Мирас АСАН
Мирас АСАН«Egemen Qazaqstan»
128 материал табылды

Әдебиет • 01 Наурыз, 2021

Кітап-адамдар

Кейде бізді әлдеқашан байлап-матап тастаған цифрлар цивилизациясы ең соңында әріптер әлемін жұтып барып жай табатындай крінеді. Бейнелеп айтсақ, арыстан жал жас толқындар кәрі жартасты жағасынан алғандай аласапыран уақыт. Бірін-бірі жалмап, жұтып қойғысы келіп жанталасқан технологиялар тартысы кім-кімді құрдымға сүйрелеп жатқанын біліп болмайсың. Алайда сол толқындар кәрі жартасты олардың емес, түптің-түбінде үздіксіз тамып тұрған титімдей тамшы күл-талқан қылатынын ешқашан сезбейді.

Елбасы • 25 Ақпан, 2021

Азаттық архитекторы

Биыл еліміз үшін ең қастерлі құндылық – егемендігіміздің еңсе тіктеген елеулі отыз жылына қадам бастық. Бүкіл адамзат алаңдап отырған ауыр ахуалға, планеталық пандемияға қарамастан, тұғырлы тәуелсіздігіміздің торқалы тойын өз дәрежесінде мерекелеуіміз керек.

Өнер • 23 Ақпан, 2021

Ойыншықтар

Бірде ол балалар ойнайтын серуен бақта шар ату сайысынан жұмсақ ойыншық ұтып алады. Әлдебір уақытта оның көзі ақыл-есі кемтар, жасы сегіз-тоғыздардың шамасындағы балаға түседі. Дереу қолындағы ұтып алған жұмсақ ойыншықты әлгі балаға ұстата қояды. Бала «Рахмет!» дейді. Кемтар баланың әкесі сол жерде өксіп жылап жібереді. Неге жылағанын сұрағанда: – «Баламның осы жасқа келгенше тілі шықпаған, ол ешқашан сөйлеп көрмеген болатын», дейді.

Руханият • 09 Ақпан, 2021

«Ең бірінші бақытым...»

Тоқсаныншы жылдардың тоқырауына тап келген біздің ба­ла­лық сығырайған қоңыр шам­ның қолтығында есейді. Күн­дізгі ауыл тіршілігі, қабыр­ға­сына қар қатқан суық сыныптар, қытайдың ала қабын арқалап нәпақа терген ата-аналар, бүкшеңдеп, күні бойы оттың басынан бір ұзамайтын кәрі әже, бәрі-бәрі кешкісін қою іңірдің құшағына құлайды. Жал пешті жағалай жайылған дастарқан басында шай ішіледі.

Руханият • 08 Ақпан, 2021

Өкпек жолаушылар

Біздің үй аэропортқа жақын. Төбемізден күн сайын емес, тіпті сағат сайын ұшақтар самғайды. Алғаш көшіп келгенде әлгі ұшақтардың дауысына қайта-қайта елеңдеп отыратынбыз. Бірақ кейін құлақ үйренгендік пе, сол ұшақтар мүлде ұшпай қалғандай болды... Жалпы адам табиғаты өте қызық, тылсым, жұмбақ келеді ғой. Сенгіш, ырымшыл, үмітшіл. Ойлап отырсақ, бұған дейінгі тұрған пәтеріміздің де жанынан ылғи пойыз жөңкілетін. Жаңа үйімізге көшіп келгенде бірден осыны айтып бір күлісіп алдық. Ендігі үйіміз кемелер тоқтайтын алып порттың қасында болмаса игі деп мәз болғанбыз. Рельске сарт-сұрт тиген пойыз доңғалақтары өткен сайын терезеге қарайтын едік. Айтматовша айтсақ, Оралханша ойласақ «батыстан шығысқа, шығыстан батысқа» жөңкілген жүрдек пойыздар, ұшқыр ұшақтар бізді ешқашан бейжай қалдырмайтын.

