Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
356 материал табылды

Ипотека • 11 Желтоқсан, 2024

Жеңілдетілген ипотека: Депозит өсіп, жарна көлемі төмендейді

«Отбасы банк» жеңіл­детілген ипотекалық бағ­дарламаларға келер жылдан бастап біршама өзгеріс енгізбек. «Наурыз» бағдарламасының ипоте­ка­лық талаптары кү­шейіп, салым­шылардың депозитте жинауға тиіс қаражаты көбейеді. Сондай-ақ алғашқы жарнаны 10%-ға төмендету мәселесі кезекте тұр. Мұ­ның бәрін Үкімет отырысында «Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләз­зат Ибрагимова айтты.

«Таза Қазақстан» • 11 Желтоқсан, 2024

«ҚазМұнайГаз» «Таза Қазақстан» акциясына елеулі үлес қосты

Биыл «ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорындарымен бірге «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экоакцияға белсенді қатысып, 97 218 ағаш екті. Осылайша, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған айтулы іс-шараға компания да елеулі үлес қосып отыр.

Экономика • 07 Желтоқсан, 2024

Ілкімді жобалар ілгері оздырады

Канаданың «Hellosafe» сарап­тамалық платформасы жылды қорытындылап, 186 мемлекет­тің экономикалық өркендеу индексін ұсынды. Дүниежүзілік банк пен БҰҰ деректері негізінде жүргізілген талдауда еліміз «эко­номикалық даму индексі» рей­тингіне кірген. Индексіміз 47,36-ны құрап, Ресей, Беларусь, Қытай, Түркия, Орталық Азия елдерін басып озды.

Шаруашылық • 07 Желтоқсан, 2024

Дәнді дақыл жинаудан рекорд жасалды

Ауыл шаруашылығы – экономиканың маңызды салаларының бірі. Бүгінде халықтың 37%-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Ал осы сектордың даму деңгейі ел әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Биыл жемісті жұмыстар оң нәтижесін берді. Еліміздің диқандары дәнді дақыл жинаудан рекорд жасады.

Салық • 06 Желтоқсан, 2024

Уақыт талабынан туған құжат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында «Үкімет пен Парламентке жаңа Салық кодексінің жобасына қатысты жан-жақты талқылау жүргізуді тапсырамын. Қиын болса да, дұрыс шешім қабылдау қажет. Бұл жерде асығыстыққа жол беруге болмайды. Жаңа Салық кодексін сапалы әзірлеу үшін оны қабылдау мерзімін келесі жылға ауыстыруға болады деп санаймын», деген еді. Маңызды құжат келер жылы қабылданып, 2026 жылғы қаңтардан қолданысқа енеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы жұмыс тобының жетекшісі әрі Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев жақын­да ғана Алматыда өткен Қоғамдық палатаның көшпелі отырысында айтты.

Экономика • 06 Желтоқсан, 2024

Әлеуеті артқан әлеуметтік сала

Білім, денсаулық сақтау салаларының сапасын арттырып, азаматтарды әлеуметтік қорғауды нығайту – кез келген мемлекеттің келелі мәселесі. Елімізде осы міндеттердің шең­берінде бірқатар реформа жасалып, маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Биыл, әсіресе, әлеуметтік төлемдер мен жалақыны арттыру, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау, білім беру салаларын жаңғыртуға жіті назар аударылды. Бұған бюджеттің 52,8%-ы әлеуметтік салаға бағытталғаны дәлел.

Қоғам • 06 Желтоқсан, 2024

Жағымсыз жыл сөзі

Оксфорд университетінің тіл мамандары жыл сайын қоғамдағы маңызды өзгерістерді, трендтерді сипаттайтын сөзді анықтайды. Биыл таңдау «brain rot» (ақылдың құлдырауы) тіркесіне түскен.

Таным • 04 Желтоқсан, 2024

Ғалам ғажаптары: Чикагодағы «Тары»

Чикагоның төрінде тұрған «Тары» қазақ этно-кофеханасы аз уа­қыт­­та жергілікті халықтың көз­айымына айналды.

Экономика • 03 Желтоқсан, 2024

Өрге басқан өндіріс

Өнеркәсіп саласы еңсесін тіктегелі «Қазақстанда жасалған» деген тіркес жауһарымызға айналды. Нарықтық экономиканың елеулі элементі өндіріс екенін ұққалы, сапалы зауыттар салуға ден қойдық.  Десе де жол ортадан тоқырауға ұшырағандар көп болды. Тек сапаны серік еткендер ғана біршама белесті бағындыра алды. Соның бірі – 10 жылдан бері тасы өрге домалаған «Talas Investment Company». Зауыт жылына 15 мың тонна натрий цианидін және 5 мың тонна аммоний сульфатын өндіреді. Алыс-жақын алтын өндіруші компанияларға натрий цианидінің дайын өнімін жөнелтеді. Жамбыл облысының Талас ауданында орналасқан өнеркәсіп кешенін өз көзімізбен көріп қайттық.

Салық • 03 Желтоқсан, 2024

Салық та адалдықты талап етеді

Салық – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен қоғамдық игілігін ілгерілететін басты құрал. Азаматтардың адал төлемдері арқылы денсаулық сақтау, білім беру, инфра­құрылым сынды маңызды салалар қаржыландырылады. Алайда салық жүйесінің тиімділігі халықтың сенімі мен мемлекеттік басқарудың ашықтығына тікелей байланысты. Биыл елімізде 12,5 трлн теңгенің орнына 9 трлн теңге салық түскен. Яғни 10 айдың салық жоспары 27,6%-ға орындалмай тұр.