Аймақтар • 20 Маусым, 2023
Қостанайдағы татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілдері дәстүрлі Сабантой мерекесін атап өтті. Ежелден жер ырыздығын емген диқандар науқан қарсаңында егін бітік, өнім берекелі болсын деген ниетпен тойлап келген еңбек мерекесі кейінгі жылдары мазмұнын кеңейтіп, осы өңірде тұрып жатқан сан алуан ұлттың ырыс-ынтымағын дәріптейтін шын мәніндегі достық мерекесіне айналды.
Жәдігер • 19 Маусым, 2023
Жаудың құтын қашырған күлдірмамай
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде тұрған калибрі 25 мм, салмағы 7 кило болатын ұзын мылтықты 1981 жылы И.Краснобородиков деген кісі тапсырыпты. Жанындағы кішірегі – Амангелді батырдың сенімді серігі, Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің мыңбасы сардары болған Ыбырай Атамбектің мылтығы.
Экономика • 19 Маусым, 2023
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдерімен кездесіп, Президент Жолдауында жүктелген міндеттердің жүзеге асырылу барысы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.
Қоғам • 14 Маусым, 2023
Қостанайлықтар Абай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жөнелтті. Азық-түлік, киім-кешек және тұрмыстық заттар тиелген жүк көлігін «Amanat» партиясының облыстағы өкілдері шығарып салды.
Театр • 14 Маусым, 2023
Қостанайдағы Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры жиырма үшінші маусымын «Шолпанның күнәсі» премьерасымен аяқтады. Мағжанның әйгілі шығармасын сахналаған – театрдың көркемдік жетекшісі, Тобыл өңіріндегі өнер ордасына тың ізденіс, соны серпін әкелген шебер режиссер Батырбек Шамбетов.
Дін • 14 Маусым, 2023
Қостанайда кезінде Тобыл жағалауын мекендеген Мінайдар болыс бастаған қазақ байларының қаржысына салынған Марал ишан атындағы ақ мешіттің 130 жылдық белесі аталып өтті. Дүбірлі тойға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай, өңір зиялылары, Марал ишан Құрманұлының Тобыл, Сыр өңірі мен Ташкентке тараған ұрпақтары келіп қатысты.
Жәдігер • 08 Маусым, 2023
Биыл 130 жылдығы аталып өтіп жатқан Қостанайдың Ақмешітіне Марал ишанның қайқы қылышы табыс етілді. Көне жәдігер осы күнге дейін облыс орталығындағы Смағұловтар әулетінде сақталып келген.
Оқиға • 07 Маусым, 2023
Ақжанның бірінші курсты бітірер жылы. Жазғы сессиясын кілең беспен аяқтаған бойжеткен бірден Жітіқараға жетуге асықты. Туған үйдің табалдырығын аңсап жеткен студент үй ішімен қауышып, біраз мауқын басқан соң, шаруаға кірісіп кетті. Кешкі астан соң анасына: «Ертең сиырды өзім сауайын, сіз жатып демалып алыңыз», деген.
Қоғам • 06 Маусым, 2023
Осыдан бір жарым ай бұрын Қарасу ауылында ашылған қымызхана бүгінде бүкіл Торғай өңіріне белгілі демалыс орнына айналды десек артық емес. Биыл бие байланғалы, шалғай ауылдың маңында, күре жолдың бойында тұрған қос киіз үйдің алды қонақтан құрғап көрген емес. Тіпті біраз жұрт Арқалық, Амангелдіден арнайы келіп, осы жерде шағын той-томалақтарын өткізіп кетеді.
Балалар • 04 Маусым, 2023
Қостанай қаласының сегіз шағын ауданында жазғы демалысқа шыққан балаларға арналған сахналық қойылымдар байқауы ұйымдастырылды. Игі іс-шараны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қолға алып отыр.