Парламент • 29 Маусым, 2020
Атырауда Сенат депутаттығына 5 кандидат тіркелді
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы таратқан мәліметке сүйенсек, Сенат депутаты болу үшін 5 кандидат бақ сынайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2020
Атырауда татуласу орталығының қанатқақты жобасы былтыр Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламасы аясында басталған еді. Содан бері 2 257 іс қаралып, оның ішінде 840 іс сотқа дейін шешімін тауыпты. Ал Билер кеңесі ажырасуға қатысты 200-ден астам материалды қарап, оның 200-ге жуығы татуласты. Қазір аталған орталық ұсынатын қызметтерге сұраныс артып отыр.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Карантиндік шектеулер күшейтілді
Атырауда карантиндік шектеу шаралары қайтадан күшейтілді. Неге? Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, маусым айына дейін қауіпті індетті жұқтырғандар «Теңіз» кенішіндегі мердігер компаниялардың жұмысшыларынан ғана анықталып еді. Екіншіден, Атырау қаласы мен аудандарда бұл індетке шалдыққандар көп кездеспеген болатын. Алайда маусымнан бері ахуал басқаша қалыптасып отыр.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Атырауда Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды
Полиция қызметкерлері "Қарасора-2020" жедел іс-шарасы кезінде өзбекстандық азаматты есірткімен қолға түсірді, - деп жазады Egemen.kz
Руханият • 23 Маусым, 2020
Мемлекет басшысының Жарлығымен Атырау қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Қуандық Сүйіндіков пен полиция аға лейтенанты Тимур Балмағанбетов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырушылар көбеюде
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, №2 облыстық ауруханада 200-ге жуық науқас емделіп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Атырауда КСРО Халық мұғалімі Құсиын Айтқалиев өмірден озды
Саналы ғұмырын жас ұрпақтың сапалы білім алуына арнаған білікті ұстаз Құсиын Айтқалиев биыл 90 жасқа толар еді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Атырауда 500-ден астам алаяқтық қылмыс тіркелген
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтық қылмыстардың 300-ге жуығы интернет арқылы жасалған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Маусым, 2020
Қағазда бәрі қатып тұр, алайда...
Елімізде қолға алынған маңызды жобаның бірі – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы. Былтыр Атырауда аталған бағдарламамен 28 344 адам жұмыспен қамтылып, 5 млрд теңге қаржы игерілді. Ал биыл дәл осы бағдарлама аясында 23 566 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Әрине қағазда бәрі қатып тұр. Алайда биылғы көрсеткіш көңіл көншітпейді. Неге?
Қоғам • 22 Маусым, 2020
Жұмысы бірдей, жалақысы әртүрлі...
Атыраудағы жобаларға жұмысқа тартылған шетелдік жұмысшыларға бірнеше есе көп жалақы төленетіні жасырын емес. Ал, қазақстандық мамандар олардан әлденеше аз еңбекақы алады. Бұл мәселе көптен бері қозғалып жүр. Тіпті былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге келген сапарында бұл мәселеге айрықша назар аударған еді. Содан бері жалақы айырмашылығын жою үшін не істелді?