Қоғам • 28 Шілде, 2020
Таяуда ғана Алматыда жалған дәрі-дәрмектер даярлайтын астыртын цех пен оларды салуға арналған қораптар шығаратын баспахана және заңсыз өнімдерді сақтайтын қойма табылды. Тексеріс кезінде күмәнді жолмен жасалып, сатуға әзірленген, жалпы көлемі 100 тоннадан асатын дәрілік заттар тәркіленді. Осыған орай Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед дабыл қағып, еліміздің Бас прокурорына хат жолдады.
Саясат • 27 Шілде, 2020
«Самұрық-Қазына»: экономиканы қолдаудың жаңа тетігін ұсынды
«Біз қалыптасқан күрделі ахуалға тез бейімделуге және дағдарысты еңсеруге септігін тигізетін экономиканың негізгі драйверлерін айқындауға тиіспіз. Экономикамызды әрі қарай дамытуда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басты рөл атқарады», деген Тұңғыш-Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев компаниялардың тиімділігін арттыру үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін, сондай-ақ елімізді кешенді орнықты даму бағдарына шығуға дайындау керектігіне баса назар аударға болатын. Осы орайда Қор ұлттық экономиканы және отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында компаниялардың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бастамаларды ұсынып отыр. Бүгінгідей қысылтаяң шақта дағдарыс жағдайындағы қазақстандық кәсіпорындарға қолдау көрсету іс-шаралары жөнінде Қордың Басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов онлайн-брифинг барысында тарқатып айтып берді.
Сұхбат • 27 Шілде, 2020
Сын сағатта сағымызды сындырмайық – дейді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ
Қазіргі таңда ел ішінде «Пандемия жағдайында қасиетті Құрбан айт мейрамы қалай аталып өтілмек, қаупі асқынып, қыспаққа алған індетке қарсы күреске халықты жұмылдыруда, жұртты пандемиядан сақтануға шақыруда Діни басқарма, діни қайраткерлер нендей жұмыстар атқаруда, сондай-ақ кейбір діни рәсімдерді тоқтатуға немесе оларға қатысатын адамдардың санын шектеуге қатысты қабылданып жатқан шешімдер Ислам талаптарына сай келе ме?» деген мазмұндағы сұрақтар жиі қойылуда. Осы орайда, яғни аталған және өзге де сауалдарға жауап алу үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен жүргізген әңгімемізді назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.
Сұхбат • 21 Шілде, 2020
Тамара Дүйсенова: Басты ұстаным – азаматтар өтінішіне сапалы жауап беру
– Тамара Қасымқызы, Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің құрылғанына 22 шілде күні бір жыл толады. Бөлімнің осы кезеңдегі жұмысының негізгі нәтижелеріне қатысты сіздің көзқарасыңыз қандай? – Ең алдымен, Өтініштерді қарауды бақылау бөлімін құру мәселесін Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасының аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар шеңберінде қарастырған жөн.
Қазақстан • 13 Шілде, 2020
Әскерилер коронавирус індетінен қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды
2020 жылдың 13 шілдесі Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қаза болғандарды ұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 12:00-де бүкіл елде үнсіздік минуты жарияланды. Коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері де еске алды.
Қазақстан • 13 Шілде, 2020
ЕҚЫҰ киберкеңістікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қазақ тілінде семинар ұйымдастыруда
Киберкеңістікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қазақ тілінде өткізілген онлайн-семинарды Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі 2020 жылғы 9 шілдеде ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Шілде, 2020
Еліміздің энергетикалық жүйесінің барлық зоналарында ілгерілеушілік бар
Жүйелік оператордың деректері бойынша еліміздің электр стансалары 2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 45 577,5 млн кВтсағ электр энергиясын өндірген, бұл 2019 жылдың дәл осындай кезеңінен 3,3%-ға көп. Артығымен өндіру Қазақстан Біртұтас энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) барлық зоналарында байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 08 Шілде, 2020
Табиғат-ананы бүлдірмес болар...
Қазір халықты мейлінше көбірек толғандыратын, тұрғындардың жанайқайына жиі түрткі болатын мәселелердің алдыңғы қатарында қоршаған ортаны қорғау саласындағы олқылықтар, көптен шешімін күткен, сондай-ақ жаңадан пайда болған экологиялық түйткілдер тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметіне ресми кіріскен алғашқы күндері Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін құруға жедел тапсырма беруі де аталған салада қолға алынуы тиіс қыруар шаруаның бар екенін айғақтайды.
Қазақстан • 07 Шілде, 2020
Балалықтан азаматтыққа дейінгі жол Кеңес Одағының Батыры Қазыбек Нұржанов 1919 жылы 21 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы Қуаныш ауылында дүниеге келген.
Қазақстан • 07 Шілде, 2020
"Adal kómek" жобасының басшысы "Халық Алғысы" медалімен марапатталды
Биылғы 23 маусымда "Біз біргеміз" онлайн-форумы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин кезеңінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп бастамашылық еткен "Adal kómek" волонтерлік жобасын іске асырғаны үшін белгілі құқық қорғаушы Айман Омарованы «Халық Алғысы» медалімен марапаттады.