Туризм • 25 Шілде, 2022
Туристік-ақпараттық орталық құрылады
Осы уақытқа дейін қадіріне, қасиетіне жете алмай жүрген көрікті жерлерімізді соңғы жылдары шынайы бағалай бастадық. Әлемді коронавирус дей-тұғын дерт жайлағалы, шекараларға шектеу қойылып, өз елімізді аралап кеттік. Сөйтіп, шетелге бергісіз әсем өлкемізді жақын тани түстік. Ішкі туризмді дамыту үшін мемлекет тарапынан да түрлі бағдарламалар қабылданып, Шығыстағы бірнеше туристік нысанға ерекше басымдық берілді.
Аймақтар • 25 Шілде, 2022
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жоғалған 3 жасар бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Шілде, 2022
Ұзақ жылдар театр мен кино саласында фототілші болып еңбек еткен Қалиғұмар Қабдешевтің туған жерінде жеке фотокөрмесі өтті. Бұған дейін көрмелері алыс-жақын шетелдерде өткенімен, Шығысында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Негізі, бұл көрме осыдан екі жыл бұрын ақсақалдың 80 жасқа толған мерейтойы қарсаңында өтуі керек еді. Оған коронавирус дей-тұғын кесел кедергі болып, кейінге шегеріле берген...
Аймақтар • 21 Шілде, 2022
Қара Ертістің бойынан өрт шықты
Сонау Бесбоғданың бөктерінен бастау алатын Қара Ертіс өзенінің Зайсан көліне құяр сағасы тұсында өрт шықты. Тілсіз жау 390 гектарды шарпыған. Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандары солай дейді.
Білім • 20 Шілде, 2022
Техникалық университетте хирургиялық құрал-жабдықтар жасалуы мүмкін
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ басқарма төрағасы-ректорының міндетін атқарушы Сәуле Рахметуллина баспасөз брифингін өткізді. Журналистермен кездесуде жоғары оқу орнының басшысы университеттің 2021-2022 оқу жылындағы жетістіктерімен таныстырды.
Қоғам • 19 Шілде, 2022
Ертеде үкідей үлбіреген, тотыдай таранған қазақтың қыздары барқыт, жібек секілді құнды маталардан тігілген тақия киген. Оны оюлап, әшекей бұйымдармен көмкеріп, жарасымды етіп қойған. Тағы бір дәстүрдің жаңғырғандығы болар, соңғы кездері тақия қайта сәнге айналды.
Аймақтар • 18 Шілде, 2022
Құрғаған құдық, қаңыраған клуб
Айтса, айтқандай-ақ. Күршім өңірінде мәселе деген шашетектен. Жуықта Қойтас ауылының тұрғындары хабарласып, бірқатар проблемасын тізген. Құлақ түре тыңдасақ, жайылымдары тарылған, ауыз су құбырын тарту жұмыстары орта жолда қалған, ауылдық клуб қаңырап тұр. Көпірі апаттық жағдайда, тағысын тағы... Бардық, көрдік, ауыл тұрғындарымен тілдестік.
Аймақтар • 17 Шілде, 2022
Марқакөл, Күршім халқы көптен күткен көпірдің құрылысы алдыңғы жылдары басталған-ды. Алдын ала құрған жоспарларына сенсек, көпір 2025 жылы қолданысқа беріледі екен. Дегенмен көпшілік көпірдің уақтылы аяқталарына күмәнмен қарайды. Қарайтын жөні де бар.
Қоғам • 14 Шілде, 2022
Шығыста құтқарушылар дабыл қағуда. Суға шомылу маусымы басталғалы аймақта 15 адам суға батып кеткен. Оның екеуі – бала.
Аймақтар • 12 Шілде, 2022
Үздік тауар өндірушілер анықталды
Шығыста «Қазақстанның үздік тауары-2022» байқауының дәстүрлі кезеңі өтті. Үздік тауар сайысында Шығыс Қазақстан және Абай облысының 70-тен астам тауар өндірушілері өз өнімдерін таныстырды.