Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Қостанай облысында 381 ақылды ферма құрылады

Аймақта  агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру бес  бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде алқапты жаппай өңдеуден бас тартып, қажетті телімді ғана өңдеу, ет, сүт фермаларын автоматтандыру өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Қостанайлық полицейлер митингілер туралы жаңа заңмен танысты

Қостанай облысының полиция департаментінде «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңды түсіндіруге арналған жиын өтті. Заң талаптары туралы сөз сөйлеген ПД бастығының міндетін атқарушы Нығмет Исмағұлов полицияның басты міндеті - қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету екендігіне тоқталды.  

Аймақтар • 05 Маусым, 2020

«Менің Туым» акциясы өтті

Мемлекеттік рәміздер күні мерекесі бүгінде бұқаралық сипат алып, қарапайым көпшіліктің айтулы мейрамына айналды. Мереке күні түс ауа ұйымдастырылған «Менің Туым, менің Отаным!» атты патриоттық шара аясында Қостанай қаласының орталық көшелеріне орналасқан көпқабатты он шақты үйдің терезесінен жүздеген Ту желбіреп, тұрғындар балконда тұрып Әнұран орындады.

Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Nur Otan партиясы қостанайлық боксшыларға қолдау көрсетті

Nur Otan партиясының облыстық филиалы Алматы қаласында өтетін спорттық жиынға қатыса алмай отырған жергілікті боксшыларға қаржылай көмек көрсетті. 

Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Қостанай облысында балық аулауға шыққан зейнеткер суға кетті

Федоров ауданына  қарасты Владыкин ауылының 65 жастағы тұрғыны сол маңдағы «Три девицы» деп аталатын көлге темір қайық мініп балық аулауға шыққан.

Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Қостанай облысында 4 жарым мыңға жуық мектеп түлегі аттестат алды

Биыл аймақта 192 оқушы мектеп қабырғасын «Алтын белгімен» бітіріп шықты. Бүгін облыс мектептерінде түлектердің қолына  білім аттестаттарын табыс ету рәсімі өтіп, ұстаздар қауымы үлкен өмірге аяқ басқан шәкірттерінің қадамына құт тіледі. Мәселен, Қостанайдағы №28 мектеп-гимназиясын биыл тұңғыш рет 20 оқушы тәмамдап шықты.

Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Қостанайда теректен ұшқан ұлпа өртке себеп болуда

Қостанайда соңғы бір-екі күн ішінде аптап ыстық пен құрғақ ауаның салдарынан өрт оқиғасы жиілеп кеткен. Төтенше жағдай департаментінің мамандары мұны қала көшелеріне қонған терек мамығының тұтануымен байланыстырып отыр.

Өнер • 03 Маусым, 2020

«Абай-Әйгерім» – Арқалық театрында

Әр театрдың тамырында шуақты, жарқын сәттер мен қиын-қыстау кезеңдер астасқан өзіндік қалыптасу, даму тарихы жатады. Арқалық қаласындағы қазақ жасөспірімдер театры да өз тарихында талай өткелден өтті.

Аймақтар • 02 Маусым, 2020

«Нұрлы жер» бағдарламасы: Қостанай облысында 4,2 мың пәтер салынады

Қостанай облысында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 379,3 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4,2 мың пәтер салу жоспарланған. Оның 237,1 мың шаршы метрі – көп пәтерлі тұрғын үй, 142,2 мың шаршы метрі – жеке үйлер.

Аймақтар • 02 Маусым, 2020

Қостанай облысында жолдар жөнделеді

Биыл аймақта автокөлік жолдарын жөндеуге жалпы көлемі 44,9 млрд теңге қарастырылып отыр. Мәселен, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 18,5 млрд теңге, ал «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 20,3 млрд теңге игерілмек. Сондай-ақ, «Ауыл – Елбесігі» арнайы жобасы шеңберінде 6,1 млрд теңге  қарастырылып отыр.