Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1330 материал табылды

Саясат • 09 Қазан, 2025

Дайындық барысы пысықталды

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.

Инфляция • 08 Қазан, 2025

Азық-түлік бағасы арзандады ма?

Инфляцияны тежеу мәселесіне арналған апталық кеңесте жыл соңына дейін инфляцияны тұрақтандыруға қатысты қабылданатын шаралар сөз болды. Бүгінде жылдық инфляцияның негізгі қозғаушысы ақылы қызметтер болып отыр. Қыркүйекте ақылы қызметтердің өсу қарқыны бәсеңдеп, тамыздағы 1,4%-бен салыстырғанда 1%-ға дейін төмендеген.

Қоғам • 08 Қазан, 2025

Ұстаздар қызметіне оң баға берілді

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізген «TALIS-2024» сабақ беру және оқытудың халықаралық зерттеуінің нәтижесі бойынша, еліміздің білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған білім беру саласын дамыту және педагог мәртебесін арттыру шараларының тиімді жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

Қоғам • 07 Қазан, 2025

QR-төлемдер сервисі іске қосылды

Ұлттық банк банктердің мобильді қосымшалары арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу үшін банкаралық QR-төлемдер сервисін іске қосты. Аталған бастама «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ базасында жүзеге асты.

Салық • 30 Қыркүйек, 2025

Шетелдік интернет-компаниялар қанша салық төлейді?

2022 жылдан бастап елімізде шетелдік интернет-компанияларға қатысты қосылған құн салығы (ҚҚС) енгізілді. Бүгінде ол «Google салығы» деп аталып жүр. Қазір елімізде ҚҚС төлейтін 110-нан астам халықаралық компания тіркелген, оның 13-і биыл қосылды.

Сұхбат • 26 Қыркүйек, 2025

Аманжан Жамалов: Цифрлық стратегияны сауатты жүзеге асыруымыз керек

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған толғақты мәселелерге орай экономика ғылымдарының докторы Аманжан Жамаловпен сұх­баттасқан едік. Маманның сөзінше, Президенттің Жолдауда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы тапсырмасы, цифрландырудың ел дамуының стратегиясына айналатынын көрсетеді. «Сондай-ақ министрдің вице-премьер деңгейінде жұмыс істеуі мемлекеттің бұл бағытқа қаншалықты назар аударып отырғанын аңғартады. Еліміз технологияларды пайдаланушы қалыбынан шығып, өзіндік цифрлық шешімдер жасау тарапына қарай бетбұрыс жасағалы отыр», дейді ол.

Қоғам • 09 Қыркүйек, 2025

Мемлекеттік наградамен марапатталды

Мұнай-газ кешені қызмет­кер­­лерінің күніне орай сала арда­гер­леріне және «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) компания­лар тобы­­ның қыз­­меткерлеріне мем­ле­­кет­­тік награ­даларды тапсыру сал­танаты өтті. Іс-шарада «ҚМГ» басқарма төрағасы Асхат Хасенов құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің мұнай-газ секторының қалып­тасуына еңбек сіңірген ардагерлерге ілтипат білдірді.

Жасанды интеллект • 26 Тамыз, 2025

Нариман Мағауин: Жасанды интеллект бюджет шығынын бақылауға көмектесе алады

Қаржы министрлігі Электрондық қаржы орталығының Цифрландыру, талдау жүйелері және жасанды интеллектіні дамыту департаментінің директоры Нариман Мағауиннің пікірінше, жасанды зердені адамды алмастыратын құрал ретінде емес, керісінше кез келген қызметкердің жұмысын жеңілдетіп, талдау жасауға септесетін тетік түрінде қарастырған жөн. Маманның айтуынша, жасанды интеллекті мемлекеттік қаржы жүйесін басқару тұрғысынан көп көмегін тигізе алады.

Энергетика • 23 Тамыз, 2025

Энергетикалық қуатты арттыру – айрықша міндет

Энергия қуатын арттыру бүкіл әлемде түйткілді мәселеге айналып отыр. Еліміз бұл міндетті кешенді шешімдер арқылы реттеуге мүдделі. Қазіргі уақытта отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары белсенді қолға алынған. Бұл өз кезегінде тұрақты экономикалық өсімге негіз болмақ.

ЖОЛДАУ • 22 Тамыз, 2025

Инфрақұрылымдық жобалардың игілігі

Еуразияның кіндік тұсында орналасқан еліміздің көлік-логистика әлеуеті ауқымды. Сол әлеуетті тиімді пайдалану, инфрақұрылымдық жобаларды көршілес елдермен арадағы интеграция аясында іске асыру тұрғысынан бірқатар бастама көтерілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында «Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық» екенін айтты. «Еліміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Бұл – бізге әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік беретін артықшылық. Сондықтан көлік инфрақұрылымына салынып жатқан әрбір инвестиция өзін-өзі ақтайтыны сөзсіз», деді Президент.

Яндекс.Метрика