Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
356 материал табылды

Үкімет • 18 Қаңтар, 2025

Таңбалау үдерісінің тынысы ашылды

Елімізде дәріханалар мен медициналық ұйымдар арқылы 12 млн таңбаланған дәрілік зат сатылды.

Салық • 17 Қаңтар, 2025

Салық жүйесі қайтсе сапаланады?

Былтыр Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің салық жүйесін жаңғырту қажеттілігіне баса назар аударған-тұғын. Президенттің пікірінше, жаңа Салық кодексі экономиканы тұрақты дамытудың, іскерлік белсенділікті арттырудың әрі салықтық әділеттілік қағидаттарын енгізудің маңызды құралы болмақ. Одан бөлек, салық жүйесін цифрлан­дыру, жоба-жоспарын реттеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Оның ішінде жаңа Салық төлеушінің кабинеті бар.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2025

Жалақыны көбейтудің жолы қандай?

Биыл 1 қаңтарда бастап елімізде салық шегерімде­ріне қатыс­ты жаңа өзгерістер күшіне енді. Енді отандастарымыз ипотекалық несие, медициналық қызмет және білім алу шығыны аясындағы салық шегерімдерін кеңінен пайдалана алады. Бұл жаңалық салық төлеушілердің қаржылық жүктемесін азайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарта түседі.

Инфляция • 16 Қаңтар, 2025

Инфляцияны икемге келтіре аламыз ба?

Жыл басталмай жатып-ақ теңге мен доллар қатынасы қайта ушықты. Қазақстан қор биржасында сауда-саттықтың қарқынды жүруі көп нәрсені аңғартса керек. Теңге құнсыздана түссе, бұл ішкі нарықтағы баға саясатына кері әсер етпек. Сонымен қатар Ресейге қарсы санкциялардың күшеюі салдарынан рубль әлсіреп, теңгеге қысым жасауы ықтимал.

Өндіріс • 07 Қаңтар, 2025

Өрлеу жолы: ішкі өнімнің өсімі

Әлем экономикасы тұрақсыздық құрсауынан шығып, жаңа белестерді бағындыруға талпыныс жасап-ақ жатыр. Құбылмалы жағдай бізді де айналып өтпейді. Стратегиялық биіктерді бағындыру үшін жыл сайынғы өсім 6-7% деңгейінде болуы шарт. Дегенмен геосая­си текетірес, пандемияның экономикалық зардабы мен инфляция салмағы өсімді шынайы серпіліске айналдыруға кедергі келтіріп отыр. Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту әрі құрылымдық реформаларды тереңдету арқылы тұйықтан шығар жол ұсынды.

Сараптама • 01 Қаңтар, 2025

Мүмкіндігі мол уақыт

Құндылығы қым-қиғаш, үміт пен үрей арпалысқан уақытта өмір сүріп жатқаны­мыз­бен, боса­ға­мыздан аттаған жаңа жыл­­дан тек жақсылық күтетініміз анық. Атақты «The Black Swan» кіта­­бының авторы Нассым Талеб «Жүйе кез келген қателікті қайта-қайта жасайтын болса, құрдымға кетеді» дейді. Осы ойдың орамында «Біз өткен жылдан қандай сабақ алдық?» деген сұрақ туады. Былтыр экономи­­­­камыз біраз сынақты өткерді. Мүм­­­кіндігі де, тәуекелі де көп болды. «Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарыл­қасын» деген игі тілекпен, алдағы жылға арт­қан үміт пен түзген жос­парымызды саралап алсақ.

Банк • 28 Желтоқсан, 2024

Салығы мен салымы көп банктер

Биыл екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) қазынаға 700 млрд теңге салық құйған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің аудиторлық деректерінде айтылады.

Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024

Айырбастауға шағым жиілеген

Ұлттық банк 1996–2013 жылдар аралығында шығарылған қолма-қол долларға қатысты азаматтардан түсетін шағымдардың жиілеп кеткені туралы мәлімдеді. Оған себеп айырбастау бекеттерінің айырбастаудан бас тартуы екен. Ел аумағында шетел валютасы операцияларына қатысты қандай тәртіп бар?

Қаржы • 25 Желтоқсан, 2024

Елімізде зейнетақы өседі

Президент тапсырмасына сәйкес, алдағы 2 жылда зейнетақы мөлшері 1,7 есе өсуі керек. Сол себепті, мемлекет жаңа жылдан бастап төлемдерді қайта қарастырып, индексация жүргізуді жос­парлап отыр. Келер жылы зейнетақы мөлшері 8,5%-ға өспек.

Қаржы • 24 Желтоқсан, 2024

«Пошташы» жобасы баспаналы болуға бастайды

Жыл басында «Отбасы банк» АҚ мен «Қазпошта» АҚ бірлескен ортақ жобаны қолға алған еді. «Пошташы» деп аталатын бұл жоба ауылдағы ағайынға аудан немесе облыс орталығына бармай-ақ, жергілікті пошта қызметкерлерінің көмегімен депозит ашуға көмектеседі. Бүгінде аталған бастаманың игілігін көріп отырған адамдар аз емес.