Елорда • 24 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда аз қамтылған оқушыларға 34,5 мың компьютер сатып алынады
Тұрмысы төмен отбасыдан шыққан оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету үшін 6 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2020
Алматыда 55 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды
Алматы полициясында "нөлдік төзімділік" қағидаты бойынша 55 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Саясат • 24 Тамыз, 2020
Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы кейінге шегерілді
Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы жұмаға, яғни 28 тамызға ауыстырылды. Бұл туралы Бауыржан Байбек Twitter-дегі жазбасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 24 Тамыз, 2020
"Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалінің иегерлеріне 830 мың теңгеден төленеді
Биыл елордалық мұғалімдер алғаш рет "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалімен марапатталады. Медаль иелеріне 830 мың теңгеден (300 АЕК) төленеді. Бұл туралы онлайн өткен "Тамыз" кеңесінде елорда әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.
Білім • 24 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда аз қамтылған оқушыларға әлеуметтік көмек мөлшері көбейтілді
Нұр-Сұлтанда жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасынан шыққан әрбір оқушы мектеп құралдарын сатып алу үшін 40 мың теңгеден алады. Жалпы білім беру қоры аясында 17 мың балаға көмек көрсетіледі. Өткен жылмен салыстырғанда 4 мың 300 бала артық қамтылатын болады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов "Тамыз" кеңесінің онлайн отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 24 Тамыз, 2020
Елордада ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нысандары артады
Биыл Нұр-Сұлтан қаласында 12 мектеп салынады, 26 білім беру нысаны жөнделіп, инклюзивті білім беру кабинеттері ашылады. Бұл туралы "Тамыз" кеңесінің онлайн отырысында елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 24 Тамыз, 2020
42 500 теңгені 2,3 млн-нан астам қазақстандық алды
24 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша осы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 589 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 376,8 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 368,2 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Бұл туралы Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Парламент • 24 Тамыз, 2020
Мәжіліс депутаты әлеуметтік мәселелерді назарға алды
Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Алматы облысындағы "Баянкөл" шекаралық заставасына барып, шекарашылардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Әлем • 24 Тамыз, 2020
Аустрияда ұшатын таксилер сынақтан өтуде
Аустрияның Линц қаласында қоғамдық көлік жүйесі аэротаксимен, яғни әуеде ұшатын рейстік көліктермен толықтырылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 24 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысының өкімімен Мұхтар Аюбаев қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Мұхтар Аюбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.