Руханият • 26 Қаңтар, 2021

Нарцисс жанарындағы айдын

Өз бейнесіне өзі ғашық сұлу Нарцисс ұзақ күнге айдынға қараумен болушы еді. Ең аяғында сол суға қатты үңіле беріп, батып өледі. Ал жағалауда оның көз жасынан өзі аттас гүл өсіп шығады. Бірақ, Оскар Уайльд бұл әңгімені басқаша баяндайды. Нарцисс қаза тапқанда, орман нимфалары айдыннан: – Сен неге жылайсың? – деп сұрайды. – Мен Нарцисті жоқтап отырмын, – дейді айдын. – Оған таң қалуға болмайды, – дейді нимфалар. – Оған ғашық емес жан жоқ, алайда оның сұлулығын ең жақыннан көрген жалғыз сен едің, – дейді. – Ал ол сұлу ма еді? – деп сұрады сонда айдын. – Бұл туралы сенен артық кім баға бере алады? – деп таң қалысады нимфалар. – Сенің жағалауыңда, сенің суыңа таң атып, кеш батқанша қарап отыратын сол емес пе еді? Айдын ұзақ уақыт үндемей, ақыры былай деп жауап береді: – Мен Нарцистің сұлу екендігін ешқашан байқамасам да, оны жоқтап жылаймын. Себебі, ол менің жағалауыма келіп, маған еңкейген сайын оның жанарының түбінен мен өзімнің әсемдігімді көретін едім, – дейді.

Таным • 12 Қаңтар, 2021

Пабло полотносынан қарасақ...

«Шар үстіндегі қыз» – әлемге әйгілі кескіндемеші Пикассоның ең танымал картиналарының бірі. Суретші өзінің осынау шедеврін 1905 жылы жазғанын білеміз. Ерекше айта кететін жайт, «Шар үстіндегі қыз» Пабло шығармашылығындағы жаңа кезеңді белгілейді. Оны зерттеушілер суретші зертханасындағы «қызғылт кезеңнің» өнімі деп атапты. Шынымен де атақты кескіндемешінің бізге белгілі басқа еңбектерінен мұндай ашық және анық контексті бірден аңғару қиын.

Руханият • 24 Желтоқсан, 2020

Шеңбер ішіндегі шарасыздық

Кейде адам сүріп жатқан өмірінің бірқалыпты, баяу, сүреңсіз, мағынасыздығынан шаршай бастайды. Тіпті бір күнің бір күніңнен айнымайтын кездерден қалай қашып құтыларыңды білмей дал боласың, жаныңды қоярға жер таба алмай түңіліп кетесің. Бір сөзбен айтқанда уақыттың тұзағына түсіп қалған бейшара қалпың шеңбер ішінен шиырлай береді, шиырлай береді...

Руханият • 21 Желтоқсан, 2020

Жас дарынға – жаңа клип

Жуырда «ХабарShow» Youtube каналында және «Хабар» телеарнасының эфирінде жас дарын, еліміздің мақ­танышы Ержан Максимнің жаңа әніне таспаланған «Қазақтың ұлдары» атты бейнебаянның тұсаукесері өтті.

Руханият • 26 Қараша, 2020

Қапастағы қарсылық

Тарихтың жадындағы жазуларды ешқандай тоталитарлық жүйе жойып жібере алмайтынын уақыт үнемі дәлелдеп келеді. Сол сияқты адам жанындағы жазуларды да өшіруге кез келген өкіметтің қауқары жеткен емес. Әрине, бұл жерде болмысы бүтін, санасы сау, бодандықтың қара қамыты миына емес, тек қыл мойнына ғана түскен жандар туралы айтып отырмыз. Әйтпесе, тәуелсіз елде өмір сүріп отырып-ақ өз ойын ашық айта алмай, біреудің қас-қабағын бағып қана қой торы күн кешіп жатқандар аз емес.