Технология • 18 Қазан, 2023
Сот жүйесі және жасанды интеллект
Қазір жасанды интеллект – әлемдік тренд. Біздің қоғам цифрландыруды қолдану мен жасанды интеллектіні бағындыруда уақытпен бірге, көштен қалмай келеді деуге негіз бар. Қай саланы алып қарасаңыз да, цифрлық бағдарламаларға, жасанды интеллектіні қолдануға талпыныс байқалады. Ал жасанды интеллектіні отандық бизнес әлдеқашан бастап та кеткен.
Университет • 16 Қазан, 2023
Өзбекстанның Шыршық қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филиалы ашылады. Филиалдың ашылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің өзара келіссөздерінің қорытындылары негізіндегі уағдаластық бойынша және Auezov University-нің 80 жылдығына орай жүзеге асырылып отыр.
Қоғам • 16 Қазан, 2023
Ел тұрғындары енді push-хабарламалардың жаңа түрін алатын болады. Хабарламалар автокөліктің диагностикалық тексеру картасының жарамдық мерзімі аяқталғаны туралы алдын ала хабарлайды.
Технология • 06 Қазан, 2023
Биометриялық сәйкестендіру – тиімді жол
Мемлекеттің кірістер комитеті көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шеңберінде «жалған» шот-фактураларды жазып беру тәуекелінің ең жоғары ықтималдылығы бар компанияларға қатысты биометриялық сәйкестендіруді пайдаланбақ. Тауарларды нақты сатпай немесе жұмыстарды орындамай құжаттарды ресімдеу адал бизнес үшін қаржылық операциялардың қауіпсіздігі мен сенімділігіне қауіп төндіреді.
Әлем • 26 Қыркүйек, 2023
Азия кеңесінің трансформациясы
Бұған дейін жазғанымыздай, Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында Қазақстанның төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Сыртқы істер министрлерінің бейресми жиыны ұйымдастырылды. Жиында Азия кеңесін трансформациялаудың жол картасы мақұлданды. Біле білсек, бұл – ұйымның жаһандық мәртебесін көтеріп, деңгейін арттыратын бірегей қадам.
Мультимедиа • 25 Қыркүйек, 2023
Жуырда АҚШ-тағы Калифорния штатының Сан-Франциско қаласында Silkroad Innovation Hub-тың ресми ашылуы өтті. Бұл – Орталық Еуразияны Кремний алқабындағы біртұтас аймақ ретінде ілгерілетуге, сондай-ақ IT кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастыққа және фаундерлердің мықты қауымдастығын құруға бағытталған бірегей жоба. Оның ашылуына еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де қатысып, сөз сөйледі.
Егемен Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2023
БАҚ саласындағы байланыс нығаяды
Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукар «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлымен кездесті. Тараптар ақпарат саласындағы байланысты одан әрі нығайтуға уағдаласты.
Білім • 19 Қыркүйек, 2023
Былтырдан бері Қорғаныс министрлігі әскери борышын өтеген азаматтарға білім беру жеңілдіктерін ұсыну арқылы жастардың әскери қызметке деген ынтасын арттырып келеді. Жоба өзін ақтай бастады. Бүгінде жоғары оқу орнына ҰБТ тапсырмай түсу мүмкіндігін 604 отандасымыз пайдаланған.
Ғылым • 14 Қыркүйек, 2023
Мұнай тасымалдау технологиясын жетілдірмек
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары тұтқырлығы жоғары парафинді мұнайдың төгілу температурасын төмендету үшін депрессорлық мақсатта тиімді химиялық реагенттерді алу технологияларын әзірлеу үстінде. Бұл жобаға Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, химия ғылымдарының докторы, профессор Казим Надиров жетекшілік етеді.
Жастар • 11 Қыркүйек, 2023
Жуырда Астанада ауыл мектептерінің оқушылары үшін «inDrive» компаниясының «BeginIT Summer Fest» IT кәсіптік бағдар беру фестивалі өтті. Іс-шара «ІQanat» қоры және Қарағанды облыстық білім басқармасының мұрындық болуымен Astana hub инновациялық алаңында ұйымдастырылды.