Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ
Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
655 материал табылды

Бизнес • 11 Қаңтар, 2022

Бизнестің шығыны тым көп

Елдегі тәртіпсіздіктер салдарынан бизнеске келтірілген шығын көлемі 93,7 млрд теңгеден асты. Бұл – 10 қаңтар, сағат 9.00-дегі ресми дерек. Оны «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы таратты. Аталған шығынның 92,2 млрд теңгесі Алматы қаласына тиесілі. Осыдан-ақ оңтүстік астанамыздағы жағдайдың қаншалықты күрделі болғанын бағамдай беріңіз.

Қаржы • 05 Қаңтар, 2022

Қаржы орталығының қадамы нық

«Астана» халықаралық қар­жы орталығында (АХҚО) 60 мемлекеттің 1 155 ком­паниясы тіркелген. Оның қаржы секторындағы ком­па­ниялардың активі 2,5 есе өсіп, 1 млрд долларға жеткен. Демек, қаржы орталығы үшін өткен жыл табысты өрілді деген сөз.

Қоғам • 29 Желтоқсан, 2021

Кәсіпкерлік қолдау тапқан жыл

2021 жыл пандемиялық шектеу­лермен өрілгені белгілі. Оның салқыны бизнес саласында да анық сезілді. Соған қарамастан,  жан-жақты қол­дау шаралары арқылы діттеген нәтижеге қол жеткізілді. Мәселен, биыл елімізде кәсіпкерлік субъектілерінің саны артқан. 2021 жылдың 1 қаң­тарында республикада 1 млн 357,3 мың шағын және орта бизнес субъек­тісі тіркелсе, осы жылдың 1 желтоқсанында көрсеткіш 1 млн 424 мыңды құрады.

Экономика • 23 Желтоқсан, 2021

Қосымша құн салығы: Артық сома қайтарылады

Астық нарығы қатысушылары үшін қосымша құн салығынан асып кеткен соманы қайтару оңайлайды. Өйткені осы жыл­дың 17 қарашасында Қаржы министрінің бұйрығымен атал­ған мә­се­леге қатысты қанатқақты жобаны іске асыру ере­желері мен мерзімдері бекітілді. Кәсіпкерлердің қанатқақты жо­баға қаты­суы ерікті түрде жүргізіледі.

Экономика • 15 Желтоқсан, 2021

Жобалардың уақтылы іске асырылғаны маңызды

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы сөз болды. Сондай-ақ елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай қаралды.

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2021

Ферроқорытпа зауытының құрылысы басталды

Екібастұзда ферроқорытпа зауытының құрылысы басталды. EkibastuzFerroAlloys компаниясы бұл жобаға Қазақстанның даму банкінен қаржы тартып отыр. Ферросилиций шығаратын жаңа жобаның жалпы құны 92,2 млрд теңгеге тең. Оның 72 млрд теңгесі Қазақстан даму банкінің кредиттік желісі арқылы берілсе, қалған 20 млрд – инвестордың қаражаты.

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2021

100 пайыздан да көп жүктемемен жұмыс істейді

«Қазцинк» ЖШС-ның бас директоры Александр Хмелев бізге берген сұхбатында адамдардың компанияның бүгінгі аяқ алысы, ондағы қызметкерлерге жасалған жалпы жағдай туралы айтып берді. Сондай-ақ басшылық құрамның құпияларымен де бөлісті.

Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2021

Әлхамдулилла,13 миллион қазақпыз!

Ахаң – Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынов­тың осыдан жүз жыл бұрын «Әлхамдулилла, 6 миллион қазақпыз!» деп дүйім елден сүйінші сұ­рай­ты­ны бар еді ғой. Әрине, одан бері ұлтымыз ашар­шылықты, саяси қуғын-сүргінді, сұрапыл соғысты бастан өткеріп, елдегі халық саны айтарлықтай азайды. Ал биылғы ұлттық санақтың алғашқы нәти­жесіне сүйенсек, «Әлхамдулилла, 13 миллион қазақпыз!» деп жер-жа­һанға жар салатын жағдайға жетіппіз. Құдай көп көрмесін тек!

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2021

Жол маманы неге тапшы?

Қазақстанда жол мамандары тапшы. Кадрлық дефицит өзекті мәселеге айналды. Жолдың құрылысына атсалысатын мамандар былай тұрсын, тәуір жолды күтіп ұстайтын кадрды табудың өзі қиын. Неліктен мұндай жағдай қалыптасты? Мәселені шешудің қандай жолы бар? Сала мамандарын сөйлетіп көрдік.

Экономика • 09 Желтоқсан, 2021

Экономиканың қалпына келу қарқыны жеделдеді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы қаңтар-қарашадағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. Сондай-ақ әдеттегідей елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай сөз болды.