Аймақтар • 23 Қараша, 2020
"Oskemenbus" қосымшасы іске қосылады
Енді автобуста сылдырлатып тиын санап жатудың қажеті шамалы. Осыдан былай Өскеменнің қоғамдық көліктері жолақыны электронды қабылдайды.
Саясат • 23 Қараша, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы әлеуметтік-экономикалық міндеттерді жүзеге асыру бағытында Шығыс Қазақстан облысында қандай шаруалар атқарылды? Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Даниал Ахметов баяндап, журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қоғам • 23 Қараша, 2020
«Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді?!» Дәл жаңа жылдың қарсаңында жол жиегінде тұрған Руслан Қайраховты көлік қағып кетіп, өмірін бір-ақ сәтте өзгерткен. Өкініштісі сол, 2013 жылдан бері тепсе темір үзетін жігіт арбаға таңылған.
Аймақтар • 22 Қараша, 2020
Құтқарушыларға 20 қараша, 22:50 шамасындаТарбағатай ауданы, Тұғыл ауылынан екі балықшының Зайсан көлінде жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қараша, 2020
Өскеменде Пушкинге ескерткіш қойыла ма?
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Пушкинге ескерткіш қою үшін қоғаммен ақылдасатынын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 20 Қараша, 2020
Әлеуметтік көмектің әлеуеті мол
Семей қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында бірқатар атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр.
Туризм • 20 Қараша, 2020
Өндірістік өңірде туризм де дамыған
Риддер – өндірістік қала ғана емес, Батыс Алтайдың бөктеріндегі туризмді дамытуға қолайлы өңірлердің бірі. Облыс орталығына таяу жатқандықтан қысы-жазы туристер көп ағылады мұнда. Саяхатшылар жаздай тау-тасын араласа, қыста шаңғы тебу үшін өңірді бетке алады.
Аймақтар • 20 Қараша, 2020
Шекарадағы шепке шын жанашырлық керек
Екі ортаны тікенекті сым бөліп тұрғаны болмаса, Марқакөлден дүрбі салсаң, Қытайдың қызыл шатырлы ғимараттары ап-анық көрінеді. Олар да арғы беттен біздің жақтағы терезелері үңірейген жадау үйлерге қызыға-қызғана қарайтын шығар бәлкім. Кейде «көк шалғынды жон-жайлауым анау, мөлдіреген көлім мынау» деп лепіре мақтанғанымызбен, шекара шебіндегі ел сиреп кеткен бүгінде. Шамдансақ та шындық сол.
Тарих • 20 Қараша, 2020
Қалбаны қалмақтан қорғаған ерлер
Қонақ бөлмесінің қабырғасында атқа қонған найзалы батырдың майлы бояумен жазылған суретіне үңіле қарап: – Сізге ұқсайды екен, атаңыз ба? – деймін ғой. – Батыр бабамыз. Ерлігі тарихта қайталанбаған. Үлкен бір шайқаста бес қалмақпен айқасып, бәрін баудай түсіріпті. Естуімізше, осы Самар, Қалба өңірлерінде өмір сүрген, – деп Самархан Жотабаев тарихтан тартып әңгімесін бастаған.
Өнер • 19 Қараша, 2020
«Құдайсыздарды» қылқаламмен бейнелеген
Көрнекті жазушы Дидахмет Әшімханұлының 70 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық суретшілер байқауында бас жүлдені Жарма ауданы Сұлусары ауылының суретшісі Мәди Қайырхан қанжығалады.