Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1004 материал табылды

Қоғам • 20 Қазан, 2023

Қазақтың тұрмысында қыз алып қашу бұрын да болған – этнограф

Тараз қаласының №2 сотының судьясы  Маңғыстау мен Ақтөбе облысының азаматтарына қыз алып қашқаны үшін жаза кесті. Жамбыл облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің таратқан мәліметі бойынша  қызды күштеп көлікке отырғызып алып қашуға қамданғандарды көрген көршілер полицияға хабарласқан. Жергілікті тәртіп сақшылары  әбжіл қимылдап  күдіктілерді ұстады.  Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша сот үкімі шығып, қыз алып қашқан азамат пен оның серігі айыпты деп танылып, 7 жылға сотталды.  Елімізде адам ұрлау фактісі ауыр қылмыс санатына жатады. Азаматтардың құқығын, бостандық пен теңдіктегі негізгі ұстанымын бұзу болып саналатын адам ұрлау қылмысын жасағандарды 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Спорт • 19 Қазан, 2023

Астанада бокстан Азия чемпионаты өтеді

Астана қаласында  21 қазан – 4 қараша аралығында   бокстан жастар және  жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz  Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Қоғам • 19 Қазан, 2023

Қытай нарығын зерттеген кәсіпкер Қазақстанда қандай зауыт ашса табысты болатынын айтты

Бақтияр Өсербекұлы – кәсіпкер.  Ол бұған дейін техникалық жөндеу орталығында (ТЖО) механик болған. Осы саланы тереңдей зерттеп өзі техникалық  жөндеу орталығын  бір қаладан ашқан.  Іздену мен еңбекті қабат өрбітіп үш жылда  жеті қаладан техникалық жөндеу орталығының санын 460-қа жеткізген.  Аз адамның күшімен орасан өнім өндіру қағидасымен еңбек ететін кәсіпкер бұл күнде  Қытайдағы шағын өндіріс орталықтарын зерттеп жүр. Жуырда осы елдің даму үдерісін бағамдап қайтқан маманмен тілдесудің сәті түсті.

Қоғам • 19 Қазан, 2023

Елдегі 8,5 миллион адамның несиелік қарызы 18 триллион теңге – депутат

Ертең  Мәжілісте «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбында Парламенттік тыңдау өтеді. Осы  тыңдауға қатысты Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев пікір білдірді,  деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 19 Қазан, 2023

Теміржолшылар зейнетке 55 жастан шығуы керек – сенатор

Теміржолшылардың  зейнеткерлік жасын 55 жасқа дейін төмендету керек. Бұл ұсынысты Геннадий Шиповских  ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 18 Қазан, 2023

Шекара бекеттері тозып тұр – депутат

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында депутат Болат Керімбек шекара бекеттерін материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі түйткілді мәселені көтеріп, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі  Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 18 Қазан, 2023

Ақын Несіпбек Айтұлын ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін Астанада Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  ақын Несіпбек Айтұлының жаназа намазы оқылып, ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.   

Қоғам • 18 Қазан, 2023

Франциядағы шенеунік қазақ қызының әкесі тері илеп, анасы мейрамханада жұмыс істейді

Этникалық қазақ Есім Сабаш Францияның Крей қаласында тұрады. Осы қала мэрінің орынбасары. Негізінен қаланың мәдениет саласына жауапты. Атажұртқа алғаш табаны тиген Францияның саяси қызметкерімен аз-кем тілдесіп, дидарласудың сәті түсті.

Президент • 18 Қазан, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бір белдеу, бір жол» 150 елді жолмен жалғап отыр

Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III форумының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Президент • 17 Қазан, 2023

Екі елдің стратегиялық байланысы талқыланды

Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен кездесті. Екі елдің стратегиялық серіктестігі талқыланған жүздесу турасында  Ли Цян пікір білдірді,  деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сүйеніп.