Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Тағы 4 адамнан індет анықталды

Жітіқара қаласында тағы төрт адамнан індет анықталды. Ресми мәлімет бойынша, науқастардың екеуі – ер адам. Бірі - 1968, екіншісі - 1990 жылы туған. Қалған екеуі – 1962 және 1989 жылғы әйел адамдар. 

Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Қостанай облысында бірінші індет жұқтырған науқас ауруханадан шықты

Тобыл қаласында 3 сәуірде госпитальға түскен әйел бүгін айығып, ауруханадан шықты, - деп хабарлады денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Жітіқара қаласында бір күн ішінде 6 адамнан індет анықталды

Бүгін сағат тілі таңғы 10-ға таяғанда  – төртеу, түскі 12-де – біреу, кешкі сағат 18-де тағы біреу. Жітіқарада бір күннің ішінде осымен алты адамнан COVID-19 індеті анықталды. Бүгін тоқтай ма, тоқтамай ма, белгісіз.

Коронавирус • 20 Сәуір, 2020

Арқалықта індетке шалдыққан әйел емханада жұмыс істеген

18 сәуірде  COVID–19 індеті анықталған әйел Арқалық қаласындағы өңірлік емхана қызметкері болып шықты. Науқас емдеу мекемесінің зертханасында жұмыс істейді екен.

Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Қостанай облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 63 жоба жүзеге асырылады

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен өткен  селекторлық кеңес барысында «Ауыл – Ел бесігі»  жобасын жүзеге асыру мәселесі қаралды. Жиын барысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина баяндама жасады.

Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Қостанай облысында бір науқас дертінен айықты

Көпшілік көптен күткен жағымды жаңалық денсаулық сақтау басқармасынан жетті.  «Тобыл қаласында 3 сәуірде госпитальға түскен әйел дертінен айықты.  Ол осы айдың басында Алматыға Мысырдан ұшып келген. Қостанайға оралған әйелді оқшаулап, госпитальға жатқызған болатын. Науқас қазір құлан-таза айықты, ертең ауруханадан шығарылуы мүмкін», - деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі. 

Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Қостанай облысында «Сәлем саған, туған ел!» онлайн жобасы басталды

Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың бастамасымен қолға алынған игі жоба үйде отырған көпшілікке түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген Тобыл-Торғай өңірінің талантты перзенттерімен Instagram әлеуметтік желісінде онлайн байланыс арқылы емен-жарқын әңгіме дүкен құруға мүмкіндік береді. 

Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Қостанай облысында індетке шалдыққан 4 адам анықталды

Қостанай облысында тағы төрт адамнан індет анықталды. Бұл туралы ақпаратты өңірлік жедел штаб өкілдері мәлімдеді.

Аймақтар • 19 Сәуір, 2020

COVID-19 Арқалыққа жетті

Қостанай облысында тағы төрт адамнан індет анықталды. Өңірлік жедел ақпарат  штабының мәліметінше, Жітіқара қаласында тұратын 1943 және 1949 жылы туған ерлі-зайыпты 2 зейнеткерден COVID-19 анықталған.

Аймақтар • 18 Сәуір, 2020

Қостанайдағы «iKomek» ахуалдық орталығына 65 мыңнан астам өтінім келіп түскен

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы «iKomek» жедел әрекет ету және мониторинг ахуалдық орталығының жұмысымен танысты. 2019 жылы ашылған орталықтың басты міндеті - қаладағы қызмет көрсету сапасы мен өмір сүру сапасын барынша арттыру.