Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2227 материал табылды

Аймақтар • 08 Мамыр, 2020

Атырау: Мақтааралға гуманитарлық көмек жеткізеді

Елдің елдігі де, ұлт болып ұйысуы да қиналған сәтте білінеді. Атыраулықтар  Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтті.

Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Атырау: Жанашыр жастар көп балалы екі отбасыға үй алып берді

Атырау қаласының маңында елді мекен көп. Жақында солардың қатарындағы Дамбы, Жаңаталап, Құрманғазы, Қызыл балық ауылдарының жанашыр жастары сегіз баласы бар отбасыға бес бөлмелі үй сатып алып беруге ұйытқы болды.

Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Атырау: Медицина және полиция қызметкерлеріне қаржылай көмек берілді

Атырауда «MEIRIM SHUAGY» акциясы аясында 130 медицина және полиция қызметкерінің әрқайсысы 50 мың теңгеден қаржылай сыйақы алды.

Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Атырау: Қоғамдық көлік әлі жүрген жоқ

Облыстық бас санитарлық дәрігер Темірбек Мұсағалиевтің қаулысымен 4 мамырдан бері   13 түрлі нысанның таңертеңгі сағат 9:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілген еді. Оның ішінде  500 шаршы метрге дейін аумағы бар азық-түлік емес дүкендер, бөлек ғимаратта орналасқан  шаштараздар, адвокаттық қызмет көрсететін компаниялар, медициналық орталықтар, стоматологиялық клиникалар, жарнама агенттіктері, ақпараттық-коммуникациялық компаниялар мен төлем қызметін көрсететін терминалдар бар.

Тағайындау • 06 Мамыр, 2020

Атырау: Денсаулық сақтау басқармасына басшының міндетін атқарушы келді

Енді бұл лауазымды Нұрлыбек Қабдықапаров атқаратын болды. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен ол  облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін  уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Атырау: Егістік алқабы бірнеше гектарға ұлғаяды

Соңғы жылдары Атырауда да егістік алқапты ұлғайтуға бет бұрылды. Былтыр 8 933 гектарға көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдар егілген еді.

Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Атырау: «Бұйырғын» кооперативі бройлер етін өндіреді

Құрманғазы ауданында бройлер етін өндіретін құс фабрикасының жұмысы жандана бастады. Осы кезге дейін жалпы көлемі 30 тоннадан асатын өнімнің төрт партиясы тұтынушыға жіберілді.

Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Атырау: Тәуелсіздік құрдастары көп балалы отбасы үшін үй салып жатыр

Жылыой ауданы – Атыраудағы өнеркәсіпті ауданның бірі. Мұнда 121 жыл бұрын Қарашүңгіл кен орнынан қазақ мұнайының алғашқы тамшысы алынған еді. Қазір бұл ауданның аумағында  көмірсутекті қорының молдығымен әлемге танымал болған Теңіз кен орны да бар.

Коронавирус • 05 Мамыр, 2020

Коронавирусты жеңген қыз

Атырауда коронавирус ин­фек­­циясынан жазылып шық­қандардың бірі – Айкөркем Кусе­сова Канаданың Ванкувер қала­сындағы Саймон Фрейзер уни­верситетінде оқиды. Жаһан жұртының үрейін ұшырған коро­навирус инфекциясына бай­ла­ныс­ты университеттегі оқу он­лайн форматқа көшіріліпті. – Содан елге оралуға жинал­дық. Университет билет алып берді. Атырауға Амстердам ар­қылы ұшатын рейспен келген бойда оқшауландық. Біздің рейстегі бір жолаушының анализінен коронавирус инфекциясы расталды. Сөйтіп, бізді де 14 күн карантинге, яғни Атыраудағы провизорлық стационарға жат­қызды. Шынымды айтсам, бас­тапқыда менде инфекция симп­томы болған жоқ. Карантинде өзімді жақсы сезініп жүрдім. Дене қызуым көтерілмеді. Ка­рантин мерзімі өткен соң, үйге барамын деген үмітім бар еді. Бірақ, дәрігерлер менен де вирустың табылғанын хабарлады, – дейді ол.   

Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Атырау: Құрылыс нысандары қатаң бақыланады

Атырау облысында салынып жатқан кейбір құрылыс нысандарының сапасы талапқа сай емес. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті.