Экономика • 14 Қараша, 2024
Өнеркәсіп қуатын арттыру міндеті
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Саланы дамыту еліміздің әлемдік нарықтағы позициясын нығайтуға, технологиялар мен капитал тартуға, сондай-ақ экономиканың жаңа секторларындағы жеткізу тізбегіне қатысуды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Үкімет • 14 Қараша, 2024
Байыпты бастамалар таныстырылды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қызылорда облысына жасаған сапары барысында Президенттің жұмыспен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Сонымен қатар Жолдауда айтылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жақсарту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту арқылы экономиканы әртараптандыру, сондай-ақ тұрғындарға сапалы білім беру қызметтерін ұсыну үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.
Экспорт • 12 Қараша, 2024
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова «Джатеко» жапон компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, еліміздің зығыр және басқа да майларын Күншығыс нарығына экспорттау мүмкіндігін талқылады. Зығыр майына сұраныс біз күткеннен әлдеқайда жоғары болды. Тұтынушылар бұл өнімнің сапасын жоғары бағалап отыр. «Джатеко» компаниясының директоры Антон Кимнің айтуынша, оның денсаулыққа пайдалы қасиеттері майдың ерекше танымал болуына ықпал етті.
Жоба • 12 Қараша, 2024
«Кең дала 2» бағдарламасына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Аграрлық несие корпорациясы» агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) дамытуға зор үлес қосып келеді. Атап айтқанда, көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терін жұмыстарын төмен пайызбен қаржыландырады. Одан бөлек, ауыл шаруашылығының барлық саласын қамтитын «Агробизнес» бағдарламасын сәтті жүзеге асырып жатыр. Корпорация өңдеу өнеркәсібінің дамуына да қаржы бөледі. Осылайша, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріп келеді.
Экспорт • 12 Қараша, 2024
Экспорт ұлғайып, өндіріс кеңейеді
Елімізде импортты алмастыру және бәсекелестік артықшылықтарды арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша пәрменді шаралар қабылданып жатыр. Агроөнеркәсіп кешенін жеңілдікпен қаржыландыру көлемі өсіп, субсидиялау жүйесі реформаланып жатыр, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі мен лизингі көлемі артып келеді. Мұның барлығы өз нәтижесін беріп, еліміз бүгінде ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге күш салып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын арттыруға ұмтылып жатыр деп хабарлайды Үкімет сайты.
Жоба • 09 Қараша, 2024
«Ауыл аманаты» қалай жүзеге асып жатыр?
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуымен танысты. Сапар аясында Президент тапсырмаларын іске асыру барысын саралап, бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.
Үкімет • 09 Қараша, 2024
Бизнестің инвестициялық мүмкіндігі кеңейеді
Премьер-министр Олжас Бектенов шағын және орта бизнес (ШОБ) форумына қатысты, онда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері көтеріліп, отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жетілдіру бойынша қабылданған шаралар атап өтілді. Сондай-ақ еліміздегі іскерлік ахуалды одан әрі жақсарту идеялары айтылды.
Саясат • 09 Қараша, 2024
Экономиканы өркендетуге арналған ынтымақтастық
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің төрағалығымен Астанада өткен Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық (ОАӨЭЫ) бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясына қатысты. Мақсат – Орталық Азия өңірінің интеграцияланған және орнықты дамуын қалыптастыруда бағдарламаға қатысушы елдер мен халықаралық қаржы институттары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту.
Банк • 08 Қараша, 2024
Италия банкі нарыққа кіруге ниетті
Елімізде «Cassa Depositi e Prestiti» мемлекеттік банкінің несие желісі ашылып жатыр. Бұл жайында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Италияның сыртқы істер министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллидің екіжақты кездесуі барысында мәлім болды.
Саясат • 06 Қараша, 2024
Еліміздің жетістігі таныстырылды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов «China International Import Expo – VII Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. Жыл сайынғы көпсалалы іс-шараның мақсаты – халықаралық деңгейде экономикалық интеграцияны нығайту. Көрмеге қатысу шетелдік әріптестермен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және ұлттық өнімді халықаралық нарыққа шығаруға жаңа мүмкіндіктер туғызады.