Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
4505 материал табылды

Спорт • 25 Қараша, 2023

Қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогінде спортшыларымыз топ жарды

Қарашаның 19-23 күндері аралығында Беларусь мемлекеті Минск қаласында қоян-қолтық ұрыс спортынан әлем кубогі өтіп, Қазақстан спортшылары жеңіс тұғырларынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz almobl_jogary_sport инстаграм арнасына сілтеме жасап.

Туризм • 25 Қараша, 2023

Қазақстан делегациясы «ШЫҰ 2023 – Туризм жылы» форумына қатысты

Қытайдың Үрімші қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы ҚХР-ның Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық ауданының Халық үкіметімен бірлесіп ұйымдастырған «ШЫҰ 2023 – Туризм жылы» атты форум өтіп, оған Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев, Қазақстанның Қытайдағы Елшісі, Алматы қаласы мен Ақмола облысы әкімдіктерінің өкілдері, отандық туроператорлар мен Қытайдағы Елшілігінің қызметкерлері қатысты. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшыларының кеңесі 2023 жылды туризм жылы деп жариялаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет • 25 Қараша, 2023

Инвестициялық ахуалды дамытуға үлес қосқан компаниялар марапатталды

Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы аясында Премьер-министр Әлихан Смайылов Шетелдік инвесторлар кеңесін және жалпы республиканың инвестициялық ахуалын дамытуға қосқан үлесі үшін компанияларға алғыс хаттар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет • 25 Қараша, 2023

Өңдеу секторын жедел дамытуға басымдық беріледі – Премьер-министр

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Онда Қазақстандағы инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту бойынша шаралар мен ұсыныстар талқыланды. Премьер-министр Қазақстан Үкіметінің алдында 2029 жылға қарай экономика көлемін $450 млрд-қа, яғни, екі есеге арттыру бойынша ауқымды міндет тұрғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұлға • 24 Қараша, 2023

Журналистика мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері талқыланған конференция ұстаз мерейтойына арналды

Бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында Журналистика және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен, Бас редакторлар клубының қолдауымен филология ғылымдарының докторы, профессор, Білім беру ісінің үздігі Сәуле Есембекқызы Тапанованың 70 жасқа толуына орай «Журналистика мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері және даму парадигмалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Оқиға • 23 Қараша, 2023

9 миллион теңгесі бар сөмкені қолына іле кеткен жолаушы ұсталды

Астана полицейлері көліктен 9 млн теңгесі бар сөмкені ұрлаған жолаушыны ұстады. Жеке такси жүргізушісі Нұра аудандық полиция басқармасына жүгініп, ішіне аталған сомадағы теңге салынған сөмкенің жоғалғанын хабарлаған, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан • 23 Қараша, 2023

Қазақстан мен Швеция ынтымақтастықты арттыруға ниетті

Шведтің бас шаһарында өткен саяси консультациялар барысында Қазақстан-Швеция ынтымақтастығына жан-жақты шолу жасалды. Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенконың Швеция Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дж.Кнуцсонмен және Бас директорының орынбасары П.Эриксонмен келіссөздері аясында басым бағыттар бойынша өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға тараптар пейіл білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 23 Қараша, 2023

Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды

Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды. Атап айтар болсақ, олар Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 23 Қараша, 2023

18 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 17 903 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 124,9 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 22 Қараша, 2023

Апаттық үйлер мәселесін шешуде кәсіпкерлерді тарту керек – депутат

Сөйлеген сөзінде апаттық үйлерде тұрып жатқан адамдардың өмірі сағат сайын, минут сайын қауіпті жағдайда екенін еске салған депутат Еділ Жаңбыршин 3 мың 402 адамның сондай үйлерде тұрып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.