Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
888 материал табылды

Оқиға • 16 Желтоқсан, 2022

Алаңда қаза болған қаһарман

Қазақтың қай қасіретін айтып тауысасыз. Өткенге көз салсаңыз, өзегіңіз өртенеді, жанарыңыз жасаурайды. Бізді желтоқсан желі әлі де жауратады. Тәуелсіздік құсы төбемізге келіп айнала ұшқанда, оған алақан тосқан боздақтардың қанды ғұмыры кімнің мойнында? Біздіңше, уақыт әлі өз бағасын берген жоқ. Ұлт үшін ұран көтерген балауса қыз-жігіттердің ерлігі жүрек төрінде тұр. Соның бірі – Ербол Сыпатаев. Қыршын кеткен азаматтың есімі қазақ тарихына алтын әріппен жазылары анық.

Экономика • 16 Желтоқсан, 2022

Меморандумға қол қойды

Ел экономикасының дамуына «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіптік қаласы» жобасының маңызы зор. Осы ретте Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев инвесторлармен онлайн режімде кездесті. Бұған дейін қараша айында өткен жиында қол жеткізілген келісімге сәйкес тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды.

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2022

Қар басу қаупі бар

Биыл Жетісуға қыс ерте келді. Был­тыр­ғыдай емес, қар да қа­лың, аяз да буып тұр. Жалпы, өңір аума­ғында қар басып қа­латын 24 жол учаскесі бар. Бүгінде Тө­тен­ше жағдайлар департаменті күн ра­йы­ның на­шарлауына бай­ла­нысты тұр­ғындарға алыс са­пар­ға шы­ғуға ты­йым салуда. Қыс­та қа­уіп­сіздік ережелерін сақ­тау аса маңызды.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2022

Асыл тұқымның пайдасы

Зеңгі баба төлін бағудың азабы көп болғанымен, пайдасы көл-көсір. Ерінбеген адам атакәсіпті заманға сай түрлендіріп, еңбегінің жемісін көреді. Оған мемлекет те жәрдемдесуге бейіл. Мұны жетісулық шаруалар жақсы түсінеді. Өңірде мал шаруашылығы бағытында 2 561 шаруашылық бар. Қазір олардағы ірі қара саны жарты миллионға жуық. Соның ішінде асыл тұқымды малдың саны былтырғымен салыстырғанда 12 пайызға өсті.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2022

Сапасыз ойыншықтың залалы

Дүкендегі балаларға арналған сапасыз базарлықтар әртүрлі дертке жетелеуі мүмкін. Кеденнен заңсыз өткен ойыншықтардың залалы қоғамға қауіпті. Мәселен, Жетісу облысында зерттелген ойыншықтардың 64 пайызы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейді. Демек, өңір тұрғындарының алаңдауына себеп бар. Бүгінде дәрігерлер де зар қағып отыр.

Өнер • 05 Желтоқсан, 2022

Мұқанның пианиносы

Отанға деген перзенттік борышын музыкалық аспаптардың пернесінен іздеп, мәңгілік ескерткіш орнатты. Туған жерге деген теңдесіз сезімінен саз өрбіді, көңілінде ноталар биледі. Оның киесін ұғыну, қасиетін түсіну қасіретпен пара-пар еді. Оны біз бағамдай алар ма екенбіз?! Сол сезім атаулының бәрін жүрек сүзгісінен өткізіп, сыры мен сыны кетпейтін музыка өнерінің машақатын тартқан ұлы композитордың жан азабына мына пианино куә... Сөйле, пианино!

Қоғам • 30 Қараша, 2022

Бейсен Құранбек турнирі

«Айтуға оңай», «Қарекет» токшоуы арқылы қазақтың жүрегін елжіреткен қазыналы журналист Бейсен Құранбекті еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир өтті. Талдықорған қаласында осымен үшінші рет жалауын желбіреткен дәстүрлі жарысқа әр өңірден келген сегіз команда қатысты.

Қоғам • 30 Қараша, 2022

«Qyzmet live» – халықпен кедергісіз байланыс

Биыл Жетісуда 1 076 307 мемлекеттік қызмет көрсетілген болса, оның 916 866-сы жергілікті атқарушы органдарға тиесілі. Ал орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері 159 441 рет халыққа жәрдемдескен. Бұл ретте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің белсене жұмыс істеп жатқаны байқалады.

Таным • 30 Қараша, 2022

Аққан жұлдыз ізімен

Ұлы тұлғалар уақытпен санаспайды. Қайта жыл өткен сайын жаңара һәм түрлене түседі, тереңіне одан сайын батырады. Сіз бен біз сол тұныққа бойлай аламыз ба? Мәселе сонда... Жердегі әрбір адам жұлдызға айналса зеңгір көкке сыймас еді-ау. Ай да азап шегер ме еді, кім білсін!? Содан да шығар қазақтың жұлдызы санаулы болғаны.

Өнер • 29 Қараша, 2022

Қасқыр

Ұлы суретші Марк Китли Американы сүйді, топырағына табынды, табиғатына сыйынды. Көркем өнердің конституциясын жазған Париж заңына бағынбады. Ол туған жеріне қасқырдай адал болды. Мұны тіпті бояумен де әдіптеді. Алғашқы картинасы – мәңгілік сағынышының мекені болды.