Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Білім • 01 Сәуір, 2021

Қостанай облысында мектептер аралас оқыту түріне көшеді

Қостанай облысында 5 сәуірден бастап мектептердегі барлық сыныптар оқытудың аралас форматына көшеді. Осыған орай, індетке қарсы күрес жөніндегі өңірлік жедел штаб білім беру мекемелері санитарлық қауіпсіздік шараларының сақталуын толық қамтамасыз етуі керек деген талап қойып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 01 Сәуір, 2021

Заңсыз талап, зар илеген тұрғындар

Қостанай облысында мемлекеттік қызмет түрлерін цифрландыру нәтижесінде жергілікті атқару мекемелерінің үстінен түсетін шағымдардың бір жарым есе азайған. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі облыстық департамент өкілдері қағаз түрінде көрсетілетін қызметтердің бір жыл ішінде екі есе қысқарғанын айтып отыр. Мысалы, 2019 жылы өңірде 1 млн 94 мың қызмет қағаз түрінде көрсетілсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 592-ге дейін азайған.

Экономика • 31 Наурыз, 2021

Экспорт әлеуетін арттыратын шешім

Биыл 29 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-сұрыпты ұнды биржалық тауарлар тізімінен алып тастау туралы шешім шығарды. Президенттің ресми сайты бұл туралы «Мемлекет басшысы ұн нарығының ерекшелігін және оның экспорттық әлеуетін ескере отырып, ұнды биржалық тауарлардың тізіміне қосуға ерте деп шешті» деп жазды. Жыл басталғалы отандық диірмендердің бас ауруына айналған көкейкесті мәселенің дер кезінде оң шешім табуы ұн өндіруші кәсіпкерлерді қуантып отыр.

Экономика • 30 Наурыз, 2021

Цифрландыру шығынды азайтады

Былтыр Қостанай облысы 1 млн тонна ұн, 77 мың тонна сүт өндіріп, республикада ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және экспорттау көрсеткіші бойынша көш бастаған еді. Астықты аймақ бір жыл ішінде Қытай мен Ресейге, сондай-ақ Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріне жалпы көлемі 1 млн тонна дәнді дақыл, 800 мың тонна ұн, 10 мың тонна өсімдік майын, 8 мың тоннаға жуық сүт өнімдері мен 168 мың тонна ет экспорттады.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2021

Көнеден жеткен күнгей

Шығыс халықтары Наурыз мерекесін бес мың жылдан бері тойлап келе жатқаны туралы деректер бар. Төл мерекеміздің шығу тарихын біреулер парсы патшасы Жәмшидпен, бірі Қыдыр атамен, енді бірі Үт құбыжығымен байланыстырады.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2021

Қостанайда 17 оқушы Елбасы медалімен марапатталды

Қостанайлық оқушылар Елбасы медалімен марапатталды.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2021

Қостанайда есірткі саудасын кәсіп еткен қылмыстық топ қолға түсті

Қостанайлық полицейлер ірі көлемде есірткі саудасымен айналысып келген қылмыстық топты ұстады. Полиция мәліметінше, күдіктілерден жалпы салмағы 10 килодан астам гашиш және марихуана тәркіленіп алынған.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2021

Ізгілікке із салған

Әз-Наурыз мерекесінде Қостанай облысында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясындағы жұмыстардың ауқымы кеңейе түсті. Айдың басында бастау алған қайырымдылық шаралары өңірдің барлық аудан-қалаларында өтіп жатыр.

Аймақтар • 26 Наурыз, 2021

Асқар Мамин Қостанайдағы KIA автомобильдері өндірісін бастап берді

Қостанайда KIA автомобильдері құрастырыла бастады. Бүгін өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен «KIA Motors Россия и СНГ» ЖШҚ президенті Ким Джин Ха «СарыарқаАвтоПром» ЖШС зауытында KIA өндірістік желісінің ашылу рәсіміне қатысты.

Аймақтар • 26 Наурыз, 2021

Көрпелер көрмесі

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Қостанай қаласының тұрғыны, өңірге белгілі қолөнер шебері Райхан Рахалиева облыстық тарихи-өлкетану музейіне ұзындығы 21 метр болатын ерекше көрпені сыйға тартты.