Инвестиция • 08 Қазан, 2024
Жиһаз өнеркәсібіне 8 млрд теңге инвестиция
Еліміздің жиһаз өнеркәсібінің инвестициялық портфелі құны 17 млрд теңгеден асатын 9 жобаны қамтиды. Оларды іске асыру арқылы шамамен 1000-ға жуық жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы «QazIndustry» Индустрия және экспорт орталығының жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы хабарлады.
Қаржы • 08 Қазан, 2024
Сақтандыру саласының басым бағыттары
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (СТКҚ) ұйымдастырған жыл сайынғы Сақтандыру форумы өтті. Іс-шараға агенттіктің, сақтандыру нарығының өкілдері, сақтандыру саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты.
Экономика • 28 Қыркүйек, 2024
Алматыда өткен KIOGE 29-халықаралық «Мұнай және газ» көрмесі мен конференциясында еліміздің былтыр 90 млн тонна мұнай өндіргені, оның 70,5 млн тоннасы экспортталғаны айтылды. Еліміз 2030 жылға таман мұнай өндірудің жылдық деңгейін 100 млн тоннаға жеткізуді көздеп отыр.
Алматы • 25 Қыркүйек, 2024
Алматыда газ инфрақұрылымының құрылысы аяқталды
24 қыркүйекте «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбыры екінші тармағының құрылысы аяқталды. Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ ҰӘҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі Талғат Малыбаев және «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қатысты.
Экономика • 17 Қыркүйек, 2024
«Салықтың артуы компания табысының өскенін айғақтайды»
Өндіріс үдерісіне үлес қосып жатқан компанияның бірі – өнеркәсіптік сүзгілерді шығарумен айналысатын «Asiafilter». Бас директор Индира Нұрланның айтуынша, компания сапа, сервис тұрғысынан шетелдік бәсекелестерден еш кем түспейді. Осы орайда кәсіпорын басшысымен сұхбат құрып, компанияның ғана емес, осы кәсіптің нарықтағы қазіргі ахуалын зерделеп көрдік.
Өндіріс • 13 Қыркүйек, 2024
Полиэтилен өндірісінің өрісі кеңейеді
Отандық өндірістің әлеуетін арттырып, шығарылған өнімге қатысты экспорттық бағдарлауды күшейту – жергілікті өнеркәсіптің алдындағы маңызды міндет болып тұр. Әсіресе мұнай-газ саласында игерілмей жатқан мүмкіндіктер қаншама. Соның бірі де бірегейі біраздан бері айтылып жүрген полиэтилен өндірісі болатын. Биыл 11 қыркүйекте Атырау облысындағы «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында жылына 1,25 млн тонна қуаттылыққа ие полиэтилен өндіретін зауыттың бастапқы құрылыс жұмыстары басталды. Жобаның инвестициялық құны – 7,4 млрд доллар.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2024
Декларацияны «eGov» арқылы тапсыруға болады
Апта соңында кірістер мен мүлік туралы электрондық декларацияларды тапсыру мерзімі аяқталады. Мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген қызметкерлер, бюджеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайының кірісі мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 н.) «eGov.kz» порталының көмегімен ұсынуға мүмкіндік бар.
Құқық • 10 Қыркүйек, 2024
Тұтынушы құқын қорғау тәртібі өзгереді
Сауда және интеграция министрлігі «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заң жобасын дайындап жатыр. Министр Арман Шаққалиевтің айтуынша, бұл құжат нарықтағы жағдайды түбегейлі жақсартуға, әрбір азаматтың құқығын жан-жақты қорғауға бағытталған.
Сұхбат • 06 Қыркүйек, 2024
Рустам Қарағойшин: «Экономикалық лифт» кәсіпкерлерге серпін береді деп сенеміз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда шағын және орта бизнесті қолдау және агросалаға инвестиция тарту бойынша негізгі түйткілдерді айтып берді. Тиісінше, Мемлекет басшысы шешу жолдарын да ұсынды. Әрине, оны іліп алып кетіп, тиімді бастамаларға ұластыру – құзіретті мекемелердің міндеті. Осы орайда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин «Egemen Qazaqstan» тілшісі сұрақтарына жауап берді.
Экономика • 03 Қыркүйек, 2024
Орта дәлізді дамытатын 10 басымдық
Еліміз үшін Транскаспий дәлізінің дәл қазір пайдасы айтарлықтай көп емес. Бірақ бізге келешектегі мүмкіндігі маңызды. Қазірдің өзінде күн санап кеме саны өсіп, ай санап айлақтар іске қосылып жатыр. Осының өзі олжа. Дүниежүзілік банк таяуда жариялаған баяндамасында 2030 жылға таман Транскаспий дәлізі арқылы сауда айналымын 3 есе арттырудың тәсілін тізбелепті. Бізге қатысты болған соң, оқырманмен бөлісуді жөн деп таптық.