Қазақстан • 07 Тамыз, 2022
Алдағы уақытта Францияда Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай көрме ұйымдастырылмақ. Міне, осы іс-шараға қазақтың атақты суретшісі Кәріпбек Күйіковтің қатысуы үшін ел азаматтары, қамқор жандар қаржылай көмек қолын созып отыр.
Қоғам • 01 Тамыз, 2022
Адами капиталды дамытудың негізгі көзі – сапалы білім, тәрбие беру жалпыұлттық басымдыққа ие. Бұл мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында» атап көрсетілген.
Әдебиет • 28 Шілде, 2022
«Тілалшақ» – ащы кекесін, өткір сын
Кімнің болсын қоғамнан өзіндік орнын тауып, ортаға бейімделіп, мына аумалы-төкпелі өмірден өз үлесін ала білуі маңызды. Ал егер сен өз жолыңды таба алмасаң, өзіндік пікірі, ойы бар адам ретінде қалыптаспасаң, кім көрінгеннің қолжаулығы боласың.
Руханият • 27 Шілде, 2022
Тіршілік болған соң жолға шықпай тұра алмайсың. Бәріміз де жолаушымыз. Мінгеніміз – ұшақ, пойыз, автобус, жеңіл көлік, тағысын тағы...
Қоғам • 25 Шілде, 2022
Жастар неге әлемге тарыдай шашырап барады?
Дамыған, талайдан ілгері кеткен елдердің өркендеу сырына үңілсеңіз олардың барлығы өз жастарының әлеуетін толық пайдалана білгенін аңғарасыз. Тіпті мұны сол мемлекеттердің дамуы негіздерінің бірі деп те қарастыруға болатындай. Сондай-ақ бұл елдер шетелдік дарынды жастарды өздеріне тарту арқылы олардың ерік-жігерін тиімді пайдаланып келе жатқанын да көресіз. Яғни өркенді елдер басқа мемлекеттерде қажетсіз болып, пайдаланылмай жатқан «ақыл-ойды» импорттап, оны өз пайдасына жаратуға мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарауда.
Әдебиет • 19 Шілде, 2022
Қазақтың жанайқайы, арман-мұңы
Қазақ поэзиясының ХІХ ғасырдағы, нақтылай айтқанда, әдебиетіміздегі «Зар заман» деп аталатын кезеңнің көрнекті өкілдерінің бірі Шортанбай Қанайұлы ақындық қуатын, дарынын шынайы пейілімен тек өз елінің бақыты үшін жұмсады. Сондықтан да ол аузы дуалы, ақиық ақын ретінде үлкен құрметке ие.
Әдебиет • 18 Шілде, 2022
Ұлтымыздың аса көрнекті ақыны, солақай да содыр саясаттың ығына жығылмай, солқылдақтық танытпай, Алаштың асыл мұратына өзінің азаматтық, ақындық және тұлғалық ұстанымын ұштастыра өмір сүрген, күштінің құрығы мойынына түссе де мойымай, басын имей, еңсесін тік ұстап жүріп қазағының рухани қазынасына зор үлесін қосып кеткен Мағжан Жұмабаевтың айшықты ізіне, руханиятымыздың қақ төріне сіңіре қағып кеткен алтын қазығына көкірегі ояу, көзі ашық қазақтың әрбір баласы қайта-қайта оралып, ақыл-ойын сауықтырып отырса жарар еді.
Қоғам • 13 Шілде, 2022
Біз әділетті қоғам құра алдық па?
«Адамдар əділ болса, өмір əрқашан əділ». Бұл қазақтың ірі тұлғасы Əбіш Кекілбаевтың сөзі. Расында, әділетті адамдар көп жерде ізгіліктің оты тұтанып, жамандық атаулы жақсылықтың астында үнемі жаншылып жатады. Біз іздеген әділетті, ізгілікті қоғамның бір сипаты осындай болса керек.
Әдебиет • 13 Шілде, 2022
Адамзат жаралғалы бері соғыстан көз ашпай келеді. Әлемде соғыс өрті шарпымаған ұлтарақтай жер қалмаған болар. Атыс-шабыс, қақтығыс, соғыс атаулыны тек тарихтан ғана оқимыз, алдағы уақытта адамзат құрған өркениетте тек бейбітшілік қана салтанат құрады деген болжамдар әдіре қалды. Қайта керісінше, өркениеттің өңірінде өрмелеп шыққан сайын өртті-ыстық нүктелер жиі кездесуде. Бейне бір өркениет дегенің соғыс ошағы секілді.
Қоғам • 10 Шілде, 2022
Тиімсіз бағдарламаларды тоқтату қажет
Несібесін шетелден іздеп, сол жақта мыс-мыс ақша тауып, онысын елдегі отбасына жолдап тіршілік етіп жатқандардың қарасы қалың. Сол шетелде жұмыс іздеп, мол ақша тауып жүргендердің материалдық тұрғыдағы жетістіктері бүгінде ел ішінде желдей есуде.