Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2021

«Алтын микрофон» иелері анықталды

420 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанайда «Алтын микрофон» халықаралық фестивалі мәреге жетті. Байқаудың шешуші кезеңінде еліміздің әр өңірінен және алыс-жақын шет елдерден келген жас әншілер өнер көрсетті.

«Алтын микрофон» иелері анықталды

Белгілі әнші Бейбіт Сей­долла­ұлы төрағалық еткен қа­зылар алқасының құра­мына Армения, Болгария, Қыр­­ғыз­стан, Белоруссия, Украина мем­­лекеттерінің бі­лікті ма­ман­дары отырды. Олар­дың әрқайсысы өздерімен бірге енді қалыптасып келе жат­қан ең дарынды деген таң­даулы бір-екі әншіден ерте келіп, Тобыл өңіріндегі өнер байқауына қосты. Осыдан болар, биылғы «Алтын микро­фонның» деңгейі жоғары болды. Кішкентай әншілердің ара­сындағы нағыз үлкен өнер бәсекесі деуге болады.

Өнер фестивалінің ашылу салтанатына қатысқан об­лыс әкімінің орынбасары Ба­­қыт Есімова әр елден, әр өңір­­ден үміт арқалай келген жас ән­шілерге сәттілік тілеп, бұл дәс­түрлі байқаудың бәсі жо­ға­ры екенін айтты.

– Бүгінде бүкіл елге та­нылған Қостанай өңірінің таланттары осы байқаудан шың­далып шыққан. Сон­дықтан, бұл фестивальды өз нә­тижесін, жемісін берген та­ғылымды өнер мектебі деп айтуға болады. Мысалы, ке­зінде «Славян базарында» топ жарған Ернар Садырбаев осы байқаудан өсіп шыққан бала. Бүгінгі Абай атындағы мем­лекеттік ака­демиялық опера және балет театрының белді солисі Балуан Беркенов те осы «Алтын микрофон» фестивалінен өсіп шыққан әнші, – деді Б.Есімова.

Байқаудың бастапқы ке­зеңдері онлайн түрде өтті. Фи­налдық бәсекеге осы ірік­теуден өтіп, жүзден жүйрік шық­қан 41 өнерпаз қатысты. Олар жас ерекшеліктеріне қа­рай кіші, орта, ересек және кәсіпқой топ­қа бөлініп, әрқай­сысы екі-екі әннен орындап шық­ты.

Фестиваль жеңімпаздары қазылар алқасының қалауы бойынша анықталды. 7-10 жас аралығындағы балғындар ішінен Алсу Ұлтуғанова бі­рінші орынды жеңіп алды. Ал 11-13 жас аралығындағы қаты­сушылар арасынан қоста­найлық Ясмина Аюпова, 14-17 жас аралығындағы өнер­паздардың ішінен Дария Мат­веева үздік шықты.

«Кәсіпқойлар» тобы бо­йын­ша 1-орынды қостанайлық жас әнші Алмат Жаңабай жеңіп алды. 2-орынға түркия­лық Волкан Талшык лайық деп танылды. Ал Гран-При сый­лығын Нұр-Сұлтан қала­сынан келген жас дарын Аслан Амангелдиев жеңіп алды.

Биыл фестивальда Қазақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері, көп жылдар бойы осы байқауға қазылық етіп, талай таланттың жолын ашқан ком­позитор Кеңес Дүйсекеев атындағы арнайы сыйлық тағайын­далды. Тұңғыш жүл­дені Қызылорда облысынан кел­ген тағы бір талантты жас өнер­паз Ералы Ескендір иеленді.

 

ҚОСТАНАЙ

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50