Мирас АСАН
Мирас АСАН«Egemen Qazaqstan»
128 материал табылды

Өнер • 21 Қыркүйек, 2021

Сиқырлы саз

Арқа өңірі қашаннан өнерге бай, саз қонған, сөз дарыған ардақты мекен. Ұлы даланың сан ғасыр тарихын қобыз бен домбыраның қу шанағында сарнатқан небір талант осынау өлкеден өнерге ат қосты. Әрине, сайын Сарыарқадан ескен ұлы сарындар туралы айтқанда біздің құлағымызға ұлтымыздың төл аспаптарынан төгілген қою саз бірінші болып жететіні рас. Алайда біз оркестрлердің ішіндегі ең жоғары дәрежелісі – симфониялық оркестр туралы да ұмытпауымыз керек. Өнердің күрделі бұл саласы да Арқа даласынан асқақ қарайды. Айталық, Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрі өзінің ширек ғасырдан астам тарихында талай белестерді бағындырған іргелі ұжым.

Тарих • 13 Қыркүйек, 2021

Егемендік еңселеген ескерткіштер

Ұлы даланың бай шежіресін ақтарғанда қазақ баласы аңсаған егемендіктің бастауында сонау ғұн мен сақ дәуірінен бас­тап, тіпті одан да арғы кәрі тарих кәдеге жарайды. Алаш азаттығының анық басында түбі бір түркі әлеміне аты мәшһүр алыптар шоғыры тұрғаны анық. Еңселі елдің егемен рухы оның топырағында дүниеге келіп, тағдыр айдауымен қиыр кеткен, сөйте жүріп әлемді өзіне бай ғылымымен, жауынгерлік хас шеберлігімен қарата білген кесек кемелдермен тамырлас. Тарихты тауанды тұлғалар жасайды десек, қазақ жүріп өткен сан тарау жолдың түп бастауында ұлы сахарада дүниеге келген аңыз алыптарымыздың тұрғанын көреміз. Біз бүгін сондай, сүйегі жат топырақта қалса да, сүбелі сөзі қазақ еншісіне жазылған жақсыларымызды еске алып жадымызды жаңғыртқымыз келеді.

Өнер • 12 Қыркүйек, 2021

Қарышта, қазақ киносы!

Қазақ киносы –  қазақтың өткен ғасырдан бергі сан тарау тарихын алтын қорымызға түгел таспалап, жас ұрпақты жасампаз рухта тәрбиелеп келе жатқан ел руханиятының ең үлкен тірегі. Жалпы, кино саласы, оның түрлі тармақтары кез келген мемлекеттің идеологиялық басты құралы екені шындық. Ертеңгі ұрпақ тәрбиесі экранға тікелей байланысты. Сол ретте қазақ киносы Алаш баласы жүріп өткен өнегелі жолды келешек жас буынға түрлі жанрда оң насихаттап келеді.

Кино • 25 Тамыз, 2021

Объектив сыртындағы «Өкіл әке»

Әлем назарын әлі күнге өзінен аудармай келе жатқан кинокартиналар бар. Солардың қатарында біз әлбетте Френсис Форд Копполаның «Өкіл әкесін» айтар едік. Өзектілігін әлі күнге дейін еш жоймаған шедеврді қай жағынан әңгімелесеңіз де қызық.

Әлем • 19 Тамыз, 2021

Галлен галереясы

«Жойылсын жалғыз сөз – соғыс деген...». Осы бір ғана өлең жолы бүкіл адамзаттың бар арман-тілегін арқалаған аңсарлы тіркес десек, еш қателеспеген болар едік. Шіркін, жер әлем бірер сәтке болсын бейбітшіліктің бесігінде бейқам тербеліп тұрар ма еді?

