Таным • 24 Қараша, 2020
Жақыным деп тұрған адамыңыз сізді жұдырығымен бір қойса, көгерген көзіңізге мұз басқаннан басқа не істей аласыз? Өз қолыңызды өзіңіз кесесіз бе? Бәлкім тән жарасы жазылады, жақыныңызды жоғалтпаған дұрыс деп бір сәт сабырға келесіз? Қайткенде де өмірдің одан да ауыр соққылары барын ескеріп, ашуды ақылға жеңдіресіз. Ал енді тәніңізге емес, жаныңызға әлгі соққыдан мың есе жойқын жұдырық жұмсалса қайтпек керек?
Руханият • 20 Қараша, 2020
Америкалық әйгілі иллюзионист, актер Гарри Гудиниді білмейтін адам кемде-кем. Сиқыршылықтың сырын жетік білетін оның өнеріне бүкіл әлем әлі күнге дейін таңдай қағады. Тарихқа терең үңілсек, 1903 жылы жазда Мәскеуде Эрмитаж жазғы бағының ашық сахнасында Гудини тұтқындардың арбасына әдейі қамалып, одан көпшілік алдында адам сенбес әрекеттермен ешкім аша алмайтын құлыпқа кілт тауып, босап шығыпты.
Елорда • 18 Қараша, 2020
Біраздан бері Ұлттық музейіміздегі құнды жәдігерлерімізді көзіқарақты оқырманға аталған мұражайдың «Бір туынды тарихы» жобасы аясында таныстырып келеміз. Бүгінгі таңдап алынған туынды сонау кеңестік кезеңдегі елорда келбетінен сыр шертеді. Кескіндеменің авторы – қазақстандық суретші Виктор Федорович Холуев.
Руханият • 16 Қараша, 2020
Кейде аса танымал болу да өте қауіпті. Ең қиыны, сіздің ол талантыңыз не өзіңізді, не айналаңызды білдірмей жұтып, үнсіз үгітіп жатқанын ешқашан сезбеуіңіз мүмкін. Әрине, бұған сізді ешкім кінәлай алмайды. Шынымен де, өміріңізде сіз білмейтін, ешқашан танымаған адамдардың қатысты болуы, жай ғана қатысы болып қана қоймай, қасірет шегуі сізге ешқандай жауапкершілік жүктемейді. Жалпы, күніне көшеден қаншама адамды кезіктіресіз. Алайда оның барлығы сіздің тағдырыңызға қатысты адамдар деп ешкім ойламайды. Сіз де ол адамдарға ешқашан мән бермейтініңіз анық. Әрине, ар азабының алдында нағыз ақиқатпен бетпе-бет келгендегі жағдай бізге белгісіз, дегенмен сіздің өміріңізге тікелей қатысы бар адамдарды түгел тізімдеп шығу өте қиын.
Руханият • 12 Қараша, 2020
Қара құрдым – ғылымда болсын, әдебиетте болсын, кино өндірісінде дейік пе, өте көп айтылған, жан-жақты қамтылған, ауқымы аса кең терең тақырып. Жалпы, бұл тылсым түсінікке шығармашыл адам ретінде қызықпау тіпті мүмкін емес. Ең қызығы, аты айтып тұрғандай, құрдым құбылысы әуелден жойқын тартылыс күші болғандықтан ба, ерекше атауының өзі адамды біртүрлі тұңғиыққа тартып тұрады.
Руханият • 11 Қараша, 2020
Мәдениетіміздің мәйегі – сөз. Оны олпы-солпы қолдану кез келген ұлтқа ұят саналады. Оның ішінде ұлы дала төсін мыңдаған жылдар бойы мекен еткен кешегі көшпелі дала халықтары сөз мәдениетіне ерекше мән беріп қараған еді. Тіпті, өмір сүру философиясын сөзбен тікелей байланысты бағамдаған қарға тамырлы түркі жұрты үстіңдегі бөзіңе емес, алдымен аузыңдағы сөзіңнің салмағына сын артатын болған.
Таным • 10 Қараша, 2020
Сіз өзіңізді ешқандай шоудың кейіпкерімін я болмаса ешқандай қойылымның режиссерімен деп ойламайсыз ба? Не болмаса сіздің санаңыздың еркіндігіне ешкім қол сұғып жатқан жоқ па? Сіз ешкімнің қуыршағы емессіз бе? Әлде керісінше сіздің жаны бар жазықсыз қуыршақтарыңыз көп шығар? Бұл сұрақтарды біз өзімізге Труман есігінен шығып бара жатқанда, бәлкім кіріп келе жатқанда бірнеше мәрте қойған едік. Бұл фильмді көргеннен кейін сіз де осы сауалды бізге жолдауыңыз әбден мүмкін?
Әдебиет • 06 Қараша, 2020
Айбергеновтің есімі Алаш айналасына ғана емес, адамзатқа ортақ. Бұны біз Төлегеннің таңғажайып жырлары қарақалпақ тілінде кітап болып жарық көрді деген ақжолтай хабарды оқығанда ойладық.
Руханият • 06 Қараша, 2020
Сурет өнерінің ерекшелігі де сол, кейде айтар ойыңды бояулар тілінде баяндаған кескіндемешілердің шеберлігіне еріксіз тәнті боласың. Бұрынғы Целиноград, қазіргі Қараөткел, еліміздің еңселі астанасында жазылған мына бір тамаша туындыны көргенде біз осыны ойладық.
Руханият • 06 Қараша, 2020
Сарыарқаның кең сахарасы қазақы көне дәстүрлерге, тағылымы терең мәдени мұраларға, тамыры терең шежіре тарихқа, табиғаты ерекше ән мен күйге ежелден бай қоныс. «Алаш алаш болғанда, ала тай ат болғанда, таңбасыз тай, енсіз қой болғанда» осы Сарыарқада сары жұрт болды. Бұл байырғы ата мекен қазақтың әлі де қазыналы пұшпағы, қасиетті тұрағы ретінде киелі. Ұлт болмысының ұстынындай Арқа өңірін тілге тиек етсек әлбетте әуезді әндері мен қырық буын қосбасар күйлері еске түседі. Сарыжайлау даланың шетіне іліккеннен бұта түбі бозторғай ән әуелетіп, киік жосыған кең адырда күй күмбірлей бастайды.