Жолдыбай БАЗАР
Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
544 материал табылды

Әдебиет • 15 Қараша, 2022

Ескі жұртты аңсаған Есенбай

Қасиетті қара өлеңнің қадіріне жеткен, сол арқылы талайдың жүрегіне сәуле түсіріп, жан дүниесін елжіреткен ақындарымыздың бірі Есенбай Дүйсенбайұлы. Қазақ әдебиеті әлемінен өзіндік орнын тапқан, поэзия жанрының бүлкілдей соққан тамырын дөп басып, өмір құбылыстарының, оның қалтарыс-бұлтарыстарының, терең сырларының құпиясын өлеңімен ашқан Е.Дүйсенбайұлының шығармалары сөзсіз қазақтың олжасы.

Қоғам • 15 Қараша, 2022

Маман шетке кетсе, кімге уайым?

Бүгінгі қоғам үшін «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» немесе «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне» деген белгілі нақыл сөздердің мәні қалмағандай. Сол сияқты, қазір көптеген отандасымыз «аш болсаң да, тоқ болсаң да туған жер, өскен ортаңда жүргенге не жетсін!» деп ақжарма пейілмен айтқан сөзіңе мән де бермейді.

Қоғам • 06 Қараша, 2022

Рухани тұтастық

Ел ішінде жиі айтылатын «Өзгенің ақы­лы­мен зерделі бола алмайсың, өзге­нің даң­қын иеленіп абыройлы бола алмайсың» деген сөз бүгінгі қоғам үшін көкейкесті.

Әдебиет • 06 Қараша, 2022

Армандап өткен ақын

Соңында асқақ әндері, түрлі тақырыптағы өлеңдері, айтыстары және дастан-қиссалары қалған Әсет Найманбайұлы – қазақ руханиятына сүбелі үлес қосып, өзіндік үнін қалдырған көрнекті тұлға.

Қоғам • 01 Қараша, 2022

Жауыр жаба тоқылмасын

Ел тәуелсіздігін сақтап, оны келер ұр­пақ­қа аманаттау – ұлы міндет. Бұл міндет сапалы орындалуы қажет. Яғни ел тәуел­сіздігін келер ұрпаққа тап-тұйнақтай етіп, ауыр зардаптар әкелуі мүмкін қауіп-қатер­лерді қазір еңсеріп, мемлекеттің ын­ты­мағын барынша нығайтып барып аманаттаған жөн. Бұлай етпейінше тәуел­сіз­дігімізді өскелең ұрпақтың қолына тапсырдық деп тоқмейілсу жарамайды. Сондықтан ел тәуелсіздігін қыл көпірдің үстінде қалт-құлт еткізбей, сара да даңғыл жолға түсіруіміз маңызды.

Әдебиет • 31 Қазан, 2022

Нарынның қайсар қызы

Нарынның құмында туып, ел тарихында өрлігімен ізін қалдырған, өнерімен ел аузына іліккен, ұлтымыздың жыраулық өнері өкілдерінің бірі Алмажан Азаматқызы қазақтың өжет те қайсар қыздарының озық үлгісі іспетті. Ақын қыздың өлең-жырлары көп болған деседі. Алай­да бүгінге жеткен жалғыз шығармасы – «Жетім қыз» атты поэма.

Қоғам • 24 Қазан, 2022

Лайықты құрмет

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Sensitive нашар еститін бишілер театрының көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщикова «Құрмет» орденімен марапатталды. Награданы Ұлттық мереке қарсаңында сала басшысы тапсырды.

Қоғам • 24 Қазан, 2022

«Қорқыт ата» телехикаясы қанат қақты

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Алматы облысында түсіріліп жатқан «Қорқыт ата» телехикаясының түсірілім алаңына барды. Тарихи туындыны «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Өзбекстан Республикасының «Кинематография агенттігі» бірлесе түсіреді.

Қоғам • 22 Қазан, 2022

Бөкейханы қайда жүр бүгінгінің?

Президент Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Бізге сапалық тұрғыдан жаңа мемлекеттік басқарушылар керек. Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жұмыстан босату жүйесін заман талабын ескере отырып, қайта жасау қажет», деді. Бұдан біз басқару саласына, елдің басқа да шаруасына елшіл, ұлтжанды тұлғаларға зәрулік барын көреміз.

Елорда • 20 Қазан, 2022

Күйшілер аллеясы

Астананың Абылай хан даңғылы мен Күйші Дина көше­сінің қиылысында Күйшілер аллеясы ашылды. Алматы облысы Қордай елді мекенінен жеткізілген, көлемі 3х2 метр­лік мәрмәр тасқа өнерімен кеңінен танымал 101 күй­шінің аты қашалып жазылды.