Экономика • 07 Желтоқсан, 2022
Базалық мөлшерлеме неге көтерілді?
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті 2022 жылдың 6 желтоқсанынан бастап базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейіне дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Шешім инфляциялық қысымды төмендетуге және инфляциялық күтулерді тұрақтандыруға бағытталған. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов неліктен мұндай шешім қабылданғанын түсіндіріп, қабылданған шаралар қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және экономика субъектілерінің жинақтау белсенділігін қолдауға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Экономика • 07 Желтоқсан, 2022
Қазақстанда қымбатшылық ай сайын жоғары қарқынмен өсіп жатыр. Ұлттық статистика бюросы қарашаның қорытындысы бойынша жылдық мәндегі инфляция деңгейі 19,6%-ға жетті деп мәлімдеді. Бұл – 2010 жылдан бері тіркеліп тұрған ең жоғары көрсеткіш. Жалпы, жыл басынан бері тауарлар мен қызметтер бағасы орташа алғанда 18,9%-ға артты.
Қаржы • 02 Желтоқсан, 2022
Цифрлық теңге қолданысқа енеді
Қазақстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, цифрлық теңге туралы жалған ақпараттар таралып жатыр. Бұл ретте Төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы мұндай алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады.
Бизнес • 02 Желтоқсан, 2022
Бизнесті жарылқайтын бағдарлама
Елімізде шағын, орта және ірі бизнес субъектілері үшін өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландырудың жаңа бағдарламасы іске қосылады. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібінің құрылымын одан әрі әртараптандыруға, қайта бөлудің жоғары деңгейдегі тауарларын өндіруді қолдау мен ынталандыруға, сондай-ақ ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесуге бағытталған.
Қаржы • 02 Желтоқсан, 2022
Долларға қатысты сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына байланысты қазан айында теңгенің биржалық бағамы 1 доллар үшін 465,02-479,05 теңге аралығында өзгерді. Квазимемлекеттік сектордың экспорттық түсімін сату (528,6 млн доллар) және Ұлттық қордан трансферттерді жүзеге асыру үшін шетел валютасын конвертациялау (362 млн доллар) валюта нарығындағы ұсынысқа қолдау көрсеткен. Ұлттық банк валюта нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына байланысты валюталық интервенциялар жүргізбеді.
Қоғам • 30 Қараша, 2022
Шетелдік есептегі көліктер заңдастырылады
Мемлекет шетелдік есептегі көліктерді заңдастыруға мүмкіндік берді. Әкімшілік полиция комитеті дайындаған қаулыға сәйкес, криминалдық, оң жақ рөлді, экокласы төмен автокөліктер бұл жеңілдікке ілінбейді. 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ел аумағына кіргізілген шетелдік автокөліктерді есепке қоюға қатысты өтінімдер мамандандырылған ХҚО-ларда және «Электронды үкімет» порталында қабылданады.
Қаржы • 30 Қараша, 2022
Биылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша, екінші деңгейлі банктердің жиынтық табысы 899,6 млрд теңге болды. Бұл былтырғы табыстан 25,4 млрд теңгеге аз. Табыс көлемі бойынша көш басында – Halyk Bank. Жалпы табысы – 400,6 млрд теңге, былтырдан бері 70,2 млрд теңге қосқан. Екінші орында – 256,6 млрд теңге жиған Kaspi Bank. Табысы былтырдан бері 28,4 млрд теңгеге өскен. Үштікті «Банк ЦентрКредит» қорытындылайды – 127,2 млрд теңге. Бір қызығы, былтыр осы кезеңде БЦК табысы небәрі 10,7 млрд теңге болған.
Сұхбат • 29 Қараша, 2022
Бизнеске несие беру: Кепіл саясатына қойылатын талап жеңілдетіледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл халыққа арнаған Жолдауында Үкіметке, Ұлттық банкке және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне экономиканың нақты секторына қолжетімді несие беруді қамтамасыз етуді тапсырған еді. Шыны керек, әсіресе, шағын және орта бизнестің несиені ыңғайлы әрі жеңіл талаппен ресімдеуіне жағдай жасау басты міндет болып тұр. Осы ретте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова экономикаға несие беруге байланысты негізгі сауалдарымызға жауап берді.
Экономика • 29 Қараша, 2022
Араб елдеріне қой еті экспортталады
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров пен «Al-Reef Al-Tholathy» атқарушы директоры Мұхаммед Нассер Алмукейриш Қазақстан мен Сауд Арабиясындағы азық-түлік өнімдерін өндіретін ірі компаниялардың бірімен ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Атап айтқанда, Араб кәсіпкерлерінің Қазақстанда құрылатын «Қой шаруашылығын дамыту қоры» жұмысына қатысу мүмкіндігі қарастырылды.
Қазақстан • 28 Қараша, 2022
«Жасыл» бастамаларды қолдауға мүдделі
Қазақстанның халықаралық қауымдастық алдында көміртегі бейтараптығы бойынша үлкен міндеттемесі бар екені белгілі. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың сөзіне қарағанда, бұл бағытта халықаралық серіктестермен және түрлі стейкхолдерлермен нақты жұмыс жүргізілді, барлық мүдделі тараптың пікірлері ескерілді.