Руханият • 11 Шілде, 2021

Бекершілік

Біздің көбіміз – өмір бойы ең ғажап, ең ұлы армандарымызды күнделікті күйбең тіршіліктің шаңына көміп, тұншықтырып, ақыр соңында сол босқа өтер бекершіліктің қо­лына беріп өлтірушілерміз. Ең қорқы­ныш­тысы – сол әурешілік бара-бара адам­зат­тың негізгі өмір мәніне айналып бара жатқан. Біз тіпті өзіміздің өмірге кел­гендегі ұлы мұ­раттарымызды біржола ұмы­тып, сол бекерге өтер бос ғұмырдың тұтас­тай құрбанына айналамыз. Әрине, әр адам – индивид. Біреудің өмірін құр бекершілік деп құрдымға ысыра салудан, жалпы жер бетіндегі барлық адам бес күн жалғанды бекер сүріп жатыр деуден аулақпыз. Өзінің саналы ғұмырын ғибратты кешіп өткен ғұламалар, данышпандар көп. Дегенмен біз айтып отырған күйреуік күйдің тұзағына тұтқындалғандар үлесі бәрібір көп.

Әдебиет • 11 Шілде, 2021

Алексиевич айтқан сөз немесе интеллект пен инстинкт соғысы

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығын қашан алады деген сауал осы күні жауыр болуға айналды... Әгәрәки бұл турасында әңгіме айтыла қалған күннің өзінде самарқау ғана Әмірхан Балқыбектің «Шамарханға хатын» оқыған боларсыңнан әрі аспаймыз. Я болмаса осы күні сыйлықта сән қалды ма, мән қалды ма деп сауалдың соңын саясиландырып, енжар есінеп, тіпті бір басқа дүниелерді әңгімелеп кетуіміз ғажап емес. Әрине, бұл сауалдың жауабы бүгін-ертең табыла қоюы екіталай. Жалпы, айтпағымыз басқа. Осы тақырып ойымызға неге түскендігін айту үшін де қазақ қаламгерлерін қажап кетіп отырған жоқпыз ба?

Руханият • 30 Маусым, 2021

Қылқалам шеберлерінің қызықтары

Өнер жалпы кез келген адамның бөлшегі, тұтас табиғаттың негізгі тірегі десек қате айтпаған болар едік. Біз кейде өзімізді қоршаған айналамызды классикаларсыз еш елестете алмайтынымыз қызық. Оның өзіндік себептері де бар.

Өнер • 16 Маусым, 2021

Көнеліктерді оятқан «Көкіл»

Ұлы даланы мыңдаған жыл мекен еткен қазақ ұлысы өзі­нің тарих жолын сайын саха­ра төсіндегі тас бітіктерге ғана таң­балаған жоқ, ескі жыр-дастандар мен күй шежірелерге де аңыз ас­тар­лап, ұлт рухын бұзбай бүгінге жет­кізді. Солардың ішінде күн түбіне жортқан көшпелі жұрт­тың баға жетпес байлығы – кө­не күйлері біздің сарқылмас қазы­намыз десек болады.

Өнер • 31 Мамыр, 2021

Ажалды тік тұрып қарсы алған оркестр

Бір адамның өлімі – қасірет, миллионның өлімі – статистика деген ауыр сөздің біз кейде салмағын шын сезінбей ерсілі-қарсылы қолдана беретіндей көрінеміз. Тарих беттерін ақтарсақ жанымды алдымен өкінішке қарай, қисапсыз қырылған жазықсыз адамдардың қасіреттері мазалар еді. Адам трагедиясы ұлтқа не нәсілге бөлінбесе керек. Егер Германиядағы бір еврейдің тісі ауырса, Америкадағы бүкіл еврейдің басы ауырады деген сөздің астары әлдеқайда терең деп ойлаймыз. Бұл сөздің нақылын нәсіл айналасында шектеп қарауға келмес. Айталық Африкада аштықтан қырылған бейкүнә сәбилердің опаты біздің де қабырғамызды қайыстыруы керек.