Мирас АСАН
Мирас АСАН«Egemen Qazaqstan»
128 материал табылды

Руханият • 28 Наурыз, 2020

Жыр челенджінде жарияланған өлең әнге айналды

Бүгінде қатерлі дертке қарсы күресіп жатқан ақ желеңді абзал жандарды әлем болып қолдап отыр. Олардың әрбір ісіне демеу білдіріп, жылы сөздерін арнап жатқандар елімізде де аз емес.

Абай • 27 Наурыз, 2020

Абай әнін Айбен шырқады

Абай хакімнің өлмес өлеңдері Алашты асып, Түркия төрінде салтанат құруда. Ақын мерейтойын елімізден бөлек түркітектес халықтардың көбі атап өтіп жатыр. Мерейтойға тарту ретінде Түркияның опера әншісі Айбен Ерсой ұлы ойшылдың әнін әуелетіп, тіпті бейнебаян да түсірді. Бұл туралы газетіміздің сайтында алғаш жариялап, оқырмандарымызға Ұлыстың ұлы күні қарсаңында сүйіншілеген болатынбыз. Кейін ҚазАқпарат тілшісі, әріптесіміз Айжан Серікқызы әншімен сұхбаттасып та үлгерген екен.

Қоғам • 23 Наурыз, 2020

«Ғылымға көңіл бөлсеңіз...»

Ғылымның басты құрал екенін Әлихан Бөкейхан өзінің «Білім күші» атты мақаласында кеңінен айтады.

Қоғам • 22 Наурыз, 2020

Тұтқадағы тазалық

Заман дамып, небір технологиялар алға озған уақытта осындай ірі-ірі сауда ошақтары қашықтықтан ашылатын қақпалар орнатуын қарапайым халық талап етуіміз керек деп ойлаймыз. Бұл біріншіден тазалықты күшейтсе, екіншіден екі қолына зілдей дорба іліп жөңкіліп жатқан жұртқа көп көмек болар еді.

21 Наурыз, 2020

Көктем мені тауып алар... (Ақерке Әбдікәрім)

«Адамзаттың өмірінен әдебиетті алып тастаса, сықырлаған қару мен сыңғырлаған тиындар ғана қалады». Сол себепті де әлемді алаңдатып отырған ауыр ахуалға қарамастан бүгін дүниежүзілік поэзия күні екенін еске салғымыз келеді. Ең алыс жол – ғашықтардың бір-біріне жете алмаған жолы. Ең суық мезгіл – жақындардың арасындағы салқындық. Шайыр жүрегі осылай жырлайды. Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырған жас ақын, жаңа есім Ақерке Қаламбайқызының жүрегінен тамып түскен лағыл өлеңдер бізге осы күйді кештіргендей. Сіз де жауқазын жырларға ден қойып көріңіз. Қалам ұшында қалтыраған нәзік ойларға шомыңыз. Мархабат. Ақерке Қаламбайқызы Әбдікәрімова  1998 жылы 23 желтоқсан күні Өзбекстан республикасы, Науаи облысы, Кенимех ауданында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінің түлегі.

Қоғам • 21 Наурыз, 2020

Бас басылымда – байырғы мейрам

Наурыз – ер түрк бабаларының ежелден қалыптасқан жаңа жыл мен жаңа күнінің бастауы. Көшпелілердің көне мейрамы қанымызға жақын, жанымызға туыс, қазақы қалпымыз бен асқақ рухымызды қауыштыратын қайырлы той. Бұл – жосын мыңжылдықтардың мұрасын арқалап, бұрыннан бүгінге, бүгіннен болашаққа жан-жақты байып, кемелдене көш түзей беретін ерекше мейрам.

Әдебиет • 20 Наурыз, 2020

Мен саған сұлулық деп басымды ием

Бүгін назарларыңызға жас ақын, "Серт" кітабының авторы Жәнібек Әлиманның махаббат лирикасынан топтама ұсынып отырмыз. Ж.Әлиман газетіміздің жас журналистерге арналған 2018 жылғы бәйгесінде "Ең үздік танымдық материал" аталымы бойынша жеңімпазы атанған болатын. Жас ақынның жыларын қабыл алыңыздар.

Руханият • 20 Наурыз, 2020

Қалжыңда да қатер бар

М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Абай қаладағы жақын досы Павловқа жолығып, бұл обадан ел қалай сақтануын сұрайды. Сонда Павлов салт-дәстүр болса да, жаназаға халықты жинап, ас беруді уақытша доғара тұруды мәслихат етеді. Дәл осы сөзді жұма намазға жиналған қауымға жеткізуін Абай қала мешітінің халфесі Сармоллаға айттырады.