Алмас МАНАП
Алмас МАНАП«Egemen Qazaqstan»
256 материал табылды

TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021

Грек-рим күресінен құраманың бас бапкері Олимпиаданы қорытындылады

Токиодағы Олимпиада ойындарында грек-рим күресі шеберлерінің бәсекесі аяқталды. Аталған сын Қазақстан командасы үшін сәтті өткен жоқ. Команда сапынан сынға түскен үш спортшы да бірінші айналымда ұтылды.

TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021

Төрт дүркін чемпион

Грек-рим күресінен аса ауыр салмақта өнер көрсеткен кубалық балуан Михаин Лопес Олимпиаданың төрт дүркін чемпионы атанды.

TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021

Қытайлық қандасымыз – жүлдегер

Қытай атынан Токиода бақ сынаған Уәлихан Серік (Сайликке) Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021

Бір өзі – бір мемлекет

Эмма Маккоен – Аустралияның бағына бере салған жүзгіш қызы. Бір өзі бір мемлекеттің медалін алды. Токио Олимпиадасында жүзуден 4 алтын, 3 қола жеңіп алған аустралиялық атлет бір Олимпиадада 7 медаль алған тарихтағы екінші әйел.

TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021

Рингке сүйеніп, наразылық білдірді

91 килодан жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен француз боксшысы Мұрат Әлиев Олимпиаданың ширек финалында британдық Фрейзер Кларкпен болған кездесуден кейін рингтен кетуден бас тартты.

TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021

Бақтияр Байсейітов: Жерлестерімнен кешірім сұраймын

Грек-рим күресінен де Қазақстан құрамасы үшін Токио Олимпиадасы сәтсіз аяқталды. Жарысқа шыққан үш спортшымыз да бірінші айналымда сүрінді. Осыған орай Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналистер тарапынан қойылған сауалдарға Токиодан тікелей бейнеконференция арқылы грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов жауап берді.

Спорт • 03 Тамыз, 2021

Үзілмеген үмітіміз бар әлі

Спорттық құзға өрмелеушілер алғаш рет Олимпиадаға қатысады. Отандасымыз Ришат Хайбуллин ел намысын қорғайтын жалғыз спортшы. Токиода соңғы жаттығуларын жасап жүрген жерлесіміз бүгін жарыс жолына шығады.

TOKYO2020 • 02 Тамыз, 2021

Жеңілістер жеңіске бастай ма?

Спорттың падишасы саналатын жеңіл атлетикадан медальдардың бірсыпырасы 2 тамыз күні өз иелерін тапты. Өкінішке қарай, жүлде алғандардың санатында қазақстандықтар тағы да жоқ.

TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021

Миладтың медалі қандай болады?

Спорттық гимнастикадан жалғыз өзі жеті жолдама жеңіп алған Милад Карими Олимпиаданың іріктеу сынында үш жаттығу бойынша финалға өткен болатын. Бұрнағы күні көпсайыстың ақтық сайысында сынға түскенімен, жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.  

TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021

Төртеу түгел болса...

Токио Олимпиадасына жолдама алған қазақстандық атлеттердің арасында Ольга Рыпакованың шоқтығы биік. Оны қалың оқырманға таныстырудың қажеті шамалы. Бұған дейін қатысқан Олимпиадаларда алтын (Лондон-2012), күміс (Бейжің-2008) және қола (Рио-2016) медаль еншілеген Ольга төртінші додадасына да жүлде алу үшін келгені анық.