
Сараптама • 01 Ақпан, 2025
ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам
Ел қазынасы ортайып, Ұлттық қор трансфертіне мұқтаждық артты. Еселеп өскен шығынды салық түсімдері жаба алатын емес. Билік осы теңгерімсіздікті түзеу мақсатында қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін арттырамыз деп отыр. Бұл ұсыныс төңірегінде қоғамдық пікір екіге жарылды. Бірі «бизнеске қысым күшейеді» деп алаңдаса, екінші тарап «салық әділ бөлінсе, мемлекет өркендейді» дейді. Көзқарас сан алуан, ал басты сұрақ – бұл өзгерістер елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ете ала ма?
Инвестиция • 30 Қаңтар, 2025
Инвестор тартуға да икем керек
Былтыр шетелдік капитал легі 36%-ға азайған. Осы ретте Мемлекет басшысы Үкіметке шұғыл шаралар қабылдауды тапсырып, инвесторлармен жұмысты жүйелейтін Инвестициялық штаб құруға пәрмен берді. 90-жылдары қандай шартпен болса да инвестицияның келуіне мүдделі болсақ, қазір шикізатқа тәуелділіктен арылу – басты міндет.
Салық • 29 Қаңтар, 2025
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткізілген брифинг барысында қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеру жоспарына түсініктеме берді. Министрдің айтуынша, бұл өзгерістер бағаға әсер етсе де, ұзақмерзімді перспективада ел экономикасына оң серпін береді. Ол «Үкімет қосылған құн салығын 20%-ға көтеру деген шешімге әлі нақты келген жоқ» деді.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2025
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының жас ғалымы Арыстанбек Ақылбай Оксфорд университетіне танылған студент ретінде қабылданды.
Экономика • 24 Қаңтар, 2025
Салық шегерімін қалай қолданады?
Биылдан бастап елімізде салық жеңілдіктері енгізілді. Салық шегерімі бірінші кезекте көпбалалы аналар мен ипотека рәсімдеген азаматтар үшін пайдалы. Ереже қазақша жазылса да, бухгалтерияның күрделі тілін ұғу оңай болмай тұр. Осыны қарапайым тілге аударып, түсіндіріп көрмекпіз. Ол үшін кәсіби бухгалтер, салық кеңесшісін сөзге тарттық.
Қазақстан • 23 Қаңтар, 2025
Үш әуежайдың құрылысы басталды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежайдың құрылысы басталды. Жобалар ішкі туризм мен жолаушылар әуе тасымалын дамытуға бағытталған. Бұл аталған өңірлер экономикасын дамытып, туристердің келуін арттырады.
Қаржы • 22 Қаңтар, 2025
Инфляцияны 5%-дық нысаналы деңгейге төмендету мақсатында Ұлттық банк отандық алтын өндіруші кәсіпорындардан бұрын сатып алынған алтынды сату арқылы түскен долларды ішкі валюта нарығында сатуға шешім қабылдады.
Экономика • 22 Қаңтар, 2025
Мұнай-газ тәуекелі: Тығырықтан шығар жол қайсы?
Мұнай бағасының тым төмен түсуі ел бюджетіне, оның ізін ала халықтың тұрмысына әсер етпей қоймайды. Жалпы, мұнай – таусылатын ресурс. Жақын арада түгесіле қоймайды дегеннің өзінде оның бағасының түсіп кету тәуекелін ешкім жоққа шығара алмайды. Сарапшылар Д.Трамптың билікке келуі жаһандық шикізат нарығына көп өзгеріс әкелуі мүмкін деп те болжайды.
Қаржы • 21 Қаңтар, 2025
Ұлттық қор: меже мен мүмкіндік
Ұлттық қор – ел болашағының қаржылық іргетасы. Былтыр сәуірде Ұлттық банк 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманы жариялап, сол уақытқа дейін Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға жеткізу мақсатын көздеген болатын. Сол межеге жетуге бес-ақ жыл қалды, ал бүгінгі ахуалдан мұндай биікке көтерілу жолы бұлыңғыр көрінеді.
Қаржы • 18 Қаңтар, 2025
Ұлттық банктің Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені бұрынғы 15,25% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Қазір елдегі жылдық инфляция деңгейі – 8,6%. Негізгі мақсат – 5%-ға төмендету.