Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1194 материал табылды

Банк • Бүгін, 09:10

Шетелдік банктерге шектеу азаяды

Елімізде шетелдік банктерді ашу жөніндегі талаптарды ырықтандыруға бағытталған түзетулерді енгізу жоспарланып отыр. Яғни шетелдік банкті ашуға рұқсат алуға қажетті құжаттар тізбесі қысқартылмақ. Құжаттар саны шетелдік бас компанияның рейтингіне байланысты болады.

Экономика • Кеше

Шухрат Ибрагимов: Ұлттық экономикаға инвестиция салуды басты басымдыққа айналдырамын

Таяуда «Eurasian Resources Group» (ERG) директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалған Шухрат Ибрагимовпен сұхбат құрудың реті келді. Табиғи ресурстарды өндірумен және өңдеумен айналысатын компания басшысы Президенттің өндірістің барлық сатысын өз елімізде жүзеге асыру туралы тапсырмасы, компания құндылығы мен мүддесі, терең өңдеуді жүзеге асыру жобалары, дивидендтік саясаттың өзгеруі және басқа да маңызды тақырыптар төңірегіндегі сауалдарға жауап берді.

Баға • 16 Қазан, 2024

Бағаны 300% қымбаттатқан

Павлодарда балабақшаларға азық-түлік жеткізу­мен айналысатын компаниялар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) бағасын 300%-ға дейін қымбаттатып ұсынған.

Банк • 12 Қазан, 2024

Банктердің аяқ алысы қалай?

Банктерге көп сұрақ қоюға болады. Бізді ең бірінші кезекте ойландырғаны – олардың жартыжылдықтағы таза табысы, өнімдері мен қызметтерін цифрландыру деңгейі және AQR-ге (банк секторы активтерінің сапасын тұрақты бағалау) қатысты көрсеткіштері. Сауалдарды бірнеше екінші деңгейлі банкке жолдадық, бәрі бірдей жауап қата қоймайтыны тағы түсінікті.

Экономика • 10 Қазан, 2024

Стрестік активтер электронды алаңда сатылады

Елімізде стрестік активтерді сатуға арналған алғашқы цифрлық платформа – DMAS іске қосылды. Бұл туралы Алматыда өткен Central Asia FinTech Summit 2024 форумында хабарланды. Бастама Мемлекет басшысының стрестік активтерді эконо­микалық айналымға нарықтық негізде қайтару жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асты.

Инвестиция • 08 Қазан, 2024

Жиһаз өнеркәсібіне 8 млрд теңге инвестиция

Еліміздің жиһаз өнеркәсібінің инвес­ти­ция­лық портфелі құны 17 млрд теңгеден асатын 9 жобаны қамтиды. Оларды іске асыру арқылы шамамен 1000-ға жуық жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы «QazIndustry» Индустрия және экспорт орта­лығының жобаларды іске асыруға мони­­торинг жүргізу және талдау дирекциясы хабарлады.

Қаржы • 08 Қазан, 2024

Сақтандыру саласының басым бағыттары

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (СТКҚ) ұйымдастырған жыл сайынғы Сақтандыру форумы өтті. Іс-шараға агенттіктің, сақтандыру нарығының өкілдері, сақтандыру саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты.

Қаржы • 02 Қазан, 2024

Ислам банкі және нарық талқысы

«Исламдық қаржыландыру» термині арагідік айтылып қалғанымен, оның даму келешегі мен әлеуеті туралы егжей-тегжей түсіндіріп бере алатын маман аз. Мәселе жыл аралатып өтетін қаржылық форумдарда аз-кем талқыланып жатушы еді. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) дайындаған кең ауқымды зерттеу еріксіз назарымызды аударды.

Экономика • 28 Қыркүйек, 2024

Мұнай-газ мүмкіндігі

Алматыда өткен KIOGE 29-халықаралық «Мұнай және газ» көрмесі мен конференциясында еліміздің былтыр 90 млн тонна мұнай өндіргені, оның 70,5 млн тоннасы экспортталғаны айтылды. Еліміз 2030 жылға таман мұнай өндірудің жылдық деңгейін 100 млн тоннаға жеткізуді көздеп отыр.

Энергетика • 27 Қыркүйек, 2024

АЭС: сенімді энергия көзі

Атом энергетикасы төңірегінде алыпқашпа әңгіме де, нақты дәйекке негізделген тұжырым да алды-артымызды орап тұр. Арасынан ақиқатын ашып алу оңайға сірә, соқпайды. «World Nuclear News» (Дүниежүзілік ядролық қауымдастық) мәліметі бойынша, 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың қаңтары аралығында Франция, Германия, Жапония, Польша, Оңтүстік Корея, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ-та 13 500 адамға онлайн-сұрау жүргізілген. Бәрі де атом энергетикасын айрықша қолдаған, әсіресе Польша, Франция, Швециядағы қолдау көрсеткіші өте жоғары болыпты.