Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
207 материал табылды

Ғылым • 27 Маусым, 2024

Қызғалдақ – ғылым тақырыбы

Түркістан өңірінде қызғалдақтар ерте гүлдейді. Көркі көздің жауын алады. Себебі ғалымдар Голланд қызғалдағының эксклюзивті түрлерін өсіріп жатыр.

Таным • 26 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Әлем бейнесі

Отандық «Әлем бейнесі» арт-жо­басы Гиннестің рекордтар кіта­бына енген. Бұл туынды Ду­байда өткен ЭКСПО дүние­жү­зілік көрмесінде еліміздің ұлт­тық павильонында ұсынылған-тұғын.

Таным • 26 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Cүйекті сүйкімді етеді

Қарағанды облысының тұрғыны Жомарт Мәлік сүйектен түрлі құрал-сайман, тұрмыстық бұйым, ыдыс-аяқ ояды.

Таным • 25 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Жетпіс екідегі жиһанкез

«Ұлытауға бардың ба?» дейді Сәр­сенбай қария. Тек айтып қана қой­майды, туған жерінің тұмса табиғатын айтып таң қалдырады. Әңгімесін осы сұрақтан бастайтын ақсақал алты ай ішінде 8 мың шақырым жол жүріп, еліміздің 20-дан астам қаласын аралаған.

Digital • 21 Маусым, 2024

Роботтехника – алғырлар бәсекесі

Жыл сайын жаңа робот, жаңа жүйе пайда болып, барлық салаға дендеп еніп келеді. Жасанды интеллект пен құлтемірлер адам ресурстарын алмастырып жатыр. Роботтехника – бірнеше ғылымның түйіскен тұсы. Мұнда физика, математика, информатика және тіпті биология саласындағы білім қолданылады. Сәт сайын шығып жатқан жаңалықтарға үңілсек, роботтехниканы барлық салада қолдануға болатынын дамыған елдер ерте түсінді. Бұл керуенге біз де ілесе бастадық. Ендеше, еліміздің роботтехника көшіндегі хал-ахуалын бағамдап көрейік.

Қоғам • 21 Маусым, 2024

Танымды кеңейтетін комикс

Комикс – суретпен сипатталатын оқиға, ой. Мұның түр-түсі көп. Осы бір ерекше тәсіл Жапониядағы суицидті азайтты деген дерек бар. Жастар аузынан тастамай айтып жүретін кейіпкерлерді де әлемге танытқан – осы. Демек бұл – оқушылар санасына бір ойды сіңірудің таптырмас құралы. Біздің жасампаз жастар мұны әлдеқашан ұққан. Тек ұғып қана қоймай, іске кірісіп кеткен көрінеді.

Ғылым • 18 Маусым, 2024

Нанотехнологияның биігін бағындырған

Әйгілі топырақтанушы Вильямс «Ғылымда демалыс жоқ. Ғылым үшін демалыс жұмыстың өзгеруі ғана» дейді. Бұл ойды ғылымның отанына айналған АҚШ-та 20 жыл білім алып, үлкен зерттеулер жасаған Нұршат Нұражы да құптайды. Себебі ол ешқашан ізденістен танған емес. Оның нанотехнология туралы зерттеуі ғалымдар арасында құнды. Ал бұл жолы қазақ ғалымы мұнайдан өңделетін дәріні биоқалдықтан жасаймыз деп ниеттеніп отыр. Назарбаев университетінің профессоры, химия инженері Нұршат Нұражы бастаған ғалымдар тобы мұнайдан өңделетін дәрі-дәрмекті тірі ағзалардың қалдығынан алу жобасын іске асырып жатыр. Бұл зерттеу – ұтымды инженериялық шешім. Еліміздің мұнайға негізделген экономикасын әртараптандыруға үлес қосады. Ғалымның өзімен, ерекше жаңалығымен танысайық.

Таным • 15 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Сөйлейтін қолғап

Негізі өнертабыстар адам өмірін жеңілдету үшін жасалуы керек. Әлбетте, барлығы ниетке байланысты. Ал «сөйлейтін қолғап» жасап шығарған мына балалардың көңілі аппақ екен.

Таным • 14 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Алтыншы саусақ

Әлем ғалымдары «Алтыншы саусақ» деп аталатын робот жасап, жарысып жатыр. Оны қолға киюге болады.

Digital • 14 Маусым, 2024

Жүк тасымалын цифрландыру әлеуеті

Әнуар бір күні кафеде бір жобаға сайт жасап, серіктестерімен ағылшынша сөйлесіп отырады. Сол кезде қасына бір ер адам жақындап, «Жігіт, IT ма­манысың ба?» деп сұрайды. Әнуар басын изейді. Осы сәтте асфальт жол­да­рының кемшілігін анықтайтын цифрлы жүйе жасау туралы ұсыныс тү­­седі. Жол мен жүк тасымалы, теміржол мәселесін цифрландыру тың әрі ха­лыққа қажет жоба деген ой келіп, келісе кетеді. Солай елімізде «Smart System Technologies» іске қосылды. Ол жоба қаншама пайдалы стартап әкелді.