Экономика • 17 Қыркүйек, 2024
«Салықтың артуы компания табысының өскенін айғақтайды»
Өндіріс үдерісіне үлес қосып жатқан компанияның бірі – өнеркәсіптік сүзгілерді шығарумен айналысатын «Asiafilter». Бас директор Индира Нұрланның айтуынша, компания сапа, сервис тұрғысынан шетелдік бәсекелестерден еш кем түспейді. Осы орайда кәсіпорын басшысымен сұхбат құрып, компанияның ғана емес, осы кәсіптің нарықтағы қазіргі ахуалын зерделеп көрдік.
Сұхбат • 14 Қыркүйек, 2024
«Елімізде мұнай және табиғи газдың орасан қоры табылатыны күмәнсіз»
Биыл – қазақ жерінде мұнай өнеркәсібінің бастау алғанына 125 жыл. Жуырда Премьер-министр Олжас Бектенов мұнай-газ секторын дамытуға қосқан үлесі үшін еңбегімен ерекше көзге түскен мұнай-газ кешенінің 40 қызметкеріне Мемлекет басшысының атынан марапаттар табыс етті. Солардың қатарында IІI дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталған ардагер мұнайшы Келтір Шаненов те бар. Қазақ мұнайының 125 жылдығы аясында Келтір МағұрыпұлыН әңгімеге тартқан едік.
Сұхбат • 13 Қыркүйек, 2024
Аманжан Жамалов: Экономиканың моделі өзгеруге тиіс
Биылғы Жолдаудың жүгі ауыр. Мемлекет басшысы бұл жолы негізінен экономикалық мәселелерді қозғады және кейбір бағыттар бойынша тығырыққа тіреліп тұрғанымызды меңзеді. Мәселен, Ұлттық қор қаражатын пайдалану, Салық кодексін жетілдіру, бюджет тапшылығын жою бойынша. Үкімет нендей стратегия қабылдап, қандай амал қолданса да жоғарыда аталған мәселелерді барлық тарапқа да тиімді етіп шеше алмай келеді. Осы ретте экономика ғылымдарының докторы Аманжан Жамаловқа көкейдегі толғағы жеткен сауалдарды қоюдың орайы келді.
Өндіріс • 13 Қыркүйек, 2024
Полиэтилен өндірісінің өрісі кеңейеді
Отандық өндірістің әлеуетін арттырып, шығарылған өнімге қатысты экспорттық бағдарлауды күшейту – жергілікті өнеркәсіптің алдындағы маңызды міндет болып тұр. Әсіресе мұнай-газ саласында игерілмей жатқан мүмкіндіктер қаншама. Соның бірі де бірегейі біраздан бері айтылып жүрген полиэтилен өндірісі болатын. Биыл 11 қыркүйекте Атырау облысындағы «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында жылына 1,25 млн тонна қуаттылыққа ие полиэтилен өндіретін зауыттың бастапқы құрылыс жұмыстары басталды. Жобаның инвестициялық құны – 7,4 млрд доллар.
ЖОЛДАУ • 13 Қыркүйек, 2024
Қазір біз әлемді АЭС-ы барлар және АЭС-ы жоқтар деп екіге бөліп қарайтын болдық. Уақыт соған жеткізді. Атом энергиясын қолдану тәуелсіздік алғалы арагідік айтылып қалушы еді. Тіпті бірқатар алғышарт та жасалды. Курчатовта, Алматыда, Ақтауда реакторлардың іске қосылуы – соның дәлелі. Бірақ мәселе Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келгеннен кейін белсенді қозғала бастады. Мемлекет басшысы энергия тапшылығы алқымнан алғалы тұрған шақта атомсыз алға жылжудың мүмкін еместігін айтты. Кәнігі сарапшылар да кәсіби дәлел келтірді. Әлем тәжірибесіне үңілсек те, атом туралы әңгіменің бекер айтылмағанын бағамдаймыз.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2024
Декларацияны «eGov» арқылы тапсыруға болады
Апта соңында кірістер мен мүлік туралы электрондық декларацияларды тапсыру мерзімі аяқталады. Мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген қызметкерлер, бюджеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайының кірісі мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 н.) «eGov.kz» порталының көмегімен ұсынуға мүмкіндік бар.
Құқық • 10 Қыркүйек, 2024
Тұтынушы құқын қорғау тәртібі өзгереді
Сауда және интеграция министрлігі «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заң жобасын дайындап жатыр. Министр Арман Шаққалиевтің айтуынша, бұл құжат нарықтағы жағдайды түбегейлі жақсартуға, әрбір азаматтың құқығын жан-жақты қорғауға бағытталған.
Экономика • 10 Қыркүйек, 2024
Экономикадағы еленбей тұрған мүмкіндік
Дүниежүзілік банк «Айналмалы циклді экономика: Орталық Азия үшін мүмкіндік» атты баяндамасын жариялады. Онда айналмалы экономика тұжырымдамасының (АКТ) мақсаты қалдықтарды азайту, ресурстарды үнемдеу және өнімдер мен материалдарды мүмкіндігінше ұзақ пайдалану арқылы қоршаған ортаға әсерді азайту екені айтылады. Бұл тұжырымдама Орталық Азия елдерінде жүзеге асырылып жатыр ма? Бұл бағыт өңір елдерінің орнықты экономикалық өсімге қол жеткізуіне мүмкіндік бере ме?
Сұхбат • 07 Қыркүйек, 2024
Рустам Қарағойшин: «Экономикалық лифт» кәсіпкерлерге серпін береді деп сенеміз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда шағын және орта бизнесті қолдау және агросалаға инвестиция тарту бойынша негізгі түйткілдерді айтып берді. Тиісінше, Мемлекет басшысы шешу жолдарын да ұсынды. Әрине, оны іліп алып кетіп, тиімді бастамаларға ұластыру – құзіретті мекемелердің міндеті. Осы орайда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин «Egemen Qazaqstan» тілшісі сұрақтарына жауап берді.
Салық • 06 Қыркүйек, 2024
Салық кодексі һәм кәсіпкер мүддесі
Қоғамға қай тұрғыдан да салмақ салып тұрған Салық кодексі оңайшылықпен қабылдана қоймайтын сияқты. Үкімет биыл оны едел-жедел қабылдап жібергісі келгенімен, қоғам және бизнес-қауымдастық ыңғай танытпады. Ішінде шикі тармақтар әлі де көп деседі. Мұны Президент те байқапты. Жолдауда кодексті сапалы әзірлеу үшін қабылдау мерзімін келесі жылға ауыстырайық дегенді меңзеді.