамыз, 2023

Шахтадағы өрт: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан ауруханаға жатқызылған алты адамның жағдайы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.  

Энергетика • 17 Тамыз, 2023

Қазақстанда АЭС салынатын аумақ таңдалды

Мемлекет басшысының Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында реакторлық технологияларды таңдау бойынша бұрын жүргізілген зерттеулерді өзектендіру, атом электр станциясының қуаты мен құрылыс ауданын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша атом электр станциясы құрылысының ең қолайлы ауданы ретінде Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы таңдалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент • 17 Тамыз, 2023

Президентке CyberPol жобасының нәтижелері таныстырылды

Президентке еліміздегі криминогендік ахуал жөнінде және 30 маусымда өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Үкімет • 17 Тамыз, 2023

Үкіметте тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша кеңес өтті

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша кеңес өтті. Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшыларының орынбасарлары мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Үкімет • 17 Тамыз, 2023

Батыс өңірін электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Батыс өңірін, атап айтқанда, Маңғыстау облысын электр энергиясымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 17 Тамыз, 2023

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Иордания астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұхан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Форум • 17 Тамыз, 2023

Түркі мемлекеттерінің дүниежүзілік медициналық конгресі өтті

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бастаған қазақстандық делегация Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Дүниежүзілік Түркі медициналық конгресіне және Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің денсаулық сақтау министрлерінің кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.