Төтенше жағдай • 28 Наурыз, 2024
Елді мекен ішіндегі қар еріп жатқанымен, үй-жайларға аса үлкен қауіп төндіре қоймайды. Сәуір туып, түн жылығанда ғана тау басындағы қардың көбесі сөгіледі. Негізгі қауіп сол кезде болуы мүмкін. Жергілікті билік өкілдері мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары болуы ықтимал қарғын судың алдын алуға дайын. Көше-көшеге жайылған азды-көпті қарғын суды бұруға да атсалысып жүр.
Оқиға • 28 Наурыз, 2024
Әдетте тел өскен егіздер бір-бірінің қуанышын, күйініші мен сүйінішін алыста жүрсе де сезеді дейді. Бір анадан туған соң-дағы тылсым құдірет бар шығар. Ал достар арасында мұндай байланыс болуы мүмкін бе? Талаптан Ахметжанның «Мұң» дейтін әңгімесінде нағыз достық та, мөлдір махаббат та, қазақтың ұмыт болып бара жатқан әмеңгерлік дәстүрі де бейнеленген. Көркем әрі жеңіл жазылған әңгіменің құрылымы да өзгеше.
Төтенше жағдай • 28 Наурыз, 2024
Аягөз ауданындағы төтенше жағдай
Күн жылынғалы Абай облысының бірқатар ауданында қарғын су қаупі төніп тұрғаны жасырын емес. Бұған дейін алдын алу жұмыстары жүргізілгенімен, тілсіз жаудың қай тұстан соққы берері белгісіз еді.
Мереке • 27 Наурыз, 2024
Айтты-айтпады, биылғы Наурыз тойы Шығыс Қазақстанда ерекше өтті. Көрісу күнінен басталған той он күнге созылып, сән-салтанаты жарасқан халық арқа-жарқа болып мерекеледі. Күні кеше жыл басы Наурызды қарсы алған ел «Тазару күні» деп, бұлақ көзін ашысты.
Аймақтар • 23 Наурыз, 2024
Риддерліктер бұлақтың көзін ашты
Риддер қаласында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі жалғасын тауып жатыр. Бүгін тазалық күнінде риддерліктер қаладан 10 шақырым жерде орналасқан ұлттық табиғи қорық аумағындағы қалың қардың астындағы бұлақтың көзін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2024
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Журналистер одағының Шығыстағы филиалы өкілдерінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында садақ атудан ашық турнир өтті. Облыс орталығында өткен жарысқа елуден аса журналист қатысты.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2024
Қыс соңына қарай қалың түскен қар кейбір өңірлерге қауіп төндіріп тұр. Сондықтан облыста болуы мүмкін қарғын судың алдын алу үшін жұмыстар жан-жақты жүргізіліп жатыр. Тасқынға тосқын қою жұмыстары туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы жөніндегі бөлім бастығы Еркен Сәрсембинов баяндады.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2024
Сықыр етіп ашылған сыртқы есіктен суық ауа жер бауырлай аяқтың астына қарай шапшыды. Күнтізбеде көктем парағы ашылғанымен, Төсқайыңда сары аяз сақылдап тұр, 33-35 градус. Есікті шалқалай ашып, алшаңдай басып кірген қияқ мұртты, орта бойлы ақсақал «корреспондент жолдас осында ма?» деп дауыстады. Таңғы шайға жайғасқанымыз сол, атып тұра қос қолдап амандастым. Өзімді сонау облыс орталығынан, республиканың бас газетінен келгенімді айтып, таныстырдым. «Олай болса жинал, кеттік Шанағатыға» деп асықтырды. Тегі, кеше аудан әкімі тапсырып қойса керек...
Халық • 17 Наурыз, 2024
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында 17 наурыз Шаңырақ күні болып белгіленген. Осы күні Тарбағатай ауданында «Алтын шаңырақ, күміс кереге» атты салтанатты іс-шара өтіп, үлгілі отбасылар қатысты. Шаңырақ көтергендеріне 40-50 жыл болған данагөй ақсақалдар, ақжаулықты аналар көпшіліктің қолдау қошеметіне бөленді.
Басылым • 11 Наурыз, 2024
Жазушының шеберлігін айтамын да, бір ғана «кеш» сөзінің астарында оқырманға салған үш түрлі пәлсапалық ой бар сияқты көрінді. Кеш. Ерсайын деген ақын азаматты еске алу кеші өткен. Кеш деп, әйелі Сәбира өмірден қайтқан күйеуінен кешірім сұрағандай егіліп жылаған, өткенді ойлап өкінген. Алайда бәрі кеш еді. Кеш.