Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
888 материал табылды

Ауыл • 24 Тамыз, 2023

Апаттан кейінгі ахуал

Жетісу жеріндегі табиғи апат елді елең қылып қойды. Қара­пайым тұрғындар күз жақындағанда баспанасынан айырылып, әлем-жәлем күйге түсті. Дегенмен облыс әкімдігі халықтың тілегін қалыс қалдырмаймыз деп отыр.

Шаруашылық • 24 Тамыз, 2023

Егін бітік шықса, ел риза

Егін бітік шықса, елдің де, егіншінің де көңілі тыныш. Қазір орағын қолға алған диқандар әбігерге түсіп жатыр. Бидайын жинап, арпасын орып, қамбасын толтыруға кірісті. Биыл күн райы құбылып, ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Дегенмен сала мамандары жылдағы нәтижеден кем түспейміз деп отыр.

Балалар • 22 Тамыз, 2023

Бақбақтыдағы Алексей

Мақаланың маңдайындағыдай – әңгіме Алексей Лех туралы. Дәл қазір Алексей басқа «Алексейлерден» бәсі биік болып тұр. Иә, мәселе – оның сөзінде. Ол неге таза қазақ­ша сөйлейді? Не себепті қазақ мектебіне барады? Мемлекеттік тілді білмегендерді мәңгүрт санайды. Оқушыға бұл сындарлы ой қайдан келді, мақсаты не? Біз бүгін соны айтамыз.

Медицина • 22 Тамыз, 2023

Жетісуда дәрігер жетіспейді

Қазір ел медицинасы қалт-құлт етіп тұр. Қалталылар шетел асып емделсе, қарапайым жұрт көр­ші елдерден шипа іздеп жүр. Өңір-өңірде білікті дәрігердің жетіс­­пейтіні – ащы шындық. Мәсе­лен, Жетісуда 365 дәрі­гердің шта­ты бос тұр, одан бөлек, 226 орта медицина қызметкері ауадай қажет. Талдықорғанның өзін­де 100-ге жуық маманның орны бос тұр.

Аймақтар • 21 Тамыз, 2023

Әжелер байқауы

Ақ кимешегімен алыстан Ала­таудай көрінетін ақ жаулық­ты әжелерімізде кешегі ата-бабаларымыздан қалған сарқыт бар. Ол ұлттың салт-дәс­түріне тамызық болар тәлім­ге толы. Мұны Жетісу төрін­де өткен «Әжелер әлемі» байқауын­да бай­­қадық.

Білім • 16 Тамыз, 2023

Азаттық әліпбиі

Балаларға арналған әдеби ең­бектер, танымдық жинақтар қашанда ұлт үшін үлкен мұ­ра. Себебі заман ағымы біз ой­ламаған кеңістікке бағыт тү­зеп барады. Ендеше, кез келген рухани кітап сау ақылдың бойтұмары. Мұны «Тәуелсіздік әліппесі» әліпбиін қарап та айтуға болады.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2023

Табиғи апат салдарымен күрес жалғасып жатыр

Жетісуда нөсерлеп құйған жауын-шашынның салдарынан бірнеше елді мекенді ағын су басып, тұрғындар әбігерге түсті. Қуанышқа орай, қаза тапқандар жоқ, жауапты мамандар жанталаса жұртты қауіпсіз жерге көшірді. Жедел штаб құрып, облыс әкімі Бейбіт Исабаев арнайы жиын өткізді. Қазір, табиғи апат сейілгенімен, жетісулықтарға әлі де сақ болған жөн.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2023

Озаттарды үкілеген «Жалын»

Қатарынан оза шапқандар қа­шанда қошеметке лайық. Әсі­ресе балаларға бұл – таптыр­мас мотивация. Келесі бір бас­палдақтың бастаухаты десе де болады. Осы ретте Ақши ауы­лындағы «Жалын» жазғы сауық­тыру лагері ресми түрде ашыл­ды. Үздік оқушыларға сый-құрмет көрсетіліп, думанды кеш ұйымдастырылды.

Руханият • 15 Тамыз, 2023

Батагөйлер байқауы

Бата – тәлім-тәрбиелік мәні айрықша, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болып келе жатқан мұра. Ал осындай құнды мұраны сақтап, өзгелерге дәріптеу ұрпақ тәрбиесінде өте маңызды. Осы ретте облыстық ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен Талдықорғандағы Ардагерлер үйінде «Батамен ел көгерер» байқауы өтті.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2023

Текелі жұрты қашан таза су ішеді?

Былтыр да бұл тақырыпты кеңінен тарқатып жазғанбыз, биыл тағы оралып отырмыз. Қаншама жылдан бері ауыз судан тарыққан жұрттың арызын ескермеген шенеуніктердің әрекеті бейқамдық секілді. Себебі өзеннен су ішіп отырған тау етегіндегі жұрт жаңбыр жауып, дауыл тұрса, лай ішуге мәжбүр. Осы түйткілге келгенде әкімдіктің ақылы жетпейді. Қыруар қаржы жұмсалғанымен, Текелі халқы жыл сайын кедергімен күресуге құмбыл.