Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
356 материал табылды

Digital • 29 Қараша, 2024

Дауыспен ақша аудару мүмкіндігі

Алдағы уақытта дауыспен ақша аударуға болады. «Halyk Bank» ақша аударымдарын дауыспен жүзеге асыратын функция ұсынбақ. Бұл туралы банк төрағасының IT және инновациялар жөніндегі орынбасары Андрей Заварзин хабарлады.

Digital • 28 Қараша, 2024

Әмбебап әдісті әуелеткен платформа

«EdTech» кейінгі онжылдықта қарқынды дамып, әлемдік білім жүйесіне түбегейлі өзгеріс әкелді. Дәстүрлі оқу үдерісін толықтырып қана қоймай, инновациялық шешімдер ұсынды. Оның еліміздегі аяқ алысы да жаман емес. Оған бірден-бір дәлел – «Codiplay» платформасы. Жаһанның 13 еліндегі 300 мек­тепте жұмыс істеп, 750 мың оқушының IT сауатын көте­ріп жүр. 4 жыл бұрын ғана басталған кішігірім стартап, бүгін­гі күні 100 млн долларға бағаланып, 20 млн доллар инвес­ти­ция тартқан.

Қоғам • 27 Қараша, 2024

Сақтандыру: сенім мен жауапкершілік

Қазір елімізде 25 сақтандыру ұйымы бар. Оның 15-і жалпы сақтандырумен айналысады. Ал 10-ы өмірді сақтандыру саласында жұмыс істейді. Жалпы, кейінгі бес жылда сақтандыру саласы айтарлықтай өскен. Компаниялардың активтері 56%-ға ұлғайып, 1,4 трлн теңгені құрады, ал сақтандыру төлемдерінің көлемі 70%-ға артты. Соның ішінде міндетті автосақтандыру, мүлікті ерікті сақтандыру, ауырған жағдайда ерікті сақтан­дыру жетекші бағыт болып тұр.

Инфрақұрылым • 27 Қараша, 2024

Жауапкершілік пен кәсібилік салаға серпін береді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында цифрландыру саласын дамыту, сонымен қатар теміржол мен транзиттік әлеуетті арттыру мәселесі талқыланды.

Жоба • 26 Қараша, 2024

Серіктестікке серпін берген қадам

«ҚМГ» мен «Татнефть» «Қаратон Подсолевой» учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті. Атырау облысында бұрғылау жұмыстарын бастау рәсіміне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасы Асхат Хасенов және «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов, сондай-ақ ҚМГ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев қатысты.

Кәсіпкер • 22 Қараша, 2024

Кәсіпкерлік өрісін кеңейтеді

Оңтүстіккореялық экономист Ха-Джун Чанг «Барлық сұрақтарға бір ғана дұрыс жауабы бар ғылым – экономика емес. Ол – әртүрлі теориялық көзқарастар бір-бірімен бәсекелесетін, нақты жағдайларға қарай бірнеше мүмкін шешімдер ұсынылатын ғылым» дейді. Плюралистикалық тәсіл экономикалық құбылыстарды жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді. Біз де осы көзқарасқа біртіндеп келе жатқандаймыз. Себебі «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов «bottom up» моделіне жіті назар ауда­рып, палатаның жаңа тынысын ашпақшы.

Технология • 22 Қараша, 2024

Көмескі әлемнің көрінбейтін әлеуеті

Метаверс (Metaverse) – цифрлық дәуірдің жаңа кезеңдегі рәмі­зіне айналды. Онда виртуалды кеңістік, біз өмір сүріп жат­­қан ғалам мен цифрлық әлемнің әртүрлі аспектілері бірік­тірі­леді. Пайдаланушыларға бірегей байланыс, жұмыс, ойын-сауық мүмкіндіктерін ұсынады. «Meta» (бұрынғы Facebook), «Microsoft» сынды ірі корпорациялар бұл салаға миллиардтаған қаржы құйып, оны болашақтың платформасы ретінде таныстырып жүр. Бұл тек фантастика ма, әлде болашақ па?

Банк • 21 Қараша, 2024

Барлық банкке бірыңғай QR-код енгізіледі

Ұлттық банк кез келген терминалдан төлем жасауға болатын банк­ара­­лық QR төлем жүйе­сін іске қосты. Енді бар­лық банктің тер­ми­на­лы арқылы QR-кодпен тө­лем жасай аласыз. Айт­­пақшы, бұл әзір­ге қанатқақты жоба. Ұлт­тық банк (ҰБ) пен Ұлт­тық төлем корпорация­сы (ҰТК) қолға алған жоба ая­сындағы алғашқы тран­закция 15 қарашада Қазақ­стан қаржы­гер­ле­рі­нің конгресінде болды.

Таным • 15 Қараша, 2024

Құлағыңыз түрік жүрсін!

АҚШ-тағы тыйым АҚШ-та тірі адамдарды банкноттарда бейнелеуге тыйым салынған. Бұл талап 1860 жылдары пайда болды.

Теңге • 15 Қараша, 2024

Марапаты көп монета

Еліміздің коллекциялық монеталары қайталанбас дизайнымен ерекшеленеді. Ең қызығы, көркемдік шеберлігі мен жоғары сапасы үшін халықаралық беделді марапаттарға біршама рет ие болған. Олардың қатарында «Coin Constellation», «Coin of the Year», «Iaca excellence in currency awards», «Vicenza Numismatica» және басқа да марапаттар бар.