Ғылым • 20 Қыркүйек, 2023
София Дасаева мен Лейла Нұрлыбаева есімді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары кезекті рет олжалы болды. Solve for tomorrow 2023 республикалық әлеуметтік жобалар байқауында екінші орынға ие болып, 2,5 млн теңге көлемінде грант алды.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2023
Балалар әдебиетін дамыту өскелең ұрпақ үшін керек. Кейінгі ұрпақтың тіл ұстартып, кітап оқуға деген құштарлығын арттыру да аса маңызды. Осы мақсатта Қарағандыда «Бүлдіршінге жыр арна» атты әдеби-байқау өтті.
Кино • 19 Қыркүйек, 2023
Қарағандыда 1 миллион теңгеге түсірілген киноның тұсауы кесілді. «Сарыжайлау» кинотеатрында «Бетпе-бет» фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті. Жаңа туындының режиссері – Қаршыға Иген.
Төтенше жағдай • 19 Қыркүйек, 2023
Биылғы жазда да орман өрті жиіледі. Қарағанды облысында орман 17 рет отқа ораныпты. Жалын шарпыған жасыл желектің жалпы аумағы – 55,71 гектар. Жергілікті мамандар жанталасып жатыр: өрттен сабақ алды, келесіде тілсіз жауға жол бермеудің мейлінше амалын қарастырады.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2023
Тағдыр сынағына алған жандарға Құдай қуатты да қоса беретіндей. Сапарбек Жақұдин көз жанарынан айырылғанымен, қайраты қайырылған жоқ. Керісінше, қайралды. Басына түскен ауыртпашылыққа сағы сынған жоқ, сабырлық танытты.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2023
Астықты алқабымен ырысы артқан Нұра ауданының орталығынан сапаржай ашылды. Енді, жолаушылар такси қызметіне жүгініп, күрежолға шығып, автобус тосып, көп кідірмейді. Маршруттар орталыққа кіріп, сапаржайға аялдайды. Кесте бойынша Астана, Қарағанды бағыттары бойынша жолға шығады. Жаңа нысанды Андрей есімді «елім» деген кәсіпкер салып берген.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2023
Қарағандылық өнертапқыш Александр Таранов Ғылым және жоғары білім министірлігінің 97,1 млн теңгелік грантын ұтып алды. Грант иегері қаржыны ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсаймын деп отыр. Ғимараттарға орнатылатын инновациялық жолаушылар пневмолифтінің тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгісін жасамақ.
Қоғам • 15 Қыркүйек, 2023
Сарыарқаның сәні болған жәрмеңке
Қарқаралы еліне құт болған Қоянды жәрмеңкесінің 175 жылдық мерейтойы дүркіреп өтті. Бұл жолғы той ас ішіп, аяқ босатумен өткен жоқ. Елдің түпкір-түпкірінен жиналған ғалымдар, тарихшылар мен өлкетанушылар келелі конференцияда бас қосты. Онымен қоса, аудан орталығында ауыл-ауыл болып, көрме ұйымдастырылды. Дәстүрлі әннің дүбірі естіліп, қара өлеңнің рухы аспандады.
Көрме • 14 Қыркүйек, 2023
Қарағандының бейнелеу өнері мұражайында Шаймардан Сариев атындағы Атырау облыстық көркем және сәндік-қолданбалы өнер музейінің көрмесі ашылды. Көрмеге жетпіс туынды қойылған.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2023
Кеше қарағандылық ардагерлер Приозерск қаласындағы «Балқаш» шипажайына жолға шықты. Онда ардагерлер демалып, тегін ем алады. Мұндай игілікті шаруаны облыс әкімдігі ұйымдастырып беріп отыр. Ардагерлер ұйымы құрылғалы алғаш рет шипажайға жолдама алып отыр.