Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
983 материал табылды

Экономика • 27 Ақпан, 2023

Наурызда инфляция баяулайды

Applied Economics Research Centre (AERC) болжамынша, елімізде инфляцияның шарықтау шегі ақпан айында тіркелуі мүмкін. Бірақ әрі қарай қымбатшылық деңгейі біртіндеп баяу­лайды дейді отандық сарапшылар. Биыл қаңтарда инфляция деңгейі 20,7 пайыз болды. Елдегі баға өсіміне негізінен азық-түлік тауарлары (+25,7 пайыз) үлес қосты. AERC сарапшыларының айтуынша, жыл басталғалы жүріп жатқан сыртқы факторлар инфляция үшін керағар сипатқа ие болып отыр.

Экономика • 26 Ақпан, 2023

Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды

Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Жаңартылған болжам, деректерді талдау, инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау осы шешімге негіз болған. «Геосаяси жағдай және оның қалай аяқталарының әлі де белгісіз күйде қалуына, азық-түліктің әлемдік бағасының түспей тұрғанына байланысты проинфляциялық факторлар сақталып отыр», деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Экономика • 24 Ақпан, 2023

Үмітті ақтамай тұрған үлестік құрылыс

2022 жылдың қорытындысы бойынша ел аумағында 15,4 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Жалпы, құрылыс саласының ішкі жалпы өнімдегі үлесі 5,1 пайызды құрап (2021 жылы – 4,3 пайыз), еңбек өнімділігі 4,2 пайызға артқан.

Экономика • 23 Ақпан, 2023

Қазақ мұнайының халі қалай?

Экспорттық мұнайды есептеу формуласындағы Urals бағасы қазақстандық сортты KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) бағасына ауысатын болды. Сонымен қатар ашық түсті мұнай өнімдеріне экспорттық кедендік баж салығын түзету коэффициенті 0,3-тен 1-ге өзгерді. Осылайша, ашық түсті мұнай өнімдерінің ставкасы мұнай баж салығымен теңестіріледі. Қазақстан мұнайының атауы санкцияға ұшыраған ресейлік Urals-тың зардабы тимес үшін ауыстырылып отыр.

Қоғам • 23 Ақпан, 2023

Орталық Азия-Кавказ: қаржы тәуекелі

Қаржы нарығында аналитикалық зерттеулер жасаумен айналысатын S&P Global Ratings халықаралық агенттігі Еуропадағы әлсіз экономикалық перспективаны және әлемдегі тұрақсыз қаржылық ахуалды ескере отырып, биыл дамушы елдердің банк саласын аса күрделі жыл күтіп тұр деп болжайды. Бірақ Орталық Азия және Кавказ елдерінің банк секторы туындауы мүмкін сын-қатерлерге қарсы біршама орнықтылық танытпақ. Агенттік сарапшылары Армения, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан және Өзбекстан елдеріндегі жайлылық сақталады, тиісінше банктер жаңа бизнесінің көлемін еселеп, активтер сапасын арттыра бастайды деп күтеді.

Қазақстан • 23 Ақпан, 2023

Жүк тасымалын ұйымдастыру жеңілдейді

Қазақстан жүк тасымалдаушыларының ірі тапсырыс­тар қабылдауына мүмкіндігі бар. ATI.SU жүк тасымалы биржасының хабарлауынша, енді пайдаланушылар цифрлық тендерге қатыса алады. Аталған тендер аясында жүк иеленуші компаниялар конкурстық негізде ірі тапсырысты орындайтын мердігерлерді таңдайды.

Қоғам • 23 Ақпан, 2023

Өмірді сақтандыру – өзекті

Былтыр өмірді сақтандыру компанияларының (ӨСК) негізгі көрсеткіші өсім көрсетті. Саладағы компания активтері 919,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 139,9 млрд-қа немесе 17,9 пайызға жоғары. Тиісінше, тек өмірді сақтандыру саласындағы компаниялардың активі бүкіл сектордағы активтің 44,5 пайызын құрайды.

Инфографика • 20 Ақпан, 2023

Қазақстан автопаркі қартайып тұр

2022 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік автонарық көрсеткіші 2021 жылдың көрсеткішіне жақындай алмады. Былтыр бүкіл әлемде диллерлер 81 млн жаңа автокөлік сатқан, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 0,6 пайызға төмен. Қазір әлемдік автомобиль нарығының лидері атанып тұрған Қытайдың да бұл бағыттағы көрсеткіші мәз емес.

Экология • 20 Ақпан, 2023

Ауасы ең лас қала

Қоршаған ортаны қорғау – әлем алдында тұрған басты міндет. Кем дегенде 155 мемлекет өз азаматтарының ұлттық заңдарға немесе Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы сияқты халықаралық келісімдерге сәйкес саламатты ортада өмір сүруге құқығы бар еке­нін мойындайды. Осыған қарамастан, Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, барлық өлім-жітімнің 23 пайызы ауа мен судың ластануы және химиялық әсер ету сияқты экологиялық қауіптерге байланысты екен.

Қоғам • 19 Ақпан, 2023

Дабыл батырмасы жоқ көлікке жол ашық

Енді елімізге кемі бір жылға дейін SOS батырмасы орнатылмаған автокөліктер әкеліне береді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінде шешім қа­был­данды. Мұндай шешімнің қабыл­дануына Қазақстан тарапы бас­та­­машылық еткен. Осылайша, жеке автокөлікті SOS батырмасымен мін­детті жарақтандыруды қол­да­нысқа енгізу мерзімі 1 жылға ұзар­ды.