Бизнес • 13 Мамыр, 2022
2022 жылы елімізде жоғары білімі бар кәсіпкерлер үлесі 61,3 пайызды құрапты. Бұл – 2021 жылмен салыстырғанда 12,7 пайызға төмен. Solva компаниясы жүргізген арнайы зерттеуге қатысқан кәсіпкерлердің көбі бизнес жүргізу үшін білім аса қажет емес деп ойлайтындарын айтқан.
Қаржы • 11 Мамыр, 2022
Наурыз айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 2 073 өтінішін қараған. Өтініштердің басым бөлігі банк секторының үлесіне тиесілі.
Қаржы • 11 Мамыр, 2022
Банк секторындағы көрсеткіш құбылып тұр
Қазір отандық банк секторы аса күрделі болмаса да, орта деңгейлі өзгеріс алдында тұр. Олай дейтініміз – бізде қызмет көрсететін ресейлік еншілес банктердің басынан бақ тая бастады. Жалпы, елімізде дәп қазір 22 банк жұмыс істесе, соның 14-і шетелдіктердің қатысуымен жұмыс істейді. Оның ішінде 11 банк – еншілес қаржы институттары.
Экономика • 06 Мамыр, 2022
Урбанизация: Үдере көшу жақсы үрдіс емес
Қазір қалалық болу үрдісі қатты жүріп жатыр. 2021 жылы елдегі 19 млн халықтың 11,2 млн-ы қалада қоныстанса, 7,8 млн-ы ауылда қалған. 2025 жылы шаһар тұрғындарының саны 13 млн-ға жетпек. Сөйтіп, ел тұрғындарының 65 пайызы қалалық болып шыға келеді. Урбандалудың жылдам жүруі халықтың қажеттілігін, олардың өмір сүру салтын өзгертеді. Бұл өз кезегінде құндылықтардың да түрленуіне жол ашады.
Экономика • 06 Мамыр, 2022
Наурызда 12 пайызға шығып, рекордтық меже орнатқан инфляция деңгейі сәуір айында жылдық мәнде 13,2 пайызға көтерілді. Соңғы бір жылда азық-түлік тауарлары – 17,9, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 11,1 және ақылы қызметтер 8,9 пайызға қымбаттаған. Әсіресе былтырғы сәуірмен салыстырғанда жаңа піскен көкөніс, құмшекер, картоп пен құс етінің бағасы аспандай түсіпті.
Қаржы • 26 Сәуір, 2022
Сақтандыру секторының табысы өсті
Биыл жыл басынан бері отандық сақтандыру компанияларының табысы 158,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл – 2021 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 42,9 пайызға жоғары нәтиже. Ал он жыл бұрынғы көрсеткіштен 10 есе көп.
Әлем • 22 Сәуір, 2022
Әлемдік экономиканың өрісі тарылады
Халықаралық валюта қорының болжауынша, 2022 жылы инфляция күшейіп, жаһандық экономикалық өсім күрт баяулайды. Бұл туралы ХВҚ «Әлемдік экономика перспективасы» атты кезекті зерттеуінде жария етті. Қордың мәлімдеуінше, жаһан экономикасының тұсаулануына басты себеп – Украинадағы ахуал.
Экономика • 20 Сәуір, 2022
Қазақстан мұнайын экспорттаудың басты маршруты – Каспий құбыр желісі консорциумының жөндеу жұмыстарына жабылуы ел экономикасына үлкен тәуекел тудырып отыр. Ресей Қара теңізде тұрған дауыл салдарынан құбыр жарылды деп мәлімдеді. Бәлки басқа да себептері бар болар деп біздің ойымыз сан-саққа жүгіреді.
Қаржы • 19 Сәуір, 2022
Ресейлік еншілес банктерді кім сатып алады?
Қазақстанның банк секторы тағы бір елеулі өзгеріс кезеңіне таяп қалды. Әрине, сөз ресейлік еншілес банктер жайлы. Осыған дейін «Альфа банктің» акционер іздеп жатқанын, ал «Сбербанк» кредиттерін «Қазақстан халық банкінің» сатып алғанын естідік. Көп ұзамай қос банктің де сатылымға қойылғаны анықталды.
Экономика • 15 Сәуір, 2022
Басым бөлігі баға өсіміне алаңдайды
Қазақстандықтар елдің даму перспективасына қатысты негативті ойларға көбірек орын бере бастаған. Мұны Ұлттық банк жүргізген сауалдама қорытындысы көрсетіп беріп отыр. Жақында қаржылық қадағалаушы инфляциялық күтулер бойынша наурыз сауалдамасының нәтижелерін жариялады.