Аймақтар • 15 Тамыз, 2022
Қостанайдың іргесінде жатқан Заречный ауылындағы «Арғымақ» ипподромында ұлттық ат спортынан ел чемпионатының аймақтық іріктеу жарысы өтті. Дүбірлі додада Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларымен қатар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Абай облыстарынан келген сәйгүліктер бәйгеге түсті.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2022
Былтырғыдай шөп тапшылығы болмайды
Жаздың басы шөп нағыз жетілетін кезде жерге ылғал мол түскенімен, шілдеге дейін түн салқын болды. Осының салдарынан, бірқатар ауданда шабындық шөп шаруалар күткендей бойлап өсе алмай қалды. Алайда былтырғы қуаңшылыққа қарағанда, биылғы шөптің шығымы едәуір жақсы дейді мамандар.
Ахмет Байтұрсынұлы • 11 Тамыз, 2022
Сартүбек сапары Торғай тойға дайындалып жатыр
Ақпанда бір барып қайтқан едік. Араға бес ай салып алты адам ұлт ұстазының кіндік қаны тамған Жангелдин ауданын тағы бетке алып барамыз. Астымызда Volkswagen шағын көлігі. Зауыттан шыққанына ширек ғасырдан асса да, жаны сірі неміс мәшинесі әлі бабында екен. Кондиционері мен тоңазытқышына дейін қалтқысыз қызмет етіп келеді. Мақсатымыз – ұлт ұстазының 150 жылдығы қарсаңында бұрын-соңды асфальт көрмеген Ахаң ауылына апаратын күре жол мен осы жолдың бойындағы көпірлерге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, соны көру. Оның сыртында, Торғайдан тартып, Сартүбек, Ақкөл, Ахмет Байтұрсынов ауылдарында да бірталай игі істер атқарылып жатыр. Солардың аужайын барлап, аз уақыттан кейін Торғай төрінде өтетін дүбірлі тойға дайындалып жатқан елдің жағдайын білу.
Таным • 10 Тамыз, 2022
Торғай музейлері кешенінде тұрған құнды жәдігердің бірі – аласапыран заманның қиын-қыстау кезеңдерінде Алаш қайраткерлері бір-бірімен хабар-ошар алмасу барысында пайдаланған құпия белгі. Көлемі шағын болғанымен, жұмбағы ашылмай қалған талай тарихтың тылсым сырын бойына бүккен құпия белгінің бір жақ беті араб қарпімен әдіптеліп, жіңішке жібектен алқа жіп тағылған.
Қоғам • 08 Тамыз, 2022
Қостанайда өткен мәдени-танымдық іс-шара барысында қала орталығындағы Ахмет Байтұрсынұлы алаңына тігілген он шақты киіз үйде қазақтың ежелгі салт-тұрмысы мен мәдениетіне қатысты авторлық қолөнер бұйымдары мен ұлттық киім-кешек үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Қоғам • 03 Тамыз, 2022
28 мың гектар жайылымдық жер қайтарылды
Amanat партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы Қостанай облысына келді. Аймақтағы көшпелі кеңес қорытындысы бойынша мемлекет меншігіне 27,9 мың га жайылым жер қайтарылды.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2022
Тобыл өңіріндегі «Қазақ тұлпары» серіктестігінің егін алқабында ұйымдастырылған ауқымды агрокөрмеге ауылшаруашылық техникаларын құрастыратын кәсіпорындар мен егін егіп, мал баққан шаруашылық басшылары қатысты. Көрме барысында Қазақстанда құрастырылған ауылшаруашылық техникалары, асыл тұқымды Қостанай жылқылары, түрлі дәнді дақылдардың сұрыптары, агрохимиялық өнімдер мен элиталы астық тұқымдары көпшілік шаруалар назарына ұсынылды.
Қоғам • 01 Тамыз, 2022
Құбырларға күрделі жөндеу жүргізіледі
«ҚазТрансГаз» АҚ «Бұқара-Орал» газ құбыры магистралының Қарталыдан Рудныйға дейінгі 170 шақырымына жөндеу жұмыстарын жүргізе бастады. Осыған орай, 3 тамыздан бастап өңірдің барлық деңгейдегі тұтынушыларына көгілдір отын беру бірнеше аптаға тоқтады. Құбыр ауыстыру жұмыстары барысында Жітіқара, Қарабалық, Қамысты аудандары мен Рудный қаласы ғана газдан ажыратылмайды.
Қоғам • 01 Тамыз, 2022
Қостанайда таяуда ғана көпшіліктің игілігіне берілген тегін фитнес алаңы қысқа мерзім ішінде қала тұрғындары ең көп жиналатын спорт орталығына айналды. Саламатты өмір салтын ұстанған кәрі-жасқа арналған алаңға дене бұлшық еттерін дамыту жаттығуларын жасауға арналған көп функциялы 23 көше тренажері қойылған.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2022
Қостанайда 2020-2025 жылдарға арналған индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 179 млрд теңгеден асатын бес бірдей ірі жоба жүзеге асырылады. Машина жасау саласына соны серпін беретін ауқымды жобалардың нәтижесінде осы жылдың өзінде мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланып отыр.