
Мирас • 11 Сәуір, 2025
Ертеректе төрімізде жататын алашаны, тұсымыздағы тұскиізді кейінгі жылдары музейден көретін болғанбыз. Керексіз болып, қора-қопсыда жатқанын да сан байқағанбыз. Осымен жүн сабап, текемет басатын ісмердің өнері іске алғысыз болып қалады дегендей пікірлер де оқтын-оқтын айтылып қалатын. Шындығында олай емес еді. Ұмыт болып бара жатқан қаншама дәстүріміз қайта жаңғырды. Бозанбай ауылындағы Шәкерман Ошан киіз үйдің жабдығынан бастап, үйдің ішіндегі алаша-сырмаққа дейін өзі басады.
Өндіріс • 09 Сәуір, 2025
Жаңбырлатып суару машинасын шығарады
Алтай ауданының Серебрянка қаласында «Su Bereke» маркалы жаңбырлатып суару машинасын жасайтын жаңа зауыт іске қосылды. Ауыл шаруашылығына қажетті бұл машиналарды жасау жобасының құны 6 млрд теңгені құрап отыр. Жоба аудан экономикасына ғана емес, өңірдің ауыл шаруашылығы саласына тың серпін бермек.
Байқау • 03 Сәуір, 2025
Мәреге он ару шығып, міне-міне үздігі анықталады дегенше көрермендер мен жанкүйерлер тағат таппаған. Қала әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан «Өскемен аруы-2025» байқауы екі аптаға созылып, 30 наурыз күні қорытындысы шықты. Әрине, қазылар үшін ақылына көркі сай аруды анықтау оңайға соқпаған.
Өнер • 02 Сәуір, 2025
Суретші әрі дизайнер Талғат Рүстемұлының арманы – отандық көлік шығару. Айтуынша, елімізде инженерлік жағынан білімді де талантты азаматтар аз емес. Тек қолдау керек. Ол өзі жуықта жол талғамайтын көлік құрастыра бастапты. Көліктің қаңқасы шетелдік болғанымен, ұсақ-түйек әр детальді қолдан жонып, қиялына қарай дизайнын жасап жатыр.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2025
Алтай мен Сауыр баурайында әуежай құрылысы басталды
Былтыр Шығыста Бұқтырма су қоймасына көпір салынып, халықтың елу жылдан бергі арманы орындалған. Енді, міне, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті тапсырмасымен Катонқарағай мен Зайсанда халықаралық әуежай құрылысы басталды. Күні кеше Көлік министрі Марат Қарабаев Шығысқа жұмыс сапарымен келіп, құрылыс жұмыстарымен танысты.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
Күнтізбеде көктем болғанымен, Алтайдың елі бөріктерін әлі шеше қойған жоқ. Таулы аудандардағы қардың көбесі де сөгілмеген. Сірескен күйі жатыр. Оны айтып отырғаным, Бұқтырма суқоймасында мұз ойып, балық аулаудан сайыс өтті десем, біреу сенер, біреу сенбес. Иә, Самар ауданында өткен «Бұқтырма балықшы – 2025» фестивалінде 450-ден астам балықшы бақ сынасты.
Дәстүр • 20 Наурыз, 2025
Бозала таңнан тіршілігі қайнап жататын Бозанбай ауылы көгінен қай заманда да қыран құстың саңқылы кетпеген берекелі де мерекелі мекен. Бүркітшілердің жыл сайынғы дәстүрлі додасы да осы ауылдың төңірегіндегі төбеде өтеді. Сол сайыстардан кішкентай Айзере бірде-бір рет қалып көрген емес. Құсын көтеріп нөпір халықтың ортасында жүреді. Бүркітті сәнге бақпайды, сайысқа баптайды. Ең бастысы, ата дәстүрді жалғап келеді.
Өнер • 19 Наурыз, 2025
Өскеменде жұмысшы мамандықтарының жылына орай «Ғасырлық дәстүрлер» атты кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының алғашқы республикалық фестивалі өтті. Бұл – еліміздегі рухани өнердің дамуына сеп болатын үлкен іс-шара.
Айтыс • 12 Наурыз, 2025
Халық айтысқа әбден сусапты. Әйгілі жазушы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына орай Өскеменде өткен жыр додасына жиналған жұртта қисап болмады. Облыстық филармонияның 700 орындық залы лық толды. Ішке сыймаған жұрт тыста тұрып тыңдады. Көрермен қол соғып, қиқу қосқанда ақындар да арқалана түскен. Иә, бұл күні айтыс сүйер қауымның айызы бір қанды.
Әдебиет • 07 Наурыз, 2025
Уақыттың аса қымбат екенін сезінген адам әр сәтін, әр минутын құр босқа жібермеуге тырысады. Оның өзінде біреулер бар, уақытты материалдық дүниемен өлшейді, енді біреуіне жан ләззаты құнды. Ол хақында көсілсек, газеттің айқарма беті аздық етер.