Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1004 материал табылды

Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023

-39° градусқа дейін аяз болады – «Қазгидромет»

Желтоқсан айында ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидрометтің» болжауынша осы айда кей өңірде қар қалың түсіп,  боран соғуы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023

Халықаралық архивистер форумы өтті

Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, Астана қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңының қабылдануы мен Астана қаласының 25 жылдығына арналған «ASTANA ARCHIVE FEST» халықаралық архивистер форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 07 Желтоқсан, 2023

Ақпараттық қауіпсіздікке үстірт қарауға болмайды – Сенат депутаты

Елімізде тіркелген 83 телерадиокомпанияның 21-і республикалық деңгейде хабар тарату мүмкіндігіне ие. Оның ішінде тек 15-і ғана мультиплекске тегін еніп, хабар таратып отыр. Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдап,  ақпараттық қауіпсіздік мәселесі оңтайлы шешілмей тұрғанын, жекеменшік телеарналардың дамуына тежеу жасалып отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 07 Желтоқсан, 2023

Президент «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сүйеніп.

Сенат • 07 Желтоқсан, 2023

Сенатор: Мектептегі аспаздардың көпшілігінде кәсіби білім жоқ

Еліміздегі 7 381 мектепте оқитын оқушылардың арасында  1,5 миллионнан аса бала күнделікті мектепте тамақтанады. Ал оларға ас әзірлейтін аспаздардың көпшілігінде кәсіби білім жоқ, арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтпеген адамдар жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023

Алматыда жоғалған ер адамның мәйіті Талғардан табылды

29 қараша күні Алматыда жоғалғаны туралы  ақпарат тараған 34 жастағы азаматтың  мүрдесі Талғардан табылды,  деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сүйеніп.

Президент • 07 Желтоқсан, 2023

Президент Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев   Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сенат • 07 Желтоқсан, 2023

Электр желілері тозып тұр – депутат

Сенат отырысында депутат Советбек Медебаев Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдап,  елдегі электр желілерінің тозығы жеткенін сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Үкімет • 07 Желтоқсан, 2023

Тапсырманы атқармаса жұмыстан босатамыз – Премьер-министр

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрына (ЖБМК) қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент • 06 Желтоқсан, 2023

Президент батыс аймақты қамтамасыз етіп отырған зауыт жұмысымен танысты

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Ақтөбедегі керамогранит және қыш плиталар шығаратын зауытты аралады, деп хабарлайды  Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.