Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
4625 материал табылды

Спорт • 15 Мамыр, 2024

Париж Олимпиадасы: Қоржын 51-ші жолдамамен толықты

Олимпиада жолдамасына велотректен Қазақстан құрамасы ие болды. Лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Бұл 51-ші жолдама, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зерде • 14 Мамыр, 2024

Әлемдік ғылыми-инженерлік байқауға елімізден 3 оқушы аттанды

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында 70-тен астам елдің 2 000 оқушысы арасында жүлде қоры 9 млн $ құрайтын Regeneron ISEF 2024 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік байқауы 13 мамыр күні ашылды. Оған елімізден 3 жас инженер аттанды. Қазақстан құрама мүшелері биылғы оқу жылының республикалық ғылыми жобалар конкурсы бойынша іріктелді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Құтқарушы • 14 Мамыр, 2024

Талдықорғанда төрт жасар бала құтқарылды

ТЖМ қызметкерлері Талдықорған қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде ересектердің қарауынсыз қалған баланы құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Қоғам • 14 Мамыр, 2024

Сенаторлар «Бақытты отбасы» орталығы қызметімен танысты

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палатаның бір топ депутатымен бірге әйелдерді қолдауға арналған «Бақытты отбасы» білім және ақпараттық-консультациялық орталығына барды. Орталық жетекшісі Ырза Тұрсынзада «Бақытты отбасы» бірінші кезекте көп балалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған, жұмыссыз, қиын жағдайға тап болған және жалғызбасты аналарға жан-жақты қолдау көрсететін платформа екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға • 14 Мамыр, 2024

29 жастағы боксшы жекпе-жектен кейін көз жұмды

Британ боксшысы Шериф Лаваль кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінен кейін көз жұмды. Ол 12 мамырда отандасы Малам Вареламен жұдырықтасқан еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 14 Мамыр, 2024

Классикалық шахмат: Астаналық оқушы әлем чемпионы атанды

Классикалық шахматтан оқушылар арасында Перу астанасы Лимада 2024 жылғы әлем чемпионаты өтіп, оған 26 елден 1 мың 174 жас шахматшы қатысты. Елорда әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша Астанадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейдің оқушысы Айару Алтынбек жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда, мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.

Әлем • 14 Мамыр, 2024

Ресейде жолаушыларды құтқарған қазақ жігіті марапатталды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында көпірден құлап, суға батқан автобустың жолаушыларын құтқаруға қатысқандардың барлығы марапатталған. Марапат алғанның бірі Қазақстанның тумасы Ерхан Аханов, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 14 Мамыр, 2024

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан дзюдошылары анықталды

Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында осы айдың 19-24 күндері аралығында дзюдодан өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық спорт • 13 Мамыр, 2024

Дәстүрлі садақ атудан ҚР Кубогі мәресіне жетті

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық шеңберінде Семейде дәстүрлі садақ атудан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогі аяқталды. Оған қатысқан 300-ден астам садақшы 4 түрлі нысана бойынша сайысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 13 Мамыр, 2024

Париж Паралимпиадаcы: Ел қоржынына 12-ші жолдама түсті

Венгрияның Сегед қаласында өткен пара каноэдан лицензиялық әлем чемпионатында Жаңыл Балтабаева жолдама жеңіп алды. «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау ортылығы» РМҚК баспасөз қызметі Қазақстан спортшысының 200 м қашықтықты 1:05.83 секундта бағындырып, мәреге екінші болып жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика