Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1014 материал табылды

Аймақтар • 12 Сәуір, 2024

Қалғұты өзені арнасынан асып кетті

12 сәуірде қатты жауын-шашынның салдарынан Күршім ауданындағы Қалғұты өзенінің суы арнасынан шығып, жазық аумаққа жайылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Театр • 08 Сәуір, 2024

«Дөкейді» күткен көрермен

Көктемнің салқын кешінде өнерсүйер қауым «Дөкей келе жатыр» деп, Шығыс Қазақстан облыстық драма театрына қарай беттеген. Комедиялық қойылымның ата­уының өзі-ақ көпшілікті елең еткізді. Не туралы екенін болжасақ та, көргенше асықтық.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2024

Ендігі қатер – таудың қары

Кейбір аудандарда қарғын су екпіндеп келіп, аулаларға жайы­лып, күре жолдарға шығып кетіп, жергілікті билік өкіл­дері мен тұрғындар әбігерге түсіп жатыр. Өңірдегі қардың 70 пайызы әлі ерімегенін ескерсек, дайын­дық­ты күшейте түсу керек сияқты. Сол үшін де облыс бас­шылығы су тасқыны қаупі бар жерлерді әуеден бақылап қайтты.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2024

ШҚО-да су тасқыны қаупі бар жерлерге аэровизуалдық мониторинг жүргізілді

Бүгін, 1 сәуірде арнайы ұшақ Шығыс Қазақстанның су тасқыны қаупі бар жерлерді ұшып өтті. Мониторингті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, ШҚО ТЖ департаментінің бастығы Ерғали Бахаев және мүдделі органдар жүргізді, деп жазады Egemen.kz.

Төтенше жағдай • 01 Сәуір, 2024

Су деңгейі жіті бақылауда

Шығыс Қазақстанның бірқатар ауданына қар суы қауіп төндірді. Әйтеуір дайындықты ақпан айынан бастаған арнайы мамандар мен әкімдік өкілдері тілсіз жаудың бетін бірден қайтаруға күш салып отырды. Десе де, арқаны кеңге салу­ға әлі ерте. Сол үшін де өзенді өңірлерді облыс бас­шылығы бастаған топ әуеден бақылап қайтты.

Өнер • 31 Наурыз, 2024

Классикалық картина

Өскемендегі Өнер музейінде әйгілі суретші Әбілхан Қастеевтің жал­ғыз ғана түпнұсқа картинасы сақталған. Ол – 1969 жылы жазыл­ған «Есік көлі» деп аталатын туындысы.

Төтенше жағдай • 28 Наурыз, 2024

Сәуір тәуір болмайын деп тұр

Елді мекен ішіндегі қар еріп жатқанымен, үй-жайларға аса үлкен қауіп төндіре қоймайды. Сәуір туып, түн жылығанда ғана тау басындағы қардың көбесі сөгіледі. Негізгі қауіп сол кезде болуы мүмкін. Жер­гілікті билік өкілдері мен төтенше жағ­дай­лар департаментінің мамандары болуы ықтимал қарғын судың алдын алуға дайын. Көше-көшеге жайылған азды-көп­ті қарғын суды бұруға да атсалысып жүр.

Оқиға • 28 Наурыз, 2024

Оқылмаған хат

Әдетте тел өскен егіздер бір-бірінің қуанышын, күйініші мен сүйінішін алыста жүрсе де сезеді дейді. Бір анадан туған соң-дағы тылсым құді­рет бар шығар. Ал достар арасында мұн­дай байланыс болуы мүмкін бе? Талаптан Ахмет­жанның «Мұң» дейтін әңгімесінде нағыз достық та, мөлдір махаббат та, қазақ­тың ұмыт болып бара жатқан әмеңгерлік дәс­түрі де бейнеленген. Көркем әрі жеңіл жазылған әңгіменің құрылымы да өзгеше.

Мереке • 27 Наурыз, 2024

Айшықты мереке

Айтты-айтпады, биылғы Наурыз тойы Шығыс Қазақстанда ерекше өтті. Көрісу күнінен басталған той он күнге созылып, сән-салтанаты жарасқан халық арқа-жарқа болып мерекеледі. Күні кеше жыл басы Наурызды қарсы алған ел «Тазару күні» деп, бұлақ көзін ашысты.

Аймақтар • 23 Наурыз, 2024

Риддерліктер бұлақтың көзін ашты

Риддер қаласында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі жалғасын тауып жатыр. Бүгін тазалық күнінде риддерліктер қаладан 10 шақырым жерде орналасқан ұлттық табиғи қорық аумағындағы қалың қардың астындағы бұлақтың көзін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.