Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
177 материал табылды

Қаржы • 29 Қараша, 2023

Ұлттық қор қаражаты қашанғы жыртығымызды жамайды?

Ұлттық қор – майлы шелпек, қалаған жеріңнен үзіп ала бер. Үкіметтің бұл ұс­таны­­мын біраз сарапшы сынға алып жүр. Өзіміз жарытып өндіріс ашпадық. Ашуға да, өркен­детуге де аса құлқымыз жоқ екені айра-жайра анық болды қазір. Ең рақаты, маңдайға біткен жалғыз байлық – мұнайдың табысы жиналған мол қазынаның шетінен кертіп алып, азық қыла берген. Бірақ үңги берсең, мұнайдың өзі сарқылар. Біз болсақ мұнайдың ақшасын мұнайдың өзінен бұрын сарқып бітірер түріміз бар.

Салық • 28 Қараша, 2023

Қосымша құн салығы хақында

Кейінгі бірнеше ай бойы қоғамда қосымша құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін арттыру жайы қызу талқыланып жатыр. Ұлттық экономика министрлігі қосымша құн салығы мөлшерлемесін қазіргі 12 пайыздан 16 пайызға дейін арттыруды ұсынса, кәсіпкерлер бұған қарсылық білдіреді. Министрліктің мәлімдеуінше, ҚҚС мөлшерлемесін жоғарылату қазынаға түсетін табысты көбейтеді.

Аймақтар • 28 Қараша, 2023

Маңғыстау тың жобаларды жүзеге асырады

Мұнайлы өлке Маңғыстауда балық шаруашылығын дамытудан бастап еліміздің экономикалық жағдайын жақсартуда айрықша маңызға ие «Ақтау» және «Құрық» порттары әлеуетін көтеруге дейінгі аралықта біраз мәселе шешімін тауып жатыр. Әрине, кезегін күтіп, қордаланып тұрған түйткілдер де жоқ емес. Бірақ жалпы көрсеткіш ахуалдың оң райға ие екенін меңзейді. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев арнайы брифингте мәлімдеді.

Банк • 27 Қараша, 2023

«Отбасы банк» қалай өзгереді?

Осы күндері «Отбасы банктің» қайта құрылымдалуына байланыс­ты әңгіме көбейді. Бұл негізі алып-қашпа әңгіме емес, жүйелі шешім еді. Мәжіліс мінберінен мұны Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың өзі түсіндірді. Яғни аталған банк енді ұлттық даму институты ретінде қызмет көрсетпек.

Қаржы • 27 Қараша, 2023

Базалық мөлшерлеменің құбылуы

Баға мен базалық ставканың текетіреске түскеніне жылдан асып барады. Бұрын 9 пайыздық инфляцияның өзін қым­бат­сы­нушы едік, қазір соған жету мұң. Әсіресе Ресей-Украина дүрбелеңінен кейін шырқап өскен баға барымызды барымталап кет­кендей әсер қалдырды. Баяғы арзан дүние көзден бұл-бұл ұшты. Инфляция 21 пайызға бір-ақ жетті. Енді «базалық ставка» дейтін қаруын іліп, Ұлттық банк кетті бағаның ізінен. Апталап жүріп, айлап жүріп, инфляцияның иығына әрең қол іліктіріп, жылға жуық уақыт дегенде 10,8 пайызға (қазандағы жылдық мән) төмендетіппіз.

Экономика • 23 Қараша, 2023

ХВҚ: Келесі жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 3-3,5% болады

Биыл Қазақстан экономикасының өсімі айтарлықтай орнықты қалыптасты. Жыл қорытындысы бойынша өсім көрсеткіші – 4,8 пайыз. Бұл – Халық­аралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының басшысы Николя Бланшенің берген бағасы және өсімге қатысты ХВҚ болжамы. Ол Украина­дағы соғыстың қайталама салдары ел экономикасына шектеулі әсерін тигізді деп санайтынын да айтты.

Теңге • 23 Қараша, 2023

Цифрлы теңгенің пайдасы қандай?

30 жылдық межесі қарсаңында төл теңгеміздің бет-бейнесі де жаңарды. Сондай-ақ ұлттық валюта онлайн форматқа ауысып, цифрлы теңге деген атауға ие болды. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шол­панқұловтың айтуынша, цифрлы теңге – ұлттық валютаның үшінші түрі. Қолма-қол ақша секілді, цифрлы теңге де ҰБ міндеттемесі болып саналады. Сәйкесінше, цифрлы теңге төлем құралы, құн өлшемі және айналым құралы қызметін атқарады.

Ауыл • 23 Қараша, 2023

Ел несібесі – ауылда

Президент былтырғы сайлауалды бағ­дар­ламасында ауыл шаруашы­лығы мәсе­лесіне айрықша ден қойып, отан­дық экономиканың лидері болу­ға қабі­летті осы саланың кем-кеті­гіне көңіл бөлді. Әсіресе ауылшаруа­шы­­лық кооперативтерді дамыту қажет­­тігін баса айтты. Мемлекет басшы­­сының сөзінше, осы мақсатта 1 трлн теңге бөлінеді және сәтімен орын­­дал­ған жағдайда бастама 1 мил­лион­­нан астам ауыл тұрғынының хал-ауқа­тын­ жақсартуға септігін тигі­зе­ді. Сай­лауалды бағдарламада бұдан басқа тағы бірнеше бастама көтерілген.

Жоба • 22 Қараша, 2023

«Дипломмен – ауылға!»: Бағыты оң бағдарлама

Бір кездері тәуір танылып, кейін көмескіленіп кеткен «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы қайта жаңғыра бастады. Аталған бағдарлама көмегімен осы күнге дейін 40 мыңға жуық маман елді мекендерге жұмысқа барып, баспаналы болыпты. Биыл «Отбасы банк» бағдарлама операторы болып ресми бекітілгеннен кейін өтінім қабылдау, жастардың жұмыс және баспана мәселесін шешу процедурасы мейлінше жедел әрі сапалы бола түсті. Бағ­дарлама жұмысы үшін бөлінген 20 млрд теңгенің 50 пайызы игеріліп, 2 мың займ берілді.

Инвестиция • 22 Қараша, 2023

Инвестициялық табыстың игілігін көреді

Биыл 1 қазандағы есеп бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 17,2 трлн теңгеден асты, бұл былтырғымен салыстырғанда 22,1 пайызға артық. Осы ретте Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 99,9 пайыз болды. Зейнетақы активтерін сақтау және табыстылықты қалыптастыру үшін Ұлттық банк өзінің инвестициялық портфелін үнемі әртараптандырады. Яғни активтер белгілі бір көлемде үйреншікті қаржылық құралдарға салынбайды, жағдайды ескере отырып жүйелі түрде өзгеріп отырады.