Қоғам • 12 Мамыр, 2021
Әлсізді қолдай беру – әділдік емес
Еңбек өнімділігі қай жерде де, қай кезде де ерекше маңызға ие. Елдің экономикалық тұрғыда шырқай жетістікке жетуі, халық әл-ауқатының жақсаруы осы еңбек өнімділігіне тікелей тәуелді. Ал еңбек өнімділігі жоғары деңгейде болу үшін нарықта еңбекке қабілетті азаматтар саны жеткілікті болуы шарт. Кәсіпорындардың адал, әділ жұмыс істеуі, мемлекеттің сондай мекемелерді бағалай білуі де ерекше маңызға ие.
Қоғам • 10 Мамыр, 2021
Коронадағдарыстың банк секторына әсері
2020 жыл отандық банк саласына айтарлықтай өзгеріс алып келді. Бір жыл ішінде банк активтері 5,3 трлн теңгеге көбейді. Биыл наурыз айында бүкіл қаржы институтының несие портфелі 15,37 трлн теңгені құраған.
Экономика • 05 Мамыр, 2021
Экономикалық өсу келесі жылы қарқын алады
Азия даму банкінің болжамынша, Қазақстан пандемиядан кейін жылдам қалпына келу үшін инновацияны дамытуға көңіл бөлуі керек. Банк елдегі экономикалық өсім биыл қалпына келеді және 2022 жылы жеделдей түседі дейді.
Бизнес • 05 Мамыр, 2021
Банктер ШОБ-ты несиелеуге құлықсыз
Шағын және орта бизнес субъектілері биыл да несие төлемін кейінге шегеру жеңілдігін пайдаланатын болды. Дегенмен бұл көмек ШОБ-тың қордаланған қаржылық проблемасын шешіп тастамайтыны да белгілі. Әрі жеңілдетілген несиені ала алмай пұшайман болып жүрген кәсіпкерлер қаншама. Екінші деңгейлі банктердің секторды қолдауға аса қатты ықылас танытпауы саладағы ахуалды сәл-пәл қиындатып тұрған жайы бар.
Технология • 04 Мамыр, 2021
Көлік саудасындағы алаяқтықты азайтады
1 сәуірден бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ел аумағында «Көлік құралдарының электронды паспорты» ұлттық жүйесін іске қосты.
Экономика • 04 Мамыр, 2021
Ипотеканы онлайн рәсімдеуге болады
Енді ел азаматтары ипотека рәсімдеуді онлайн жүзеге асыра алады. Бұл жұмыс небәрі 30 минут уақытты алады.
Экономика • 30 Сәуір, 2021
Клинингтік қызмет – табысты бизнес
Қазір бизнестің сан алуан түрі бар. Қажеттіліктердің көбеюіне қарай қоғамда түрлі сұраныс пайда бола бастайды. Соны тамыршыдай тап басып, ұсынысын заң мен бизнес қағидаларына бейімдегендер бір-бір бизнес иесі болып шыға келмек. Соңғы бірнеше жылда пайда болып, кеңінен таралып келе жатқан бизнес түрі – клинингтік қызмет.
Экономика • 26 Сәуір, 2021
ЕАЭО елдеріне экспорт көлемі өсті
Қазақстаннан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тасымалданатын тауар көлемі 9 пайызға өскен. Импорт 2 пайызға қысқарған. 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымының құны 3 млрд долларды құрапты. Бұл 2020 жылдың тап осы кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға жоғары.
Технология • 26 Сәуір, 2021
Органикалық өнімдер маркетплейсі
Қазақстанда жақын арада органикалық және табиғи өнімдерді жеткізіп берумен айналысатын GREEN BEE стартапы іске қосылмақ. Қазір экологиялық өнім өндірушілердің басын қосатын стартап мобильді қосымшасының соңғы шаруалары пысықталуда.
Оқиға • 26 Сәуір, 2021
Азаматтар «Авто кезекке» тұра алады
Автокөлік алғысы келген қазақстандықтар көңілі қалаған банк немесе көлік салонына барып, кезекке тұра алады. Алайда қызметтердің барлығы жаппай онлайнға көшіп жатқан уақытта банк бөлімшесіне барып жүрудің өзі уақыт алады. Әрі COVID-19 пандемиясының қайта асқына бастауы да адамдар көп шоғырланған жерлерден аулақ жүруді талап етеді. Осыған орай елімізде «авто кезек» онлайн қызметі іске қосылды.